Ұрпағымызды жалған тарихпен уламайық (Абылай хан туралы шындық империя саясатымен сабақтас)

Ұрпағымызды жалған тарихпен уламайық (Абылай хан туралы шындық империя саясатымен сабақтас)

(Соңы. Басы өткен санда) 

Егемендік жылдарында Абылайдың жолы   болды, ал Шоқанның жолы болмады

1. Біз осынау арандатушы мақаланың Шоқандікі болуы мүмкін емес деген күдікті алғаш рет оның қолжазбасы сақталмағанынан бастадық. Одан соң Левшиннің кітабындағы сөйлемдерге дәл келетін фразалар жетіп артылады.

Сабитов пен Жаманқұлов мырзалар мені «сілтеме бермедің» деп айыптап отыр. Осы Левшин Валиханов мақаласында бір де сілтеме жоқ екенін көрмегені қалай? Шоқан өзі жазғаны рас болса, талай сілтеме берер еді.

2. Қырғыз ағайындарды Левшиннің буруты деп жазғаны күдік тудырды. Шоқан болса киргиз, кара киргиз и дикокаменный киргиз деп жазды.

Жоғарыдағы біз берген цитатада: «...а буруты – в неприступных ущельях Болора и в паническом страхе достигают до окрестностей Гиссара» деп жазылғанына қараңыз.

Осы жерде шегініс жасайын, қырғыз ағайындардың осы мақала арқылы Шоқанды айыптайтынын мен 1985 жылы Фрунзедегі (Бішкек) конференцияда көрдім. Біз сол конференцияға Нұрсан Әлімбаев екеуміз Қазақстан Ғылым Академиясының атынан барып едік. Сонда Шоқанның қателерін көрсеткен Долотбек Сапаралиевті кейбір қырғыздар керемет қолпаштады. Себебі Шоқанды атарға оғы болмай жүрген қырғыздар баршылық екен...  Әрине, қырғыз ағайындар мына арандатушы мақаланы Шоқан емес, Левшин жазғанын қайдан білсін?! Олар түгілі соншама докторы мен академиктері бар Шоқанның елі де білмейді ғой... Осы жағдайлар маған өте ауыр тиді...

Сапаралиев, Дөөлөтбек Бекишович - ВикипедияДолотбек Сапаралиев – қырғыз елінің белгілі тарихшысы. Біз әлі қатынасып тұрамыз...

3. Жоғарыда біз көрсеткен: «В 1774 году Аблай дал, по просьбе уйсуновских старшин, для управления ими сына своего Адиля, построив ему на реке Таласе городок, который населил трудолюбивыми каракалпаками» деп жазылған фантазия да ешқандай шындыққа жақындамайды.  Бұл сөйлемдер шын мәнінде Левшиндікі екеніне оның кітабының 256-бетін қарасаңыз көз жеткізесіз.   

4. Қазақ ғалымдарының бәрі осы мақалаға көз жұмды деп айта алмаймыз. Кейбіреулері Шоқанның әруағын сыйлап үндемей қалды. Мысалы, Әбілсейіт Мұхтар 2009-2010  жылдардағы бір мақаласында Левшиннің талай қазақты алдап соққан әйгілі сөйлемдерін келтірді: «Как бы то ни было, в 1739 году мы находим его самым сильным из владельцев Средней орды, и русское правительство по преимуществу сносится с Аблаем и братом его, Султанбеком, потому что настоящий хан, по свидетельству всех русских, посылавшихся в орду в то время, ничего не значил» деп жазылғанын, жалған материал екенін көрсетіп, Шоқанды сыпайы болса да қатты сынады. Себебі Абылайдың өзі қазақ жеріне 1739 жылы келді. Оған дейін оны ешкім білген жоқ. Алайда келе сала Орта жүз басшыларымен Орынбор генералдарын кездестіруді ұйымдастырды. Бұл оның қазақ жеріне Ресей арқылы келгенін дәлелдейді... Келе сала қазақ елін билейтін неғылған фантазия?! Мен оған (Әбілсейітке)  баспасөз арқылы алғыс айтып, талай газетке мақала берген едім. Менің Абылай туралы қаншама мақалаларым шықпай жатқандықтан, Әбілсейітке ешқайсысы жеткен жоқ...

