Жамбыл облысында 57 мың гектар аумақта су үнемдеу технологиялары қолданылуда

Жамбыл облысында 57 мың гектар аумақта су үнемдеу технологиялары қолданылуда

Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің халықпен кездесулері жалғасуда.

Бұл жолы аймақ басшысы Талас ауданы Қаратау ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.

Басқосуға құқық қорғау органдарының және салалық басқармалардың басшылық өкілдері де қатысты.

Қаратаулықтар елді мекендегі көшелерді жөндеу, ауылға келетін жолды асфальттау, спорт кешенін салу, жедел жәрдем көлігінің ескіргенін, “Ауыл аманаты” жобасына ену, газдандыру, сапасыз жүргізілген ауыз су жүйелерін реттеу, суармалы су секілді бірқатар мәселелерді көтерді.

Нұржан Нұржігітов сұрақтарға облыстық деңгейде атқарылып жатқан жұмыстарды негізге ала отырып жауап беріп, барлық көтерілген мәселелер ескерілетіндігін жеткізді.

Ауылдық округте 8 көше бар десек, оның екеуі жөнделген. Қалған 6 көше мен ауылға келетін 11 шақырым жолды келер жылы асфальттау жоспарлануда.

Сондай-ақ, “Ауыл аманаты” жобасы бойынша ауылдықтарды несиелендіру шаралары 2024 жылы басталады деп күтілуде.

Облыс әкімі жауаптыларға ауыз су жүйесін уақыт созбай реттеуді тапсырды.

Сурмалы су мәселесін шешуге қатысты бөгетті көтеру, шағын қойманы тазалау бойынша да тиісті тұлғаларға нақты міндеттер жүктелді.

- Басты міндет - ауылда жастарды, азаматтарды тұрақтандыру. Ол үшін біз елді мекендерді әлеуметтік игіліктермен қамтамасыз етуге тиіспіз. Бұл жұмыстар облыстың кешенді дамыту жоспары аясында жүзеге асады. Ауылда жаңа жұмыс орындарын ашу, мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктерін тиімді пайдалану керек. Барлық мәселе кезең-кезеңімен шешіледі. Тек, тұрғындардың жергілікті билікке деген сенімі маңызды. Ортақ жауапкершілік болғанда ғана нақты нәтижеге жетеміз,-деп түйіндеді Нұржан Нұржігітов.

Кездесуден кейін аймақ басшысы тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.

Жамбыл облысы әкімдігі
25.08.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 40
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 118
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 34
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 41
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 49
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 41
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 113
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 118
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 310
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 304
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 927

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9000
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8395
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11621
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9378
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10604