ҰРПАҒЫМЫЗДЫ ЖАЛҒАН ТАРИХПЕН УЛАМАЙЫҚ (Абылай хан туралы шындық империя саясатымен сабақтас)

ҰРПАҒЫМЫЗДЫ ЖАЛҒАН ТАРИХПЕН УЛАМАЙЫҚ (Абылай хан туралы шындық империя саясатымен сабақтас)

Біздің тарихшыларымыз  қашанғы тоғышар, ұрда-жық, дарақы және Ресей саясатшыларына жем болар екен? Атақты философтардың «Мир настолько стал фальшив, что почти все благодарят за ложь и обижаются на правду» деген қанатты сөзі дәл біздің тағдырымызға айтылған емес пе?..

 

1 мақаламен тарихымызды 180 градусқа бұрды

Жақсылық Сабитов пен Мейірбек Жаманқұлов мырзаларға (Абылай шындығы ашылды ма? №26, 7 шілде, 2022 ж.) қысқаша жауап берсек, айтатынымыз бәріміздің илеп жүргеніміз бір терінің пұшпағы дер едім. Батпандап кірген індетті мысқалдап шығару қиын. Мен жазған тарихымыздың көкейкесті мәселелерін осы жігіттердің жазатын орны бар еді. Ал олар бұрынғыша ақиқат тарихты бүркемелеп, әлі күнге дейін Ресейдің экспанциялық саясатын қолдап жүргенін сезбейді-ау... Халқымыз бен келешек ұрпағымызды жалған тарихпен улап, қашанғы алдаймыз?  Шындықты осы кезде айтпасақ, қашан айтамыз? Империяның құрығы ұзындығы соншалық – бір мақаламен тарихымызды 180 градусқа бұрып қойып отыр. Ал соған алданып империяның саясатын қолдап жүрген соншама ғалымдары мен академиктері бар қазақ тарих ғылымына жол болсын!

Сол Шоқан атымен берілген «Абылай» атты мақаланы талдайық. «Бұл мақала Шоқандікі болуы мүмкін емес» деп, менен бұрын талай ғұламалар айтқан болатын.  Шоқанның ғылыми мұрасы тарих факультеттерінде оқытылмайды. Бұл – үлкен кемшілік. Бүгінгі таңда Шоқанның ғылыми мұрасын С.Өтениязовтан, яғни менен  артық  білетін  адам  бола  қоймас.  Мен тек  академик  Ә.Марғұланның  ғана  емес,  С.З.Зиманов, 

М.С.Тұрсынова және Б.Е.Көмековтың шә-кіртімін және сол ғалымдармен бірге жұмыс істедім. Шоқантанушылардың ішінде ең мықтысы, ең білгірі Мәриям Сүлейменқызы Тұрсынова болғанын қазіргі тарихшылар тіпті білмейді...

Жалпы қазақ елінің тарихында Абылай 1739 жылдан бері көрінеді. Және ол Қазақстанға келе сала бір жылдан соң Орта жүз басшылары мен Ресей басшыларын кездестіруді ұйымдастырды... Ресейден көп көмек алды, сондықтан көп хат жазысты. 

Енді сол шындыққа он қайнаса сорпасы қосылмайтын арандатушы, фантазия (злополучная) мақаланы (ССВ, т.1, 1961, стр. 426-430; ССВ, т.4, 1985, стр. 111-116;) талдайтын болсақ, бірінші сөйлем «Аблай – в русских летописях называемый царевичем Сибирским» деп басталады. Біздің Абылай шындығында мұндай дәрежеге жете қоймады. ХVІІ ғасырда екі Абылай болды. Бірі Әндіжанды билеген Абылай, екіншісі Сібір жақта болған жоңғар Абылай. Енді мына сөйлемдерді қарайық:

