Вакцинаға күдікпен емес, үмітпен қара!

Вакцинаға күдікпен емес, үмітпен қара!

Бұл сауалға Рүстем Ашетаев есімді азамат төмендегідей пікір білдіріпті. Қазіргідей коронавирус індеті өршіп тұрған тұста, сол кісінің пікірін келтіруді жөн санадым. 

Сонымен Ришат Ашатаев: «Сонау 2012-і жылы БҰҰ деңгейінде: «Планетамыз қанша адамды асырай алады?» – деген сұрақ бойынша 62 зерттеудің нәтижелері жария етілген. Сол кездері сарапшылар: «Планетаның ең артық саны 10,24 млрд халықтан аспау керек», – деген дерек келтірген. Әлемде қазір адам саны 8 млрд-тан асып кетті. Планеталық деңгейде технологиялық және экологиялық жүйеміз ешқандай бірізділікке түспеген қазіргі жағдайда, 8 млрд халық – «планетаның барлық мүмкіндігінің шегі» деген сөз. Бұл мәселені шешу бойынша ұсынылған нұсқалардың ішінде «Өзге планеталарды игеріп, сол жаққа халықты қоныстандыру», «Туу санын шектеу», «Үлкен глобальды соғыс ашу», тағы бір жолы – жасанды жолмен індеттер тарату арқылы халық санын шектеу деген ұсыныстар бар. Біз қазір сол бағыттағы жұмыстардың «нәтижелерін» көріп отырмыз.

Халық санын азайту керек деген ұсыныс бойынша, маған салса, мен былай істер едім. 

1. Бір-біріне ұқсас екі түрлі вирус ойлап табамын. Біреуі әлсіздеу. Екіншісі өте күшті.

2. Алдымен әлсіздеу вирусты әлемге таратып біраз әбігерге салып, үрей туындатамын.

3. Өзіме планетаны ары қарай ұстап қалуға керек өркениеттерге  (елдерге), бұдан кейін таратылатын ең күшті вирусқа қарсы вакциналарды салдырамын.

Өзге дамушы елдердің ресурсын игеру үшін, ол елдерде ең алдымен мұғалім, әскер, ғалымдар сияқты мамандық иелерін сақтап қалу үшін, сондай қызметшілердің толықтай вакцинаны алуларын қамтамасыз етемін.

4. Өзіме керек емес мемлекеттер мен төменгі тап өкілдеріне арнайы вакцинаға қарсы ақпараттар таратып, планетаға керек емес халықтың алғашқы вакцинаны салдырмауы үшін барлық ақпараттық қолдауымды жасаймын. Сол арқылы ешкімге керек емес, кім-көрінген істей алатын қызмет түрлерімен айналысатын (такси, аспазшы, саудагер, т.т.) сауатсыз адамдардың вакцинаны салдырмауларының жолын жасаймын.

5. Өзіме керек елдердің 80 пайызы вакцина салдырып болғанда, әлемге ең күшті екінші вирусты таратамын.

6. Вакцина алмаған халықтар қырылып бастап, барлығы жапа-тармағай вакцина салдыруға «жүгіргенде», оларға әлсіз ғана пайдасы бар екінші вакцинаны тарата бастаймын. Бірақ, оның оларды сақтап қалуы уақытша ғана болады.

7. Планетадағы халық саны 2-3 млрд-қа азайғанда, індетке қарсы дәріні қолданысқа жіберіп, қалыпты жағдайға көшіремін. Рас, менің қателесуім мүмкін. Бірақ, екі жылға жуықтаған мына індетке байланысты жайттарды саралай келе, осындай тұжырымға келіп отырмын. Өйткені, өркениетті елдердің вакцинациялану статистикасын қараңыздаршы! Дамыған, өркениетті елдердің барлығы дерлік 60-70 пайыз салдырып болды. Тек біз сияқты «дамушы» үшінші таптағы елдердің көрсеткіші өте төмен.

   Сондықтан, ағайындар! Вакцинаның алғашқы партиясы таусылмай жатып салдырып алуды ұсынамын. Қазақ ұлтын мына аласапыраннан сақтап қалатын әзірге бір ғана жол – ертерек вакцинациялану! Басқа балама жол жоқ!

Сонда қандай вакцинаны салдырған жөн? Меніңше, қазіргі вакциналардың ешқайсысы да жаман емес, Ресейдің «Спутнигі» де алдыңғы қатарлы вакциналардың қатарында деп ойлаймын. Өйткені, бұл індеттің алдыңғы «аталарын» 60-70-і жылдары КСРО кезінде әбден зерттеп тастаған. Кеңес билігінің вирусология, биологиялық қарулар мен олардан қорғану салалары әлемнің ең алдыңғы қатарлы институттарының бірі болған. Оларда сол заманнан жеткен зерттеулер мен тәжірибелердің құжаттары кез келген уақытта пайдаға жарату үшін сақтаулы. Сондықтан, орыстарға коронавирустың мына түрінің вакцинасын аз ғана зерттеулерден кейін-ақ жасап шығару қиындық тудырмаған болса керек. Сосын, бұл вакциналардың түрлерін КСРО кезінде адамдарға әбден сынақтан өткізіп барып қойғанына шек келтірмеймін.  Оның үстіне, Ресейді ұнатпаймын деп, оның ғылыми күш-қуатын жоққа шығара салу сауатсыздық дер едім. Керісінше, орыстардың осы вакцинасының сапасы өзгелерден көш ілгері тұр деседе сенуге әзірмін. Өйткені, батыспен қырғи-қабақ болып отырған Ресейдің өзгелерге өз потенциалын мойындатқысы келгендіктен, вакциналарын барынша сапалы жасап шыққан деуге ден қоямын. Рас, әркімнің өз пайымы,  өз ойы бар, мен де өз пікірімді ортаға салуды жөн көрдім. Менікі де барлық ел-жұртымыз сияқы жалғыз мақсат, ол – қазақ ұлтын мына ушығып тұрған індеттен аман алып қалуға тамшыдай болса да үлесімді қосып, мәселеге тереңірек үңілуге ой салу. Менің ойымды қабылдау-қабылдамау әркімнің өз құзырындағы шаруа. Не де болса, індеттен айығып, бұрынғы бейбіт тіршілігімізге тезірек оралсақ болғаны», – деп жазады. 

Ермек Сахариев
21.10.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 114
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 127
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 218
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 218
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 355
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 355
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 586
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 529

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9235
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8631
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11857
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9628
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10840