ВЕТЕРИНАРИЯ САЛАСЫНДА КЕМШІЛІККЕ ЖОЛ БЕРГЕНДЕРГЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

 ВЕТЕРИНАРИЯ САЛАСЫНДА КЕМШІЛІККЕ ЖОЛ БЕРГЕНДЕРГЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ
Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков жетекшілік ететін салалары бойынша берілген тапсырмалардың орындалуын бақылау үшін арнайы мәжіліс өткізді.
Мәжіліс барысында ауыл шаруашылығы жануарларын статистика және бірдейлендіру базасымен (ИСЖ) салыстыру, жалпы мал басын анықтау үшін жүргізілген аралау нәтижесі баяндалды. 2023-2024 жылдары аралығында мемлекет тарапынан субсидия алған шаруа қожалықтарының иелігіндегі мал санын бірдейлендіру базасымен салыстырып талдау нәтижесінде бірқатар кемшілік анықталған. Бұл жөнінде облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес құрылған жұмысшы топ жетекшілері есеп берді. Бүгінге дейін облыста 7 аудан-қалалардағы жағдай зерделеген.
Түркістан облыстық аумақтық инспекциясы тарапынан Ветеринария басқармасының орталық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын филиалдарына жүргізген талдау және жоспарлы тексеріс нәтижесімен Ордабасы аудандық филиалында кәсіпорын басшысына және Бадам, Қараспан, Қажымұхан, Бөржар, Шұбар, Төрткүл ауылдық округтерінің ветеринариялық бекет меңгерушілеріне; Отырар аудандық филиалының эпизоотолог маманына, Көксарай, Маяқұм, Қарғалы, Темір, Талапты, Қоғам ауылдық округтерінің ветеринариялық бекет меңгерушілеріне; Арыс қалалық филиалы бойынша Сырдария е/м, Қожатоғай, Ақдала, Монтайтас, Жиделі, Дермене, Байырқұм ауылдық округтері мен Арыс қаласы ветеринариялық бекет меңгерушілеріне айыппұл салынған.
Облыс әкімінің орынбасары тексеру барысында заң талаптарын қатаң сақтауды ескертті.
– Статистикалық көрсеткіш пен ауыл шаруашылығы дерекқор базасының және ауыл округі әкімдіктеріндегі ауыл шаруашылығы жануарларын тіркеу туралы шаруашылық кітапшасының көрсеткіштерін сәйкестендіру жүйелі түрде тексеріледі. Мал қозғалысын тіркеудің маңыздылығын шаруалар түсінеді деп білемін. Ол тек көрсеткіш үшін ғана емес, қауіпсіздік үшін қажет, – деді Нұрбол Тұрашбеков.
Жалпы, 2024 жылы үй жануарларына жоспарланған профилактикалық және диагностикалық шаралар мерзімінде атқарылған. 2025 жылы 10 түрлі ауруға қарсы екпе егу көзделіп отыр.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
07.01.2025

Ұқсас жаңалықтар

ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 1309
Жамбыл ауданы:  Жерге – тыныс, елге – ырыс
Дариха ҮМБЕТИЯРОВА, журналист Жамбыл облысы Жамбыл ауданы - 20.12.2024 1697
«Ауыл аманаты – ел аманаты»
Марат ҚҰЛИБАЕВ, Тараз қаласы - 20.12.2024 1704
Талас ауданы:  Ілкімді жобаның  игілігін көргендер
Нұрболат АМАНБЕК, Жамбыл облысы Талас ауданы - 20.12.2024 1697
Тоғыз жолдың торабындағы  Шу елінің ықыласы
НұрболатАМАНБЕК, Жамбыл облысы - 20.12.2024 1707
Жуалы ауданы:   Бағдарлама  аясында  5,1 млрд  теңге  игерілді
Нұржан МАНАСҰЛЫ, Журналист, Жамбыл облысы Жуалы ауданы - 20.12.2024 1486

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 12548
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 11453
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 14689
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 13640
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 18658