«...1723 год особенно памятен киргизам своим роковым характером (1) и сохранился в народной памяти. В этот злополучный год, сопровождавшийся глубокими снегами и гололедицей, Галдан-Церен, джунгарский хонтайши* с несметным чериком (войском) вторгается в Киргизскую степь для наказания кайсаков и бурутов (қырғыз – С.Ө.) за прежние их набеги и буйства. Преследуемые повсюду свирепыми джунгарами киргизы, подобно стадам испуганных сайгаков (или серн, по народному выражению), бегут на юг, оставляя на пути своем имущество, детей, стариков, домашний скарб и исхудалый скот, и останавливаются: Средняя орда – около Самарканда, Малая – в Хиве и Бухаре (3), а буруты – в неприступных ущельях Болора и в паническом страхе достигают до окрестностей Гиссара. Не находя в среднеазиатских песчаных степях сытных пастбищ и вступив во вражду с новыми соседями, киргизы обращаются к границам могущественной России, чтобы искать ее помощи и покровительства. (2) В это-то ужасное и кровавое время обращает на себя всеобщее внимание султан Аблай (1). Участвуя во всех набегах, сначала как рядовой воин, он показывает подвиги необыкновенной храбрости и хитрости. Полезные советы его и стратегические соображения упрочивают за ним имя мудрого. Аблай действительно перенес много испытаний и борьбы, пока значение его не возросло до того, что киргизы считали его воплотившимся духом (арвах), ниспосланным для совершения великих дел...» – деп, аса қопал және шындыққа келмейтін сөйлемдер жазылған. 

 

Кіші жүз Ақтабан шұбырындыға ұшыраған жоқ

Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама - Тарих -

1. Абылай сол кезде, яғни 1723 жылы  12 жаста болған және ол Қазақ жеріне 1739  жылы ғана келді. Ақтабан шұбырынды кезінде ол ешқандай ерлік көрсеткен жоқ.

2. Қазақтар қаншама қырылып жатса да, Ресейден көмек сұрамайды. Себебі сол Ақтабан шұбырынды қырғынын І Петр ұйымдастырып отырғанын білмеуі мүмкін емес. 

3.  Енді жоғарыдағы боялған сөйлемдерге көңіл бөліңіз. Осы сөйлемдер Левшин кітабында (167-бет) дәл осылай жазылған. Біз осыны алғаш көргенде мына арандатушы мақалаға Левшиннің қатысы бар екенін байқағанбыз. Кейінірек көзіміз анық жетті... Осы сөйлемдердегі айтылғандар шындыққа қанша қайнатсаң да жақындамайды. Себебі Кіші жүз халқы Хиуа мен Бұхараға қашқан жоқ. Тіпті Ақтабан шұбырынды оқиғасына ұшыраған жоқ. Олар Әбілқайырдың арқасында жеңімпаз болып шықты.

Сол кезде Әбілқайыр Ресейден қаптап келе жатқан орыс әскері мен қалмақ әскерін тоқтатып қана қойған жоқ, Еділден асырып қуды және қалмақтарды аямай қырды. Бұл туралы сонша материал бар. Ж. Сабитов пен М. Жаманқұлов мырзалар ең болмаса И.В.Ерофеева кітабын қараса да болар еді. (Абулхаир... А 1999. Северные походы Абулхаира. стр 127-137).

Батыс Қазақстанның Ақтабан шұбырынды оқиғасына ұшырамағанына әлі күнге дейін Сабитов пен Жаманқұлов мырзалардың сенбейтіні біздің Тарих ғылымымыздың шерменделігін жан-жақты көрсетеді.

Біздің тарихшыларымыз әлі күнге дейін жоңғардың «сүйегін жуудан» басқаны білмейді. Жоңғардың барлық шабуылы бармақпен санауға жетпейді. Ал орыстардың Батыс Қазақстанға шабуылы одан жүз есе көп. Сабитов пен Жаман-

құлов  мырзалар  ең  болмаса  Мұрат Абдировтың  еңбектерімен  таныс болса, басқаша сөйлер еді. Мысалы История казачества Казахстана...

