Жамбыл облысында 600-ден астам мемлекеттік қызметшінің құқықтары қорғалды

Жамбыл облысында 600-ден астам мемлекеттік қызметшінің құқықтары қорғалды

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік қызмет мемлекеттiк қызметшiлердiң құқықтық және әлеуметтiк қорғалуы қағидаттарына негізделеді.

Мемлекеттік қызметшілердің еңбекті, денсаулықты қорғауға, қауіпсіз және тиімді жұмыс істеу үшін қажетті еңбек жағдайларына, сондай-ақ әлеуметтік және құқықтық қорғалуға құқығы бар.

Бұл ретте, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті қызметінің негізгі бағыттарының бірі азаматтар мен мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау және оларды қалпына келтіру болып табылады.

        Департаментпен қабылданған бақылау шараларының нәтижесінде облыс бойынша 629 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қорғалды.

        Мәселен, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес мемлекеттiк қызметшілерге қызметтiк iссапарларға, оның iшiнде шет мемлекеттерге iссапарға баруға арналған шығыстары өтеледi.

        Сонымен қатар, еңбек заңнамасында іссапар шығындарын төлеу мерзімдері бұзылғаны үшін тиісті өсімпұлдар төлеу мәселесі көзделген.

        Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде жүргізілген бақылау шараларының нәтижелерімен 70 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтірілді, оның ішінде 60 қызметшіге іссапар шығындары кешіктіріліп төленгені үшін тиісті өсімпұл сомалары төленсе, 10 қызметшінің қызметтерін бағалау мәселесі қайта қаралды.

Осыған ұқсас, Департаментпен жүргізілген тақырыптық талдау қорытындылары бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде 261 мемлекеттік қызметшіге жалпы сомасы                 902 537 теңгені құрайтын тиісті өсімпұл сомалары төленді.

Сондай-ақ, 31 мемлекеттік қызметшіге жалпы сомасы                 1 255 768 теңгені құрайтын іссапар шығындары төленді.

Одан бөлек, еңбек заңнамасында үстеме жұмысқа тартылған мемлекеттік қызметшілерге тынығу сағаттарын ұсыну мүмкіндігі қарастылырған.

Осы орайда, жұмыс уақыты режимінің сақталуы бойынша мемлекеттік органдарға бару арқылы мониторинг жүргізудің нәтижесінде 12 қызметшіге жалпы 14 сағаттан астам демалыс уақыттары берілді.

Ал, жұмыс уақыты режимінің сақталуына қашықтықтан               «Е-қызмет» ақпараттық жүйесі арқылы мониторинг жүргізу нәтижесінде 255 мемлекеттік қызметшіге 392 сағаттан астам қосымша демалыс уақыттары беріліп, олардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

Айта кетерлігі, бүгінгі күні қолданыстағы заңнама талаптарының мүмкіндіктерін пайдалана отырып, мемлекеттік органдардың 37 қызметшісі (ЖАО – 32, ОМО АД – 5) икемді жұмыс кестесі бойынша жұмыс атқаруда.

Осы бағыттағы жұмыстар әрі қарай тұрақты түрде жүргізіліп, заңнамаға сәйкес қажетті шаралар қабылданатын болады.

 

 

Р.Ш.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы
20.01.2025

Ұқсас жаңалықтар

ТӘЖІКСТАНДЫҚ ДИҚАНДАР МАҚТААРАЛДЫҚ МАҚТАНЫҢ СОРТЫНА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ТАНЫТУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.01.2025 105
ӨҢІРДЕГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.01.2025 94
 САЙРАМДЫҚ КӘСІПКЕР БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ДЕН ҚОЙДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.01.2025 37
ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА БИЫЛ 21 ЕЛДІ МЕКЕН ТАБИҒИ ГАЗҒА ҚОСЫЛМАҚ
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 21.01.2025 100

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 13432
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 12271
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 15511
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 14437
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 19474