🔰Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің Қордай ауданындағы жұмыс сапары Қордай ауылындағы халыққа қызмет көрсету орталығының ғимаратын аралаумен жалғасты.

  🔰Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің Қордай ауданындағы жұмыс сапары Қордай ауылындағы халыққа қызмет көрсету орталығының ғимаратын аралаумен жалғасты.
🔸Айта кетейік, 2007 жылы ашылған бұрынғы орталық біршама тар болып, кейінгі кездері тұрғындар сұранысын толық қанағаттандыра алмаған.Соған сәйкес, өткен жылы құрылысы басталған орталықтың жаңа ғимараты жақында ғана пайдалануға берілген.
🔹«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Басқарма төрағасы Сүйеніш Әбілдин мекеменің жұмысын баяндап, бөлімдерімен таныстырып, облыс басшылығына жан-жақты қолдауы үшін ризашылығын жеткізді.
🔸Жаңа әрі кең ғимарат 5 қызмет көрсету секторына, атап айтқанда жылдамдық, әлеуметтік қызмет, жайлылық, байланыс және өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарына бөлінген. Барлық сектор қажетті жабдықтармен қамтылған.Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға сапалы мемлекеттік қызмет көрсету үшін тиісті жағдайлар жасалған.Жаңа цифрлық кеңсе күніне 1500-ге дейін адам қабылдай алады.
🔹Облыс әкімі халыққа сапалы қызмет көрсету, жалпы тұрғындар тілегіне құлақ асу, лайықты жағдай жасау- басты міндет екендігін атап өтіп, ол үшін елімізде барлық мүмкіндіктер қарастырылып жатқанын жеткізді.Сондай-ақ, аймақ басшысы ендігі кезекте бөлім қызметкерлері де тұрғындарға сапалы әрі жылдам қызмет көрсетуге барынша күш салуы тиіс екендігін баса айтты.
Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
06.08.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5051
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5215
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20176
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18820
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22274