І Петр қазақ елін түгелдей жаулап алуды ұйғарады. Жоңғарларды артиллериямен қаруландырып жəне оларға жаңа қаруды үйретуге капитан И.Унковскийді жіберіп, 1723 жылғы «Ақтабан шұбырындыны» ұйымдастырады. Батыстан казак-орыс отрядтары мен қалмақ əскерлері Қазақстанға шабуыл жасайды. Шығыстан келген жоңғарлар Түркістан қаласына дейінгі жерлерді түгел басып алып, елді азып-тоздырды. Ал батыстан баратын орыс əскерлері мен қалмақтар Түркістанға жете алмады. Себебі сақадай сай Əбілқайыр əскерлері оларды тоқтатып қана қойған жоқ, қырып салды жəне Еділден əрі қарай асырып қуды. Сол шайқастардың бірінде қалмақ ханы Аюке өлтіріледі (1724). 1723-1724 ж.ж. Əбілқайыр Теке (Қазіргі Орал, орысша Яицкий городок) қаласына бірнеше рет шабуылдайды. Осы кезде орыс-казактармен, қалмақтардың тісіне дейін қаруланған отрядтары мен қазақ əскері Утва, Самара, Шаған өзендері бойында бірнеше рет бетпе-бет келіп шайқасқа түседі, қырғын соғыстар болады. И.Тимофеев, И.Логинов, Никита Бородин бастаған казак-орыс отрядтары көп шығынға ұшырады. Орыстар жағынан 170 адам қаза тапты, көп адам жаралы болды. Көптеген жауынгерлер тұтқынға түсті... Осылай қазақ елінің басына түскен ауыр күндер Ақтабан шұбырындыға ұқсас жағдай Жайық орыс казактары мен қалмақтардың да басына түсті... 1725 ж. екі жақ тұтқындар алмастырады. 

 

Қазақты апаттан құтқарған – Əбілқайыр

хан.jpg

Ақтабан шұбырынды кезіндегі Əбілқайырдың осы бір жанкешті қимылы мен іс-əрекеті дер кезінде болды. Батыстан келе жатқан орыс пен қалмақтардың жойқын шабуылын тоқтатпағанда, қазақ елі түгелдей сол кезде орыс басқыншыларының қол астында қалатын еді. Сондықтан Әбілқайыр басқарған Кіші жүз қазақтары Ақтабан шұбырынды апатына ұшырамады. Керісінше күшті жауды уақытында тоқтатып қана қойған жоқ, сондай-ақ оларды талқандап, Батыс жақ шекараны қауіпсіздендіріп болған соң жоңғарларды талқандап, қазақ елін басқыншылардан тазартуға қызу кірісті. Сонымен І Петрдің жоспарын жүзеге асырмай сағын сындырған еді. Осы тарихи оқиға туралы И.В.Ерофеева: «...Военные походы Абулхаира в 1723-1726 гг. в улусы волжских калмыков убедительно показали, что он оказался очень способным учеником и уже через несколько лет после ухода от Аюки поражал своих сподвижников и ближайших кочевых соседей в Поволжье и на Южном Урале не только дарованной ему от бога могучей физической силой, но и исключительным воинским мастерством», – деп жазып, əділ бағасын берген еді. (3) Батыстағы шекараны бекітіп, қамсыздандырған Əбілқайыр енді жоңғарлардан Түркістанға дейінгі қазақ жерін тазартуға кіріседі. Əбілқайыр 1726 ж. Ордабасыдағы халық жиналысында қазақтың үш жүзінің əскерін басқаруға қолбасшысы болып сайланды. Бұланты өзенінің жағасындағы (1728), Аңырақайдағы (1729/30) ойраттарды талқандаған соғыстарда қолбасшылық қабілеті ерекше көрінді жəне қазақ елін тарихта бұрын-соңды болмаған үлкен катастрофадан құтқарған Әбілқайыр сынды қазақтың баласы еді...

134-бетте берілген бір эпизодтың өзі Батыс Қазақстанның сол Ақтабан шұбырынды кезінде Ресей жендеттерімен соғысып жатқаны туралы Ерофеева кітабынан үзінді берсек, біздің оқырмандарымызға көп тарихи оқиғаны аңдатар деп ойлаймыз:

«...Но в ночь на 21 августа 1724 г. большой отряд казахов, каракалпаков и башкир в количестве 757 человек во главе с батыром Есетом неожиданно совершил нападение на улус сына Доржи Назарова Лобжи, в ходе которого казахи взяли «несколько ясыря и скота», а затем возвратились «по-прежнему в домы свои» [128. Пальмов Н.Н. Этюды по истории привольжских калмыковч. ІІІ и ІV. С.257 261-262 Бакунин В.М.  Описание  калмыцских  народов. С. 42].

