Заң мен тәртіп бар жерде тұрақтылық болады

Заң мен тәртіп бар жерде тұрақтылық болады

Қазақстанда заң мен тәртіп идеологиясын нығайту мақсатында 2025-2030 жылдарға арналған тұжырымдама бекітілді. Бұл құжат қоғамда құқықтық мәдениетті арттыруға, азаматтардың заңға деген құрметін күшейтуге және тәртіпті сақтауға бағытталған. Тұжырымдаманы іске асыру үшін әзірленген іс-қимыл жоспары – бұл нақты қадамдар мен шаралардың жиынтығы, ол мемлекет, қоғам және әрбір азамат арасындағы өзара жауапкершілікті нығайтуға септігін тигізеді. «Заң және тәртіп» шоғырландыру идеологемасы – қоғамдағы тұрақтылықты сақтау, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әділеттілікті нығайтуға бағытталған маңызды қағидаттардың бірі. Бұл ұстаным мемлекеттің құқықтық негізін күшейтіп, заң үстемдігін қамтамасыз ету арқылы қоғамдық келісім мен тәртіпті қалыптастыруды көздейді. Қазіргі жағдайда аталған идеологема құқық бұзушылықтың алдын алу, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру және мемлекеттік институттарға деген сенімді нығайту міндеттерімен тығыз байланысты.  «Заң және тәртіп» қағидаты қоғамдағы әділдік ұғымымен тікелей байланысты. Заң талаптарының бәріне бірдей қолданылуы – азаматтардың теңдігін қамтамасыз ететін басты шарт. Егер заң талаптары сақталып, құқық бұзушылыққа жол берілмесе, қоғамда сенім артып, әлеуметтік тұрақтылық нығаяды. Бұл өз кезегінде экономикалық дамуға, инвестициялық ахуалдың жақсаруына және қоғамдық қауіпсіздіктің күшеюіне ықпал етеді. Идеологеманың шоғырландырушы сипаты – қоғамның барлық мүшесін ортақ құндылық төңірегіне біріктіруінде. Яғни, «заңға бағыну» және «тәртіп сақтау» қағидалары азаматтардың күнделікті өмір салтына айналуы тиіс. Бұл бағытта мемлекеттік органдармен қатар білім беру ұйымдары, қоғамдық институттар және бұқаралық ақпарат құралдары маңызды рөл атқарады. Құқықтық сауаттылықты арттыру, заң талаптарын түсіндіру, профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру – идеологеманы жүзеге асырудың негізгі құралдары. «Заң және тәртіп» идеологемасы құқық бұзушылықтың алдын алу мәдениетін қалыптастыруды көздейді. Қоғамда құқыққа құрмет, жауапкершілік және тәртіпке бағыну дағдылары қалыптасқан кезде ғана заңсыз әрекеттердің саны азаяды. Бұл ретте жастар тәрбиесіне ерекше көңіл бөлінеді. Мектеп қабырғасынан бастап құқықтық білім беру, патриоттық және азаматтық құндылықтарды дәріптеу – болашақта заңды құрметтейтін саналы ұрпақ қалыптастырудың негізі. Аталған идеологема мемлекеттік басқаруда ашықтық пен әділдікті нығайтуға да бағытталған. Заң үстемдігі қамтамасыз етілген қоғамда сыбайлас жемқорлық деңгейі төмендеп, азаматтардың құқықтары қорғалады. Сонымен бірге қоғамдық тәртіптің сақталуы әлеуметтік қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Бұл – мемлекет дамуының маңызды көрсеткіштерінің бірі. «Заң және тәртіп» шоғырландыру идеологемасы – құқықтық мемлекет құру жолындағы негізгі ұстаным. Ол қоғамдағы тәртіпті нығайтып, азаматтардың құқықтық мәдениетін қалыптастырады және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Заңды құрметтеу мен тәртіпті сақтау – әрбір азаматтың ортақ міндеті. Осы қағидалар берік орныққанда ғана қоғамда әділдік үстемдік етіп, елдің тұрақты дамуына негіз қаланады.

Г.Тұрлыбекова

12.03.2026

Ұқсас жаңалықтар

КӨКБӨРІ
- 09.04.2026 187

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 24426
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 24087
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 41535
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37441
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 41797