Жамбыл облысында «Мөлдір бұлақ» оқу-сауықтыру орталығы ашылды

Жамбыл облысында «Мөлдір бұлақ» оқу-сауықтыру орталығы ашылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Жамбыл облысындағы резиденция ғимараты «Мөлдір бұлақ» оқу-сауықтыру орталығы болып қайта ашылды.

Балалар игілігіне негізделген орталықтың салтанатты ашылуына көпшілікпен бірге Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов, ҚР оқу-ағарту министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Батырхан Жолдас қатысып, өз құттықтауларын білдірді.

Қонақтар алдымен орталықтың аллеясында әзірленген балалардың қолөнер, сурет көрмелерімен танысып, түрлі спорттық шараларын және концерттік бағдарламаларын тамашалады.

Облыс әкімі өз сөзінде ел ертеңі – бүгінгі балаларға барынша көңіл бөлу, қолдау, жағдай жасау – мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі екендігін атап өтті.

– Ел Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру мақсатында облысымызда ауқымды жұмыстар атқарылуда. Бағдарламада республика бойынша «50 балалар сауықтыру лагерін құру» міндеті көзделген.

Осы орайда, Мемлекет басшысы 5 өңірдегі резиденцияны балалардың игілігіне беруді тапсырған болатын. Аталған тапсырма аясында бүгін міне «Мөлдір бұлақ» оқу-сауықтыру орталығының ашылу салтанатының куә болып отырмыз.

Нысан – жыл бойы жұмыс жүргізетін аймақтағы алғашқы оқу-сауықтыру орталығы.

Балалар бұл орталыққа жаз мезгілінде 12 күндік, басқа кезеңдерде 24 күндік сауықтырумен қамтылатын болады.

Бұл бастама – мемлекет тарапынан балалардың болашағы үшін жасаған қамқорлығы.

Балалардың болашағы мен денсаулығы – мемлекет үшін негізгі басымдықтардың бірі. Болағашағынан үміт күттіретін балалардың бірқатары осы орталықтың алғашқы қарлығаштары атанғалы тұр деп сенемін.

Баршаңызды бүгінгі қуанышты сәтпен шын жүректен құттықтаймын, – деді Нұржан Нұржігітов.

Өз кезегінде ҚР оқу-ағарту министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Батырхан Жолдас, облыстық ата-аналар қоғамдық кеңесінің төрағасы Ринат Нұрақбаев та ізгі лебізін жеткізді.

Бұдан соң көпшілік назарына концерттік бағдарлама ұсынылып, «Мөлдір-бұлақ» оқу-сауықтыру лагерінің туы көтерілді. Қонақтар орталықты аралап, жағдайымен танысты.

Айта кетейік, аумағы 10 гектарды құрайтын орталықта балалардың демалысы үшін барлық жағдай жасалынған. Атап айтқанда, заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған оқу кабинеттері, спорт алаңшалары мен үйірме бөлмелері, 5 мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етілетін арнайы асхана қарастырылған.

Сондай-ақ, орталық аумағында балалардың серуендеп, тыныс алуына арналған шағын тоғай бар.

Лагердің әр кезеңінде Тараз қаласы мен 10 ауданның бесінші және тоғызыншы сынып аралығындағы 50 оқушыдан демалады. Оның ішінде, инклюзивті балаларға да айрықша назар аударылады.

Балалар бұл орталықта жаз мезгілінде 12 күндік, басқа кезеңдерде 24 күндік сауықтырумен қамтылады.

Жалпы биылғы жаз мезгілінде облыстағы 9 сауықтыру лагерінде 9 014 бала демалуда.

Жамбыл облысы
02.08.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 44
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 142
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 40
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 47
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 57
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 45
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 137
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 142
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 329
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 322
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 945

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9019
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8415
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11642
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9398
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10625