Жамбыл облысында спорт саласын дамыту бойынша Жол картасы әзірленетін болады

Жамбыл облысында спорт саласын дамыту бойынша Жол картасы әзірленетін болады

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің спорт ардагерлерімен кездесуінде балалар мен жастарды спорт секцияларына тарту, спорт нысандарын салу, кәсіби клубтарды дамыту мәселелері талқыланды.

Кездесуге спорт шеберлері мен самбо, бокс, еркін күрес, дзюдо, қазақ күресі бойынша еңбек сіңірген жаттықтырушылар қатысты.

- Қасиетті Әулиеата жері — көптеген ұлы спортшылардың мекені. Жамбылдықтар халықаралық жарыстарда ел намысын абыроймен қорғап келеді. Біз олардың жетістіктерін мақтан тұтамыз, - деді облыс әкімі.

Аймақ басшысы кездесу барысында өңірде кадр резерві құрылатынын хабарлады. Үміткерлер болашақта спорт мекемелерінің басшылары бола алады. Сондай-ақ, басшылардың бос лауазымдарына орналасуға арналған конкурстар әлеуметтік желіде тікелей эфирде көрсетіледі. Өңір басшысы ардагерлермен  үміткерлерді іріктеу жөніндегі комиссияның жұмысына белсенді қатысуға шақырды.

Ардагерлер кешенді спорт мектебін салу, ауылдық жерлерде тұратын спортшыларды қолдау, футболды дамыту, алдағы 2024 жылғы болатын Олимпиадаға дайындық, жаттықтырушылардың біліктілігін арттыру мәселелерін көтерді.

Аймақ басшысының тапсырмасы бойынша барлық айтылған мәселелер спорт саласын дамыту жөніндегі Жол картасына енгізілетін болады.

Жамбыл облысы әкімдігі
10.10.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 37
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 94
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 29
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 37
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 42
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 36
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 89
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 94
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 290
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 284
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 905

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8982
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8376
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11602
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9360
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10586