Айта кететін бір мәселе, ғылым докторы болса да басшылардан жасқанбай шындықты жазғанына талай адам риза болды. Әдетте докторлар мен академиктер өкіметтен марапат пен қызмет дәметіп, жалтақ болады.

5. Енді Абылайды құдайдай көретін мырзалардың  «Абылайды Ресей не үшін мақтады?» деген сұрағына жауап берейік.

1. Қазақты мұқату үшін... Ресей империясының біз туралы саясаты мынандай: «...Қазақ деген ел ыдырап жүрген сорлы ел еді. Ханы  да жоқ, қолбасшысы да жоқ, батыры да жоқ, бір-бірімен қырқысып, әркімге жем болып жүрген... Оңтүстіктен бір сарт келіп (Абылай атты) қазақ елін ажалдан құтқарды, батыры да, қолбасшысы да, ханы да болды...». Вундеркинд... Осылай әлі күнге дейін қазақтың миын улап келеді. Осы фантазияны қолпаштап жүрген – біздің ғалымдарымыз бен өкімет басшыларымыз. Жарайды, басшыларымыз Ресейге жалтақтады. Ал ғалымдарымызға шындықты айтуға не кедергі болды? 

Ресей қазақ еліне, оның ішінде Батыс Қазақстанға жасаған сонша жылғы  қиянатын қазақтарға ұмыттыру үшін, яғни өзінің қылмыстарын келешек қазақтардан жасыру үшін неше түрлі жалған тарихты кешенді түрде ойлап шығарды. Орыстар бізді әлі күнге дейін дарақы, ұрда-жық сорлы халық деп ойлайды. Қорыта айтқанда, «Соқыр тауыққа бәрі бидай» деп түсінеді. Оның нәтижесін көптен бері көріп келе жатырмыз. Бір Абылайдың мысалы осыны артығымен дәлелдейді. 

Қазақ елінің ХVІІІ ғасырдағы ерлікке толы рыцарлық дәуірін Ресей түгелдей билеп, бізге басқаша етіп көрсетіп отыр. Аталған ғасырда қазақтың қаншама батырлары мен қолбасшылары болды. Ақиқат тарихымызда Абылай солардың қатарынан орын алған жоқ... Шоқан көрсеткен қаншама батырларымыз тарихымыздан ұмытылып бара жатыр. Мысалы, Сіргелі Елшібек батыр... т.б.

 Ресей Абылайды мақтап, екі саясатын нығайтты. Ресеймен 300 жыл соғысқан батысқазақстандықтардың ерлігін келешек ұрпағына білдіртпеу. Газеттің өткен санында осы 300 жылдық соғыс қате жазылып кетіпті. 1580-1876 жылдары, яғни орыстар Сарайшықты талқандаған күннен бастап, Адай көтерілісі тапталғанға дейін 300  жыл бойы кіші жүз елі Ресей империясына қарсы соғысты. Осынау ел үшін, жер үшін болған қазақ елінің ерлікке толы жанталасқан жылдардың бірінші жартысын Мұрат Әбдиров: «...С конца XVI – начала XVIII в. начинается ожесточенная и кровополитная, длившаяся 150 лет, казахско-казачья война. С этого момента вся история взаимоотношений казахов с яицкими /Жайық өзені/ казаками заполнена взаимными набегами, враждой захватом пленных и угоном скота. Борьба шла не на жизнь, а на смерть, с переменным успехом, и в этой борьбе не было ни победителей, ни побежденных, никто не хотел уступать. (История казачества Казахстана. – А., 1994. – 44 и 45 стр.)» деп жазған болса, қазақ елінің басына түскен соншама ауыртпалық туралы: «...Многострадальная казахская земля обильно полита кровью наших предков, отстаивших право на мирную жизнь на древней, исконно своей территории...»  деп, жан-жақты анықтамасын берген болатын. 

