Ұлттық ұлан чемпионатына қатысады

Ұлттық ұлан чемпионатына қатысады

15-17 ақпан күндері ҚР ҰҰ «Батыс» өңірлікқолбасшылығы алғаш рет қазақша күрестен жарыс ұйымдастырды. Бұл туралы қолбасшылықтың баспасөз қызметі хабарлады.  

Қазақша күрестен «Батыс» өңірлікқолбасшылығының біріншілігінде қолбасшылыққа қарасты әскери бөлімдердің әскери қызметкерлері өзара ептіліктерін сынға салды. Спорттық іс-шараның мақсаты – әскери қызметшілердің дене шынықтыру дайындығы мен спорттық шеберлігін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау. Бұлжарысқа Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Жаңаөзен және Орал қалаларынан 40-тан астам спортшы қатысып, жеті салмақ дәрежесі бойынша бақ сынасты. 

Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі Іорынды Ақтөбе қаласынан келген 6655 әскери бөлім командасы иеленсе, ІІ орынды Орал қаласындағы 5517 әскери бөлімінің командасы қанжығасына байлады. Ал Жаңаөзен қаласынан келген 5548 әскери бөлімінің спортшылары ІІІ орынды қанағат тұтты. 

Турнир жеңімпаздарына кубоктар, медальдар және бағалы сыйлықтар берілді. Жарысжеңімпаздары ағымдағы жылдың наурыз айында Семей қаласында қазақша күрестен өтетін Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан чемпионатына қатысатын болады.

Ләззат ҚАЖЫМОВА БҚО, Орал қаласы
20.02.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5217
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5376
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20341
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18976
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22440