Жамбыл облысында 23 спорт кешенінің құрылысы жүруде

Жамбыл облысында 23 спорт кешенінің құрылысы жүруде

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте өңірдегі бұқаралық спорттың дамуы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды.

Басқосуда баяндама жасаған дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Арман Ташметовтің айтуынша, ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша облыста дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар қатары 482,7 мың адамға немесе облыс тұрғындарының 39,6 пайызына жеткен. Соңғы бес жылда жүйелі түрде спортпен шұғылданушылар үлесі 10,5 пайызға өскен.

Бүгінде бұқаралық спорттың дамуына тың серпін беру, облыс тұрғындарын дене шынықтыру және спортпен жүйелі айналысуға тарту мақсатында облыста 272 штат бірлігі енгізілген. Оның ішінде 226 штат облыс аудандарында.  Облыстағы 153 ауылдық округ толықтай спорт нұсқаушыларымен қамтылған.

Облыстың барлық аудандары мен Тараз қаласы әкімдіктерінің дене шынықтыру және спорт бөлімі жанынан бұқаралық-спорттық шараларды өткізу орталықтары ашылған.

Мемлекеттік спорттық тапсырысты іске асыруға 2022 жылы 855,8 млн. теңге қарастырылса, ағымдағы жылы облыстық бюджеттен 1,2 млрд. теңге қарастырылған. Нәтижесінде қазіргі таңда 54 өнім беруші 19 спорт түрі бойынша 4-17 жас аралығындағы 7 059 балалар мен жасөспірімдерді спорттық секциялармен тегін негізде қамтуда.

Басқарма басшысы бұдан да бөлек жоспарланған шараларға жан-жақты тоқталып өтті.

Бүгінде өңірде спортты дамыту мақсатында жаңа спорт нысандары бой көтеріп, халық игілігіне берілуде. Қазіргі таңда, 23 спорт нысанының құрылысы жүруде десек, жыл соңына дейін 16 спорт нысаны қолданысқа беріледі деп күтілуде.

Жалпы облыс бойынша 2024-2027 жылдар аралығында 52 спорт кешенінің құрылысын салу жоспарланған. Сонымен қатар, ағымдағы жылға 38 спорт алаңшасының құрылысы жоспарланып, алты айда 18 спорт алаңшасы пайдалануға берілді.

Осындай игі істердің арқасында облыста халықтың спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу деңгейі 57,6 пайызды құрады. 2025 жылға дейін аталған көрсеткішті 61 пайызға жеткізу көзделуде.

Облыс әкімі салынып жатқан спорт нысандары халыққа барынша қызмет етіп, түрлі спорттық секцияларымен ашылып, балаларды барынша тарту керектігін атап өтті.

Сондай-ақ, аймақ басшысы үш жылға құрылысы жоспарланған 129 елді мекендегі спорт алаңшаларын әмбебап негізде жүзеге асыру керектігіне баса назар аудартты. Ол спорт алаңшаларында спортпен шұғылданып қана қоймай, «Стрит-воркаутпен» айналысып, балаларға арналған ойын алаңшасы да қамтылуы тиіс екендігін жеткізді.

Нұржан Нұржігітов бұған дейін салынған спорт алаңшаларының жағдайына көңіл бөліп, жауаптыларға бүлінген және қараусыз қалған нысандарды уақыт созбай ретке келтіруді тапсырды.

Облыс әкімі нағыз спорт саңлақтарын анықтау, жергілікі жердегі дарынды балаларды қолдау, тәрбиелеу мақсатында ауылдық, аудандық, облыстық деңгейде түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырудың маңыздылығын баса айтты.

Кеңес барысында бірқатар аудан әкімдерінен жауаптар алынып, нақты міндеттер жүктелді.

Сонымен қатар, жиында облыс әкімінің Меркі ауданында жұмыс сапары, халықпен кездесуінде және жеке азаматтарды қабылдауында берілген тапсырмалардың орындалуы, әлеуметтік желідегі кері байланыс мәселелері қаралды.

Ол бойынша облыс әкімі аппараты өңірлік бақылау және ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінің бас инспекторы  Сандуғаш Байқошқарова, облыс әкімінің кеңесшісі Нұрмұхаммед Ниязбеков және облыс әкімі баспасөз қызметінің жетекшісі Данияр Асқарұлы баяндама жасады.

Аймақ басшысы барлық өтініштер сапалы әрі уақытылы орындалу керектігін ескертті.

Жамбыл облысы әкімдігі
22.08.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 42
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 124
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 36
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 42
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 50
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 42
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 119
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 124
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 315
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 309
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 932

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9005
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8400
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11626
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9383
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10610