Бүгінде облысымыздың тергеу изоляторы қызметкерлері Ардагерлерін құрметтеп “Үлкенге құрмет кішіге ізет атты мерекерік шара” ұйымдастырды
Шараға департамент басшылығы, ардагерлер және мекеме жеке құрамы қатысты. Осынау атаулы күні “Үлкендер жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып! - дей отыра, №67 мекемесі бастығының м.а. әділет подполковнигі Нұрболат Нұрбайұлы ізгі ниетін білдіріп өз сөзінде-
Құрметті ардагерлер, әріптестер! ҚАЖ органдарындағы адал еңбектеріңіз үшін алғыс білдіремін Біз антқа адал болған әріптестерді ешқашан ұмытпаймыз. Батырларымыздың рухына мәңгілік тағзым! Ардагерлеріміздің ҚАЖ органдарының дамуына қосқан еңбегі ерекше. Жас қызметкерлерді тәрбиелеп, жаңа форматтағы қызметкердің бейнесін қалыптастыруға қосқан үлесі үшін үлкен алғыс білдіремін. Құрметті ардагерлер және әріптестер! Бүгінгі атаулы күні Сіздердің отбасыларыңызға зор денсаулық, бақыт пен байлық, Отанымыз – Қазақстан Республикасын өркендету жолындағы қызметтеріңізге табыс тілеймін- деп аяқтап 2019-2024 жылдар аралығында зейнетке шыққан 19 ардагер марапатталды, марапаттау шарасында Арғынбай Нурболат Манасұлы, Байназарова Салима және облыстық “ Бай Домбыра” дуэті онер көрсетті. Жиын соны ардагерлерге арналған ақ дастарханмен аяқталды.