ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП: бассейндік су инспекциялары қандай өкілеттіктерге ие?

ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП: бассейндік су инспекциялары қандай өкілеттіктерге ие?
  1. Бассейндік су инспекцияларының рөлі

Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке құқық қорғау органдары жауап берсе, су заңнамасының сақталуын бақылау бассейндік су инспекцияларына жүктелген. Олар су ресурстарын ұтымды пайдалану мен қорғау, сондай-ақ су нысандарында белгіленген режимнің сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізеді.

2. Бұрынғы құқықтық реттеудің шектеулері

Су кодексінің алдыңғы редакциясында бассейндік су инспекцияларының өкілеттіктері айтарлықтай шектеулі болды.

Кәсіпкерлік кодекстің жалпы нормаларын қолдану инспекцияларға су объектілерінде, сондай-ақ су қорғау аймақтары мен белдеулерінде заңсыз су алуды және өзге де тыйым салынған қызметті жедел анықтауға және тоқтатуға мүмкіндік бермеді.

Тексеру шаралары міндетті түрде тіркеуге алынып, алдын ала хабарлануы тиіс болатын, бұл нақты болып жатқан, яғни сол сәтте жасалған заңбұзушылықтарға жедел әрекет ету мүмкіндігін шектеді.

Сонымен қатар ықпал ету шараларын қабылдау да ұзаққа созылатын әкімшілік рәсімдермен байланысты болды.

3. Жаңа Су кодексінде не өзгерді

53-бап

Жаңа Су кодексі бассейндік су инспекцияларының бақылау және қадағалау өкілеттіктерін кеңейтті.

Атап айтқанда, инспекциялар мынадай құқықтарға ие болды:

– Болжамды заңбұзушылар алдын ала анықталмаған жағдайда және олар бақылау іс-шаралары барысында тікелей анықталатын болса, алдын ала тіркеусіз және хабарландырусыз тексерулер жүргізуге құқылы (суды заңсыз алу, су нысандарында, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде тыйым салынған қызмет);

– тексеру нәтижелері бойынша жедел әрекет ету шараларын, соның ішінде:

рұқсат етілген су пайдалану көлемін қысқарту;

арнайы су пайдалану рұқсатының қолданылуын тоқтата тұру;

арнайы су пайдалануға рұқсатты тоқтату (айыру);

– су саласындағы құзыреті шегінде жергілікті атқарушы органдардың қызметін бақылау.

4. 52-бап

2025 жылғы желтоқсаннан бастап бассейндік су инспекциялары су қорын пайдалану және қорғау мәселелеріне жауапты жергілікті атқарушы органдарға (әкімдіктердің құрылымдық бөлімшелеріне) жоспарлы тексеру жүргізу құқығына ие болды.

Мұндай тексерулердің мақсаты — жүктелген функциялардың тиісті деңгейде орындалуын бағалау. Егер заңбұзушылықтар немесе міндеттерді тиісінше орындамау анықталса, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, соның ішінде әкімшілік жауапкершілік шаралары қолданылады.

5. Бассейндік су инспекцияларының негізгі функциялары

24-бап

Бассейндік су инспекциялары:

– су қатынастарына қатысушылардың қызметін үйлестіреді;

– су ресурстарын пайдаланудың мемлекеттік есебін және су кадастрын жүргізеді;

– арнайы су пайдалану рұқсаттарын береді, ұзартады, қайта рәсімдейді, тоқтата тұрады және күшін жояды;

– мыналарға байланысты жұмыстарды келіседі:

нысандарды салу және орналастыру;

жер қойнауын пайдалану және ұңғымалар бұрғылау;

жерүсті су нысандарының жай-күйін қалпына келтіру және жақсарту (қалпына келтіру) шаралары;

су нысандарында, сондай-ақ су қорғау аймақтары мен белдеулерінде жүзеге асырылатын балық шаруашылығы, ауыл шаруашылығы және өзге де қызмет түрлері.

6. Бақылауды күшейтудің практикалық нәтижелері

2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бассейндік су инспекциялары 503 тексеру жүргізді. Нәтижесінде 170 заңбұзушылықты жою туралы ұйғарым беріліп, 596 заңбұзушылық анықталды және жалпы сомасы 161,6 млн теңгені құрайтын 873 әкімшілік айыппұл салынды. Соның ішінде суды өз бетінше пайдалануға қатысты 365 әкімшілік айыппұл салынып, олардың жалпы сомасы 75,2 млн теңгені құрады.

7. Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылған сәттен бастап бассейндік су инспекцияларының штаты 2 есеге, нақтырақ айтқанда 98 қызметкерден 204 қызметкерге дейін артты.

Сонымен қатар әр облыс орталығында бөлімшелер ашылды. Бұл судың «қара нарығымен» күресті күшейтіп, су ресурстарының жұмсалуын сенімді бақылауға және елдің су қорын қорғауға мүмкіндік берді.

ҚР Су ресурстары және ирригация

министрлігінің баспасөз қызметі

16.01.2026

Ұқсас жаңалықтар

Бауырлас елдерді барласақ
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 15.01.2026 117

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 22278
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 22033
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 37766
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 35624
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 39678