Жамбылдық зерттеушілер 1000000 теңгелік сыйақы жеңімпазы атанды

Жамбылдық зерттеушілер 1000000 теңгелік сыйақы жеңімпазы атанды
2023 жылдың 8-10 қыркүйек аралығында «Samsung Electronics Central Eurasia» компаниясы Астана қаласында әлеуметтік жобалар бағытында әр өңірдің мектеп оқушылары арасында «Solve For Tomorrow» байқауының финалдық кезеңін өткізді.
📚 «Solve for Tomorrow» бағдарламасы 2010 жылы АҚШ-та құрылды және бүкіл әлем бойынша 23 елде таратылды. Бұл ғылым мен технологияның көмегімен айналасындағыларға көмектескісі келетін белсенді өмірлік ұстанымы бар оқушыларға арналған идеялар байқауы.
🔹 Аталған байқауға Жамбыл облысының Дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицейінің 11 сынып оқушылары Тұрғын Іңкәр, Егеубай Айкөркем және Бердібек Мақпал қатысты.
🔹 Халықаралық байқауға іріктеу кезеңі бойынша үздік нәтиже көрсеткен 10 команда қатысып, сынға түсті.
🔸Жеті ай ішінде қатысушылар өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған қол жетімді материалдардан перифериялық "брайль принтері" қағидаты бойынша «Kaz Braille» көзі нашар көретін жандарға арналған құрылғысын ойлап тапты.
«Braiile» принціпімен жұмыс істейтін «Қазақ Braiile» құрылғысының (принтердің) ерекшілігі тікелей қазақ тілінде дыбысталып жұмыс істейді.
🏆 Байқау нәтижесінде Жамбылдық зерттеушілер жүлделі ІІІ орынды иеленіп, Америка Құрама Штатынан келген «Samsung Electronics Central Eurasia» компаниясының өкілдері жобаны дамытуға арналған 1️⃣0️⃣0️⃣0️⃣0️⃣0️⃣0️⃣ теңгелік сертификатпен марапаттады.
Жеңімпаз оқушыларды және жетекшісі Орынбаева Мирамгуль Батыйхановнаны жеңістерімен құттықтаймыз!
Жамбыл Дарыны
09.09.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 13968
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 13917
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 29053
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 27708
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 31222