Жамбыл облысында жеке қосалқы шаруашылықтарды суармалы сумен қамту жұмыстары жүруде

Жамбыл облысында жеке қосалқы шаруашылықтарды суармалы сумен қамту жұмыстары жүруде

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кеңесте «Ауыл аманаты» жобасының іске асыру барысы қаралды.

Биыл «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыруға облыс бойынша 24 миллиард теңге бөлінуде. Бұл қаражатпен жалпы 70 мыңға жуық тұрғыны бар 10 ауданның 26 ауылдық округі қамтылады.

Ауыл шаруашылығы басқармасының ақпараты бойынша, жобаның бірінші бағыты бойынша (жеке қосалқы шаруашылықтарда жер учаскелерін тиімді пайдалану) 414,3 млн. теңге, екінші бағыт бойынша (мал шаруашылығын дамыту) – 14,1 млрд. теңге көлемінде 92 мың бас мал сатып алу жоспарлануда, үшінші бағыт бойынша (ауыл сыртындағы бос жерлерді тиімді пайдалану) – 412,5 млн. теңге, төртінші бағыт бойынша (кооперативтер құру) – 2,6 млрд. теңгеге 296 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу, бесінші бағыт (бизнес-жобаларды қаржыландыру) бойынша – жалпы көлемі 1,0 млрд. теңгеге 148 жобаны іске асыру көзделуде.

Ағымдағы жылдың 20 шілдесінен 4 тамызына дейін жалпы көлемі 1,9 млрд. теңгеге 321 өтінім түскен.

Айта кетейік, бұған дейін аймақ басшысы жеке қосалқы шаруашылықтарды суармалы сумен қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берген болатын. Байзақ, Жамбыл аудандарында 199 құдық қазу, Талас аудандарында ұзындығы 1 шақырым арықтарды тазарту жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Т.Рысқұловта ұзындығы 12 шақырым каналардарды жөндеу үшін ЖСҚ дайындауға қаражат бөлінуде.

Аудандардың ақпаратына сәйкес, Қордай, Сарысудағы ауылдық округтер толығымен суармалы сумен қамтамасыз етілген.

Аудан әкімдерінің есептерін тыңдаған Нұржан Нұржігітов жауапты тұлғаларға бөлінген қаражатты уақтылы және сапалы игеруге, халық арасында жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізуге, ірі қара малды қолдан ұрықтандыруға қатысты нақты тапсырмалар жүктеді.

Жамбыл облысы әкімдігі
05.08.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 43
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 133
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 37
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 43
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 53
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 43
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 129
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 133
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 323
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 316
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 940

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9013
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8409
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11634
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9392
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10619