Получив известие о вторжении казахов в улусы Лобжи, Доржи Назаров срочно отменил свою поездку в Саратов и отправил к губернатору А. П. Волынскому гонца с просьбой о присылке к нему регулярных войск и пу»шек. Опасения влиятельного калмыцкого владельца не были беспочвенными, так как в те же дни царские чиновники получили известия, что войско наступавших казахов и каракалпаков составляло от 15 до 20 тыс. человек. Передовой отряд казахских джигитов насчитывал около 2 тыс. воинов, за ним следовали на конях еще более крупные соединения казахов и каракалпаков [129. Там же. С.257]...»

Осының бәрі жоғарыда көрсетілген, яғни Левшин жазғандай Кіші жүз халқы Ақтабан шұбырынды кезінде Бұхара мен Хиуаға барып тығылды деген сөйлемдерді жоққа шығарады. 

 

Тарих фантазиялармен жасалмайды

Левшиннің тағы бір сөйлемін қарасақ: «Власть Аблая в орде была упрочена накрепко, и Большая орда (в наших бумагах усунские волости признала также его власть» – деп жазылғаны ешқандай ақылға симайды. Абылайға 1771-79 жылдары Ресей бекіткен Орта жүз ханы болып тұрғанда оған бірде-бір арғын мен қыпшақ бағынбағанын ұмытпауымыз керек.

Мына сөйлемдегі: «В 1774 году Аблай дал, по просьбе уйсуновских старшин, для управления ими сына своего Адиля, построив ему на реке Таласе городок, который населил трудолюбивыми каракалпаками» деп жазылған фантазия да ешқандай шындыққа жақындамайды.

Абылайды Қазақ елі хан сайлады деген фантазияның соңына: «...Русский очевидец этого избрания говорит, что все собравшиеся родоначальники, подняв его на тонком белом войлоке, осыпали похвалами за храбрость и проворство и пересказывали друг другу одержанные им победы…»,  «...Ни один киргизский хан не имел такой неограниченной власти, как Аблай. Он первый предоставил своему произволу смертную казнь, что производилось прежде не иначе, как по положению народного сейма, и усмирил своеволие сильных родоначальников и султанов, которые ограничивали советом власть хана...

....Родоначальники пытались, по древнему обычаю, идти на хана войной, как в Польше ходили на короля, но были разбиты Аблаевыми «теленгутами» (рабами) и должны были подчиниться его железной воле...  с.с. тарих шындығына он қайнаса да сорпасы қосылмайтын сорақы фантазиялар жазылған қопал сөйлемдерді шындыққа қабылдап, Қазақстан Республикасының елін улап келе жатқан сабаздарға не айтуға болады? Осының бәрі біздің Тарих ғылымының дәрежесін, ой-өрісін және бейшаралығы мен шерменделігін көрсетпей ме??? 

Біз астын сызған «... но были разбиты Аблаевыми «теленгутами» (рабами)» деген сөйлемдегі Абылай Орта жүздің рубасыларын талқандамақ түгілі өз басын әрең алып шығып, оңтүстікке қашқаны тарихи шындық...

Осы Шоқан атымен берілген Левшиннің мақаласы негізінде Мәскеудің ерекше тапсырысымен В.А.Мойсеев Абылайға монография арнады. Сөйтіп, жалған фактілерді одан бетер көбейтті.  Кітабының   алғашқы   тарауында   И.Есенберлиннің  «Жанталас»  кітабы  туралы:

«Историческая трилогия И. Есенберлина изобилует неточностями, грубыми и неоправданными домыслами, искажающими историческую правду. Мы не считаем себя вправе давать оценку этому художественному произведению, это дело литературных критиков, но как историки считаем своим долгом отметить, что созданная автором картина событий, а именно взаимоотношений казахских ханств с Джунгарией и цинским Китаем, далека от действительности. Никаких контактов между Казахстаном и Китаем вплоть до середины 50-х гг. XVIII в. не было, и Джунгарское ханство никак не являлось «авангардом» Цинской империи в Центральной Азии. В течение почти ста лет оно сдерживало натиск маньчжур, проводя захватническую политику в Казахстане и Средней Азии. В книге много небрежностей, искажений, домыслов. Приведем в качестве иллюстрации лишь один абзац из второй части трилогии «Отчаяние» деп жазды. 

