Қызылорда облысы Жалағаш ауданында жалпы саны 35 374 халық бар. Оның 14 мыңнан астамы экономикалық тұрғыда белсенді азаматтар. Осы ретте ауданда жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында 1383 жаңа жұмыс орны ашылды. Жыл соңына дейін екі мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын ашу межеленген. Жалпы Жалағашта жұмыссыздық деңгейі 5,1 пайызды құрап отыр.
– Биыл 1530 адам жұмыспен қамту орталығына тіркелді. Олардың 89,8 пайызы мемлекеттік бағдарламалардың көмегімен жұмысқа орналастырылды. Сонымен қатар осы жылы 291 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Осы ретте айта кету керек, бағдарламаға тіркелген 857 отбасына зерттеу жүргізіліп, мемлекеттік атаулы көмек алушы отбасылар саны 13-ке азайды, – деді аудан әкімі Асқарбек Темірбекұлы Есжанов.