Жамбыл облысында ұзындығы 9,2 км магистральдық каналда реконструкция жұмыстары жүргізіліп жатыр

Жамбыл облысында ұзындығы 9,2 км магистральдық каналда реконструкция жұмыстары жүргізіліп жатыр

Жамбыл облысының Жамбыл ауданында ұзындығы 9,2 шақырым болатын «Исмаил» магистральдық каналы реконструкцияланып жатыр. Жұмыстар биыл қаңтар айында басталып, бүгінде 2,5 шақырым учаске реконструкцияланды.

 Жоба аясында каналды бетондау, су шығару тетіктерін, бөгейтін құрылысжайлар мен нөсерлетіп су ағызу жүйелерін орнату, сондай-ақ гидробекет салу қарастырылған.

 «Исмаил» каналы арқылы Аса өзенінен Жамбыл ауданының суармалы жерлеріне су жеткізіледі. Нысанның су өткізу қуаты - секундына 6 текше метр. Каналды реконструкциялау 1454 гектар жерге судың жеткізілуін жақсартып, су шығынын азайтуға мүмкіндік береді.

 «Нысанда 35 адам мен 19 техника жұмылдырылған. Құрылыс-монтаж жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарлап отырмыз. Суару кезеңінде де нысанда жұмыстар жалғасады. Диқандарды сумен қамтамасыз ету үшін уақытша канал салынып жатыр», – деді мердігер ұйымның өкілі Ерлан Оразбаев.

 

ҚР Су ресурстары және ирригация

министрлігінің баспасөз қызметі

21.04.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 24534
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 24195
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 41643
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37541
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 41917