Ұстазды ұлықтау

Ұстазды ұлықтау

13 қараша күні Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында Сапиолла Молдағалиұлы Жакеевтің 90 жылдық мерейтойына арналған еске алу концерті өтті.

Оның есімі 60-90 жылдардағы Қазақстанның виолончель өнерінің тарихымен ғана байланысты емес, сонымен бірге сол жылы ашылған жаңа оқу орны – Ахмет Жұбанов атындағы республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының дүниеге келуімен де байланысты.

Сапиолла Жакеев 1931 жылы 14 қарашада Орал облысы, Теректі ауданы, Социализм колхозында дүниеге келген. 1941 жылы Орал қаласындағы музыка мектеп-интернатының тамаша музыканты Алексей Борисович Брокмиллердің виолончель сыныбына оқуға түседі. Алексей Борисовичтің ерекше еңбегі С. М. Жакеевтің орындаушылық және педагогикалық негізінің дұрыс қалыптасуына көмектесті.  1954 жылы Сапиолла Молдағалиұлы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясына оқуға түседі. Қазақстанның виолончель мектебінің қалыптасуына септігін тигізген  атақты педагог Валентин Дмитриевич Панкратовтың сыныбында оқиды. Консерваторияда оқып жүрген кезінде белсенді студент болып, 1959 жылы оқуды үздік аяқтайды. Консерваторияны бітіргеннен кейін  Н. Сац атындағы ТЮЗ оркестрінде, Қазақ мемлекеттік филармониясының бірінші ішекті аспаптар квартетінде, Қазақ КСР Мемлекеттік симфониялық оркестрінің концертмейстері ретінде, Күләш Байсейітова атындағы республикалық музыкалық мектепте педагог ретінде қызмет етеді.

1964 жылы академик Ахмет Жұбановтың бастамасымен Алматыда Қазақстанның шалғай ауылдарынан келген балаларға арналған республикалық музыка мектеп-интернаты ашылады. Мектептің алғашқы директоры Түркістан Мақсұлұлы Өзбеков жаңадан ашылған арнайы  мектепке ең үздік деген мұғалімдерді шақыра бастайды. Солардың қатарында ең біріншілердің бірі болып Сапиолла Молдағалиұлы Жакеевті жұмысқа шақырады. Қазақстандағы классикалық музыкалық аспаптардың ұлттық мектептерінің негізін салушы Т. М.Өзбеков, И. С. Садулов, С. М. Жакеев,Т. Г. Ткишев,В. Г. Карпов, И. Б. Коган, Ф. Д. Мавриди, У. Н. Нүсіпов сияқты алғашқы педагог-музыканттар қандай қиындықтарға тап болғанын атап өткен жөн. Қарапайым жұмысшылар мен ауылдық отбасыларда өскен балалардың көпшілігі скрипка, фортепиано, виолончель, гобой, фагот, кларнет, валторна сияқты аспаптарды ешқашан көрмеген, тіпті атын да естімеген. Сондықтан оларға өздері білмейтін аспапта орындауға үйретіп, мектептің негізінің мықты қалыптасуына ерен еңбек сіңірген алғашқы ұстаздардың рөлі баға жетпес. Балаларға арналған концерттер ұйымдастырылды, оқушылар симфониялық оркестрлердің концерттеріне, опера театрларына барды. Виолончель, контрабас және арфа бөлімін осы кезеңде Сапиолла Молдағалиұлы Жакеев басқарды және бірнеше жылдан кейін бұл бөлім тек мектептің концерттерінде ғана емес, республикадағы көптеген мерекелік концерттерде де өнер көрсете бастады. Жұбанов мектебінің виолончелистер ансамблінсіз бірде-бір үкіметтік концерт немесе шетелдік делегацияның кездесуі өтпейтін болды. 20 жыл бойы бөлім меңгерушісі болып жұмыс істей отырып, С. М. Жакеев айналасындағы әріптестері:  Е. Н. Луценко, Н. Я. Давыдов, А. А. Винтерголлер, Ю. В. Гусев, М. Н.Иванова, Л. Ш. Хазиахметова, К. К. Нарбеков, К. С. Андарбаев, А. Е. Құлжанова , А. А. Джулмухамедова арасында ұжымды біріктіре алды. Өзінің 40 жылдық педагогикалық қызметінің арқасында Күләш Байсейітова мен Ахмет Жұбанов атындағы республикалық мектептерде жиырмадан астам түлекті тәрбиелеп шығарды: Кенжебай Андарбаев, Әнуаржан Райымжанов, Кеулімжай Ботабаев және Мақсат Закиров өздерін беделді басшы ретінде көрсете білді. Нұрлан Далбаев, Айжан Құлжанова, Мұхаммед Буенбаев, Нұрлан Бекназаров, Әсел Жылқышинова – өз мұғалімдерінің ісін жалғастырып, өздері де мұғалімдік қызмет атқаруда. Ернар Мыңтаев, Мұса Керімбаев – республикаға танымал музыканттар. Айман Исмаилова, Амангүл Нүсіпова, Қарлығаш Хамитова – симфониялық оркестр әртістері.

Өзінің педагогикалық қызметі үшін Сапиолла Молдағалиұлы Жакеев «Құрмет» орденімен, «Қазақ КСР Халық ағарту ісінің үздігі», «КСРО Ағарту ісінің үздігі», «КСРО Еңбек ардагері» атақтарымен марапатталды. 2011 жылдың қараша айында А.Жұбанов атындағы дарынды далаларға арналған РҚМММИ-де Сапиолла Молдағалиұлы жұмыс істеген сыныптың жанында мектеп әкімшілігі мен оқушылардың бастамасымен Жакеев Сапиолла Молдағалиұлына ескерткіш тақта ашылды. Оның есімі Қазақстанның музыкалық мәдениеті мен білім беру тарихында мәңгі бақи жазылып қалды.

 

Керімбаев Мұса Қуанышбекұлы, ҚР мәдениет саласының үздігі, халықаралық конкурстардың лауреаты, Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған РҚМММИ ішекті аспаптар бөлімінің ұстазы
16.11.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 94
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 104
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 199
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 199
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 336
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 339
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 566
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 513

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9215
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8611
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11837
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9607
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10819