Халықтың мұң-мұқтажын жеткізер тұлғаларға зәруміз

Халықтың мұң-мұқтажын жеткізер тұлғаларға зәруміз

2 қаңтарда газдың қымбаттауына байланысты Маңғыстау түбегінде басталған бейбіт шеру Алматыда жалғасты. Алайда бейбіт шерудің арты қанды қырғынға ұласқаны ел басында жүргендерге де, зиялы қауымға да абырой әкелмегені анық! Қазір уақиғаны қаншама саясаттанушылар, сарапшылар талдап, тарқатып айтып жатыр. Яғни оларды да түсінуге болады. Кейбіреулері Тоқаевқа тым асыра жалпақтап та жатыр. «Тоқаев көреген басшы» дегендей. Кезінде сондайлардың қолымен Назарбаевтан «тірі Құдай» жасалып еді. 

Осыдан кейін менде сұрақ туды. Елдің басына ауыр күндер туғанда халқына қамқор болатын тұлғалар деп кімдерді айтамыз? Мысалы, біз үшін кезінде 1975 жылдан 1990 жылға шейін саясатта Қонаевтан басқа есімді білмейтін едік. Алматыда құрылысшылар жатақханасында тұрған кезімізде, ақын Олжас Сүлейменовтің есіміне қанық бола бастадық. Ол ағамыз туралы небір аңызға бергісіз әңгімелер естіп, мақтаныш тұттық.

І.Есенберлиннің «Көшпенділерін» де сол жатақханада қолдан-қолға тигізбей оқушы едік. Ш.Мұртаза ағамыздың «Қызыл Жебе» романы да көп оқылды. Жұбан Молдағалиевтың «Мен – қазақпын» деген толғауын жатқа айтатын жастар да болды. Кейін, Мұхтар Шахановтың шығармаларын да ұнаттық. 

Біздер әдебиетте, саясатта осындай ағаларымызға еліктеп өстік. Спортта, Шоқыр Бөлтекұлы, Әбдісалан Нұрмұханов, Әбілсейіт Айханов, Әмин Тұяқов, Тимур Сегізбаев, т.б. ағаларымыздың шеберліктеріне тәнті болған ұрпақпыз. 

Қазақияның түпкір-түпкірінен келген жастар әлбетте бір-бірінің ауылдарына қонаққа баратын. Сонда үлкендер облыс басшысы болған Еркін Әуелбеков ағамыздың атын жиі айтатын. «Қонаевтан кейін сол басқарады» дейтін шалдар. Ол заманда бірінші басшыдан өзгелері газет беттерінде көп насихатталмайтын. Ж.Тәшенов туралы да қарттар өте жақсы пікірлер айтып отырушы еді.

Ағаларға деген сүйіспеншілігіміз 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінен соң суи бастады. Сөздерін тыңдап, оқып жүрсек те, бұрынғыдай шексіз беріліп, еліктеген жоқпыз.

«Берілген» сөзін айтып отырған себебім, егерде сол ағаларымыз бізді бастап шығар болса, жолында өліп кетуге бар едік. Одан кейін де талай-талай тарихи оқиғалар болды. Біздің сенген ағаларымыз біз армандаған биіктерден көріне алмады.

Биыл Жаңаөзен халқы қайтадан көшеге шыққанда, қатты алаңдап отырдық. Сол жақта тұратын жолдас жігіттерден үнемі хабар алып тұрдық. Басында билік ұрда-жық әдетіне басып, өктем басып тастауға тырысты. «Аузы күйген үрлеп ішеді» демекші, бұл жолы түбек халқы асқан ұстамдылық көрсетті. 