Ал екінші 150 жылдық (XVIII бен XIX ғасырлар) аса қиын кезең туралы Х.Досмұхамедов: «...Осы екі ғасырдағы патша өкіметінің жұмысы қазақты əбден бағындырып алып, қазақты көпір қылып Азияға аттау болды. Қазақтың амалы таптайын деп тұрған патша өкіметінен құтылу болды. Дəуірлеп келе жатқан орыс байларының капиталымен жауласам деп, кіші жүздің жүз жарым жылдай тарихы қанмен жазылғандай болды.»(3) деп толық бейнесін берген еді.  

Осы кіші жүз қазақтары мен орыс казактары арасындағы қырғын соғысты М.Əбдіров: «...Они были хорошо вооружены и обучены, прекрасно организованы, дициплинированы, обладали громадным опытом борьбы с покоренными народами. Вот с такими отборными воинскими отрядами 300 лет воевали казахи за свою свободу и независимость, отстаивая родную землю...» (4) деп баяндады.

Осынау ерлікке толы қырғын соғыс заманның 48 жылын Әбілхайыр хан басқарғанын мақтанышпен айтудың орнына біздің өкімет жасырып келе жатыр.

Қазақ еліне толассыз шабуыл жасаған орыс казактардың жауыздығы мен зұлымдығы туралы орыс тарихшылары да көптеп жазды.  Мысалы, тарихшы А.Рябинин: «...У яицких казаков был один смертельный враг, это – киргизы (т.е. казахи). Они были «враги неутомимые, настойчивые, не знавшие ни страха, ни усталости. Яицкие казаки вели против них войну настоящую и ожесточенную» (Уральское казачье войско. Ч. І-ІІ. – СПб., 1866. - стр. 28) деп жазғаны «қазақтардан басқаның бəрін тізе бүктірдік, енді тек қазақтарды бағындыру ғана қалып тұр» деп жазып, қаншама қазақ ауылдарын  түгелдей аямай, жауыздық пен қатыгездіктің неше түрін көрсетіп қырып жібергенін баяндайды... 

А.Карпов кітабында: «...Раз это киргиз – то враг, заклятый враг и все, что носило на себе киргизский облик, все уничтожалось, билось казаками на смерть, целые аулы, старцы, жены – все истреблялось; убивались дети и грудные младенцы, – «вырастут – укусят!» говорили казаки и поднимали их на копья. Истреблять басурманина – такова была миссия казака того времени, миссия, освященная церковью» (Уральцы. Ч.1. – Уральск, 1911. - стр. 320, 324, 332-33, 406) деп, неше түрлі зұлымдықтарды жазды...  Қазақ ауылдарын шапқанда  жүкті әйелдердің қарнын  жарып, ішіндегі шарананы найзаға түйреп көтерген жауыздықтары фашистерден асып түсті...

Ресей өзінің қылмыстарын жасырып, барлық жаланы жоңғарға жауып, қазақтарды алдап келе жатыр. Жоңғарлардың барлық шабуылы бармақпен санарлық болса, орыстардың қазаққа шабуылы жүз есе көп. Ресеймен өмір бойы соғысқан Әбілқайырдың өзін «бодандық сұратып» қазақ елінің алдында сатқын етіп көрсетіп отырғанын әлі күнге дейін ғалымсымақтарымыз бен басшыларымыз қолдап отырғаны шындық.

Ең жаманы халқымыздың жалған тарихын бетке ұстаған Ресей саясатының Қазақстанға деген экспанциясы күннен-күнге күшейіп келеді.

