ЗАҢ МЕН ТӘРТІП: Өнеркәсіп суды қалай үнемдейді және заң қазір нені талап етеді

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП: Өнеркәсіп суды қалай үнемдейді және заң қазір нені талап етеді
  1. Су енді «шексіз ресурс» емес, оны қолданып, бірден төгіп жіберуге болмайды. Жаңа Су кодексі өнеркәсіпке әрбір текше метрді үнемдеуді міндеттейді

 

2. Өнеркәсіп суды қалай үнемдейді?

123 және 133-баптар

Енді су нысандарынан су алу үшін рұқсат алар кезде кәсіпорындар суды ұтымды әрі үнемді пайдаланатынын дәлелдеуге тиіс. Ол үшін өнеркәсіптік ұйымдар мен жылу өндіруші субъектілер суды қайта және айналмалы пайдалану жүйелерін енгізуі қажет.

Егер мұндай жүйелер әлі енгізілмесе, онда кәсіпорындар 2027 жылғы 10 маусымға дейін бассейндік су инспекциясына жүйеге көшу жоспарларын әзірлеуге және ұсынуға міндетті. Бұл жоспарларды іске асыру мерзімі 5 жылдан аспауы тиіс.

 3. Енді кәсіпорындар мына талаптарды орындауға міндетті:

* қолжетімді ең үздік технологияларды енгізуге;

* арнайы талаптарды, жоспарлар мен лимиттерді сақтауға;

  • су шығынын азайту жөніндегі жоспарларды әзірлеп, оларды жыл сайын жүзеге асыруға.

 4. «Ең үздік қолжетімді технологиялар» дегеніміз не?

62-бап

Жаңа Су кодексі жаңа құралды – ең үздік қолжетімді технологияларды енгізуді көздейді. Бұл – суды үнемдеуге және оның төгінділерін азайтуға мүмкіндік беретін заманауи әрі тиімді шешімдер жиынтығы.

Қазақстан үшін ең үздік технологиялар тізімін қалыптастыру мақсатында Су ресурстары және ирригация министрлігі халықаралық сарапшыларды тартып, әлемдік стандарттарды талдап, арнайы әдістеме әзірледі.

 5. Кәсіпкерлер суды қалай үнемдейді?

Көлік жуу орындары, кафелер, сауда орталықтары, қызмет көрсету станциялары, өндірістік учаскелер және су каналдары арқылы немесе басқа кәсіпорынның құбырынан су алатын басқа да нысандар су тұтынушылар болып саналады.

Олардың барлық міндеті су жабдықтау шартымен реттеледі.

Осындай келісім аясында су каналдары көлік жуу орындарынан және басқа нысандардан су үнемдеу мен есепке алудың ұқсас тетіктерін талап етуге құқылы.

 6. Бұл не үшін қажет?

Металлургия, мұнай-химия, энергетика, агроөнеркәсіп және цемент өндірісі жыл сайын миллиондаған текше метр су пайдаланады. Суды қайта пайдалану жүйесінде су бірден төгілмейді, керісінше кәсіпорын суды тазартып, қайтадан пайдаланады. Бұл өзендер мен жерасты көздеріне түсетін жүктемені айтарлықтай азайтады. Суды бір рет пайдаланып, өзенге ағыза салмай, қайта пайдаланған дұрыс.

Қайта пайдаланылатын тазартылған суды басқа мақсаттарға да қолдануға болады. Мысалы, жасыл алқаптарды суаруға.

 7. Суды кім бақылап, шығынын қадағалайды?

 Бұл міндетпен бассейндік су инспекциялары айналысады. Алдымен үлкен кәсіпорындар – зауыттар, фабрикалар, суды көп тұтынатын көлік жуу орындары бақыланады, әсіресе су тікелей су көзінен алынса.

 Инспекциялардың басты міндеті – кәсіпорындардың су шығынын қысқарту жоспарларын әзірлеп, оны орындауын, сондай-ақ суды қайта және айналмалы пайдалану жүйелерін енгізуін немесе енгізіп жатқанын тексеру.

 8. Жауапкершілік

Сонымен қатар ӘҚБтК-нің 141-бабы суды мақсатсыз пайдалану немесе рұқсат етілген көлемнен асыра пайдалану үшін жауапкершілікті күшейтеді.

Бұзушылық анықталса, кәсіпорынға 850 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

Бұзушылық қайталанған жағдайда ірі бизнес үшін айыппұл мөлшері 2000 АЕК-ке дейін жетуі мүмкін.

 9.  Жаңа Су кодексінің негізгі мақсаты – елдің су қауіпсіздігін қамтамасыз ету және су ресурстарын болашақ ұрпақ үшін сақтау үшін суды үнемдеу принциптерін енгізу.

 ҚР Су ресурстары және ирригация

министрлігінің баспасөз қызметі

23.12.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 21356
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 21138
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 36357
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 34736
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 38710