Алайда Мойсеевтің өзі де талай қатені әдейі Мәскеудің тапсырмасымен жазды. Мойсеев, жалпы Златкин сияқты, Жоңғар тарихының мықты маманы. Есенберлин екеуі де Кеңес Одағы идеологиясының тапсырмасымен жазған болса, егемендік кезінде Елбасының тапсырмасымен Ә.Кекілбаев Абылайды сахнаға шығарды. 

Есенберлин кітаптарына рецензияны Ғылым Академия басшылары маған да жаздырды. Сол 80-жылдар ортасында, Есенберлиннің Абылай туралы жазғандарына берген пікірлерімді қазір еске алсам, кейбіреулері мынандай. Абылай қайтыс болар алдында Бұқар жырауға «Қала салып, қазақ елін қоныстандыра алмай кетіп бара жатырмын» деп өкінеді. Сондай-ақ, «Абылай қайтыс болған соң Бұқар жырау Пугачев көтерілісіне бару үшін Батысқа бет алды» деп жазғаны шындыққа келмейді. Пугачев көтерілісі 1774 жылға дейін бітті, ал Абылай 1780 жылы қайтыс болды деп жазғандарым есімде қалды.

Айтпақшы, Абылайдың қала салдырып, қазақтарды қоныстандыра алмаған арманын Қазақстан телевизиясында талай көрсетті. Жалпы Абылай туралы фантазияларды қайталаудан біздің баспасөз бен Телевизия комитеті жалыққан емес. Алайда Әбілқайыр туралы түсірген 5-6 видеоның ешқайсысын экранға шығарған жоқ. Бір түсірілімге академик Б.Көмеков қатысып еді. Бұл біздің бейшаралық пен дәрменсіз, ұрда-жық саясатымыздың жемісі дер едім.

Қысқасын айтқанда, Абылай туралы тарихты Ресейдің айтағымен қолдан жасауда біз шарықтап кеттік. 

 

Абылай – тарихи тұлға емес, әдеби тұлға

Халқымыз бен жас ұрпағымызды жалған тарихпен алдауды доғаратын уақыт жетті. ЕНУ-дің «Вестнигіне» 2016 жылы  (Левшиннің арандатушы мақаласының негізінде) Абдильдиндердің «Валиханов и Абылай» деген мақаласы шықты. Осылардың бәрі біздің халқымыз түгілі бетке ұстар ғалымдарымыздың өзі Шоқанның ғылыми мұрасын білмейтіндігін көрсетеді. Ең болмаса Тарих факультеттерінде Шоқан шығармашылығын арнайы курс етіп бір семестр оқытса болар еді. Сонда болашақ ғалымдарымыздың қазіргі ғалымдарымыздан айырмашылығы болар еді.

Қорыта айтсақ, 30 жылдық егемендік кезеңде бір Абылай арқылы Тарих ғылымын балшыққа батырдық. Абылай туралы фантазияны Елбасы бір күні алдымызға жайып салып, «Асыра мақтаған Абылайыңның өзі фальш екен. Сонда мемлекетің қайда болады? Мемлекетті қазаққа мен құрдым» деп айтуға сәл жетпей қалған сияқты. Ол кейбір ойын ертерек білдіріп қойған себепті Путин айтып қойды да, қазақ елі көтеріліп кетіп, 550 жылдықты тойлауға амалсыз көнді... Әйтпесе ондай мереке Қазақ елінде болмайтын еді.

Құрметті ағайындар, тарихшылар, халқымызға жаны ашитын патриоттар, Ресейдің айтағына сенуді доғарып, дарақы болғанды, ұрда-жық болғанды тоқтатып, ақылға келейік. Батырларымызды түгендеп парасатты, сабырлы болып, ағымызды ақ деп, қараны қара деп, өз орнына қояйық... Көріп отырсыздар. Империя бір мақаламен қазақты ақымақ етіп улап және ғалымдарын бір-біріне «ырылдатып» қойып отыр...

Құрметті халайық! Абылайдың тарихи тұлға емес, әдеби тұлға (Литературный герой) екенін ұмытпайық. Барлық әдеби тұлғаларды шындыққа балап, тарих жасауға болмайды!

 

Самат ӨТЕНИЯЗОВ, т.ғ.к., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (Жалғасы бар)
15.07.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 104
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 104
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 622
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 740
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 652
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 661

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8796
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8197
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11424
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9178
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10410