Халқын алаңға шақырған азаматтар да, шерулерге бара бермейтін жергілікті зиялы қауым да осы жолы биіктерден көріне алғандары сүйсінтті. Әсіресе, соңғы жылдары елдің аузында жүрген белгілі ірі шайыр Светқали Нұржанның (Айт-Ман) Ақтау қаласында сөйлеген сөздері ел ішінде кең қолдау тапты. Кейіннен тарамай тұрған Жаңаөзенде де сөйлеген жалынды, жүрекжарды сөздерін шеруге шыққан көпшіліктің қалай қабылдағанын көрдік. Қиын-қыстау кезеңде елінің алдына шығып қана қоймай, сол жиылған әлеуметке сөздерін өткізе алатын тұлғалар некен-саяқ екені де даусыз. Құдайға шүкір, Айт-Ман өзінің елі үшін суға да, отқа да түсе алатын нағыз тұлға екенін көрсетті. Еліне демеу беріп қана қоймай, арандатушылардың тұзағынан сақтап қалуға зор үлес қосты. Алла разы болсын!

Маңғыстаудың өр халқының мұң-мұқтажын билікке мәймөңкелемей айта алатын тұлғалы шыншыл азаматтары бар екеніне көзіміз жетті. Жақтырсын, жақтырмасын, елінің датын айтқандардың сөздеріне құлақ асатын биліктері де қалыптасқан екен. Аллаға мың шүкір! Маңғыстау облысының әкімі Н.Ноғаев ініміз де сөздерін дұрыс тыңдамаса да, халықтың арасында болды. Алматы әкімі сияқты тығылып алып, тасадан оқ атқан жоқ! Сонысымен сыйлы!

Президент Тоқаевтың тапсырмасымен «ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА» деген қор құрылды. Қордың мүшелерінің көпшілігі қазақ тілінен жұрдай азаматтар екенін оқып отырмыз. Сонда қалай? Басқа тілде сөйлеп, ойлайтындар қазақтың жастарының нақақтан-нақақ төгілген қанына байланысты пайда болған қорды басқара ма? Түсініксіз! Қордың қамқоршылық кеңесі құрамына білімді, басшы қызметтерде де болған Мәжілістің қос депутаты Еділ Жаңбыршин мен Самат Мұсабаев сынды азаматтар неге тартылмады екен? Тағы да қазақ тілі шет қалайын деп тұр емес пе? Осындай саяси маңызы бар іске сол Айт-Манның өзін де тартып, мүшесі қылса да болар еді ғой. 

Біздің билік елдің арасындағы айтылып жүрген сөздерге аса мән бермейтіні анық. Елдің сөздеріне уақытылы құлақ қойып отырса, әлеуметтік толқулардың алдын алуға болатын еді. Осыларды алдын ала сараптама жүргізіп отыратын Ақорданың идеология бөлімі немен айналысып отыр екен?

Алматы қаласы әкімі Б.Сағынтаев өзі қорықса да, елге сәл-пәл болса да беделі бар тұлғаларға иек артуы керек еді. Күнкөрістері қиындаған, ашынған халық күшке күшпен жауап беретіні де белгілі болатын... Қалың топтың арасындағы пиғылы жамандар бейбіт шерушілердің пейілін өз мақсатына пайдалана алмас еді...

Енді Айт-Манның мына сөздерін оқып көрсек: 

«21-жылдың 22 қыркүйегінде былай жазыппын (үзінді): «…жан-жақтың бәрі топансу, құтырынды құйын, жұт, індет, жанартаулар атқылап, жер де мігірсіз сілкініп жатыр. Демек ЕЛ ДЕ ҰЗАМАЙ БІР СІЛКІНЕР! Өйткені бұлай рухсыз, ырықсыз өмір сүре беруге болмайды. Бұлай өмір сүруге біржолата көндіксек, онда Жаратушы Иенің бізді – адам, оның ішінде қазақ қылып жаратқаны – жалған!..»

P.S. Сілкіндік, кеше, шынында! Ал Мүмкіндік атты ұлы күш тағы да жаттың қазаққа хас дұшпандардың қолында кетпес пе екен деген қорқыныш та кеудені кеулеп барады…»

(Айт-Ман. Көздіойық қонысы Маңғыстау уәлаяты. 16.01.22.)

Айтқаны келгендей...

Амангелді Жұмашұлы
28.11.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 59
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 45
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 102
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 41
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 103
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 33
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 59
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 211
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 217
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 430
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 395

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9086
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8484
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11712
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9478
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10693