ВАНДАЛИЗМГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЮДЕ

ВАНДАЛИЗМГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЮДЕ

Елордада вандализм әрекеттері мен қоғамдық тәртіпті бұзушылықтарға қарсы жүйелі күрес жүргізілуде. Кезекті тәртіп бұзушыларды полицейлер анықтап, жазалады.

Байқоңыр ауданындағы Уәлиханов көшесінде белгісіз адамдар аялдама павильонының терезесін сындырған. Тексеру барысында күдікті анықталды, ол – 37 жастағы ер адам. Оның мас күйінде қала мүлкін әдейі бүлдіргені белгілі болды. Сот шешімімен құқық бұзушы 10 тәулікке қамауға алынды. Жыл басынан бері 160 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 93-і қамауға алынып, 67 адамға жалпы сомасы 10 466 780 теңге айыппұл салынды.

Айта кетейік, қала мүлкін бүлдіргені үшін заң бойынша жауапкершілік қарастырылған. Аялдамаларды, орындықтарды, шағын сәулет нысандарын және басқа да инфрақұрылым нысандарын зақымдау қалаға шығын келтіріп қана қоймай, тұрғындардың жайлы өміріне кедергі жасайды.

Өткен жылдан бері Астанада «Стоп, вандал!» акциясы аясында профилактикалық жұмыс жүргізіліп келеді. Бұл бастаманы еріктілер, белсенділер, танымал спортшылар және қала тұрғындары қолдады. Акцияның мақсаты – вандализмнің кез келген көрінісіне жол бермеу және елордада тазалық пен тәртіпті сақтау.

«Заң және тәртіп» қағидаты аясында қалалық полиция прокуратурамен бірлесе отырып вандализмге қарсы белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру 60 АЕК-ке дейінгі айыппұлмен не 30 тәулікке дейінгі қамаумен жазаланады.

 

НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК
31.08.2025

Ұқсас жаңалықтар

«АРЫҚ СӨЙЛЕП,  СЕМІЗ ШЫҚ!»
Аманкелді ЖҰМАШҰЛЫ, Алматы – Ақтөбе – Қандыағаш – Жем - 31.08.2025 75
Көтердім 51 пұт кірдін тасын
Б.МЕРГЕНБАЕВ, «Аманат» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі - 31.08.2025 98

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 17062
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 16904
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 32094
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 30689
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 34325