Сабитов, Жаманқұловтар – жас жігіттер. Ал біз халқымыздың басындағы жалған тарихпен күресіп шашымызды ағарттық. Қазақ тарих ғылымы балшыққа батып тұрса да, ішінде ғылым батырлары бар екенін ұмытпаңдар деп айтар едім. Тек үш батырымыз туралы ғана айтайын, басқаларын кейін айтамын.        1. М. С. Тұрсынова  – Шоқанның ғылыми мұрасын зерттеуге және басып шығаруға көп еңбек сіңірген ғалым. (Қазақ-орыс қатынасы тарихындағы белгілі ғалым, «Казахи Мангышлака ХІХ века» Алматы, 1975 г.) атты кітаптың авторы. 2. Б. Е. Көмеков. Оның Араб тіліндегі деректер арқылы Қимак мемлекеті тарихына арналған диссертациясын (1973) Ленинградтағы Шығыстанудың майталмандары бірауыздан докторлыққа бағалады. 3. М.Ж.Абдиров. Оның Орыс-қазақ қатынасы тарихына арналған зерттеулеріне (1994) Мемлекеттік сыйлық берсе де аздық етеді... Осының бәрі менің не айтқым келіп отырғанынан түсінік беретін шығар. Жалпы халық қай заманда да өз батырларын біле бермейді.

ТМД бойынша докторы мен академигі ең көп ел – Қазақстан. Соған қарамастан, біздің тарих ғылымы көрші елдермен салыстырғанда әлдеқайда артта қалды. Демек диссертация – ғылым емес, диплом – білім емес.

Сіздер, Сабитов, Жаманқұлов мырзалар, Абылайға шын жанашыр болсаңыздар, МИКХ (Материалы по истории Казахской ханства. А., 1969 г.) атты кітапты мұқият қараңыз. Сонда Абылайдың Қазақ хандарының ұрпағы екеніне күдіктеніп қаласыздар. Біз талай нәрсені білсек те, үндемей жүрміз. Себебі қазақ елінің тарихын орыс ағайындар бұрмалағаны соншалық – Шоқанның атымен берген Левшиннің арандатушы мақаласы туралы жазғандарымды мен орыс газет-журналдарына бергенімде жарқыратып басатын еді. Бермеген себебім біздің елдегі басқа ұлт өкілдеріне таба болудан жасқандым. Ал қазақ баспасөзіне бергендерімді шығармай ұстап отырғандарын өздеріңіз білесіздер... Осының бәрі сіздерді ойландырса керек... 

Абылай – тарихи тұлға емес, қолдан жасаған фантазиялық тұлға. Ол негізінде әдеби тұлға, сол күйінде жылы қалпында әдеби бейнесін қалдырса болар еді.

Абылай туралы біз талқылаған арандатушы Левшиннің мақаласы Генрих Гейненің және оның Қазақстандағы талантты шәкірті әрі ізбасары Шоқан Уәлихановтың сөзімен айтқанда «Сплошной гной»  екенін бүгінгі ұрпағымызға жеткізуге міндеттіміз. Себебі оның фантазияларының бірде-бір тарихи фактілері шындыққа жақындамайтыны дәлел.

Егемендік алған  30 жыл ішінде Абылайдың жолы болды, ал ұлы ғалым Шоқанның жолы болмады. Шоқанның есімін алға салып, талай пысықтар өкіметтен жобамен миллиондаған қаражат алды да, май шелпекке батты. Ал ұлы ғалымның аса қажетті төрт зерттеуі егемендік кезде жарыққа шықпай қалды... Гуманитарлық ғылым мен Шоқан мұраларына одан артық қандай қиянат керек?..

Самат ӨТЕНИЯЗОВ, т.ғ.к., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
26.07.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 104
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 104
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 622
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 740
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 652
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 661

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8796
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8197
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11424
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9178
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10410