ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ
Құрметті аудан тұрғындары!
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Жамбыл облыстық филиалы осы жылдың 08 тамызынан бастап "Меркі-Бурылбайтал" бағытындағы автомобиль жолына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты, аталған автомобиль жолының 97 шақырымындағы темір жол арқылы өтетін жол өтпесі, яғни Шу қаласынан Қант зауыты мөлтек ауданына барар жолдағы көпір (Горбатый мост) уақытша жабылатынын хабарлайды. "ҚазАвтоЖол" ҮК АҚ Жамбыл облыстық филиалының мәліметіне сәйкес көпірдің құрылыс жұмыстары шамамен 3 айға созылуы мүмкін.
Темір жол арқылы өтетін көпірдің (Горбатый мост) жабылуына орай, аталған бағыттағы көлік құралдарының қозғалысы 2 бағыт бойынша айналма жол арқылы жүзеге асырылатын болады.
1 – Шу қаласы, Тоғай мөлтек ауданындағы темір жол өткелі арқылы
2 – “Меркі-Шу-Бурылбайтал” айналма жолы арқылы.
Жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз!!!
Шу ауданы әкімдігі
06.08.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5050
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5214
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20175
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18819
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22273