ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП: Су қорғау аймақтары мен белдеулерінде не істеуге болады, неге тыйым салынады?

ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП: Су қорғау аймақтары мен белдеулерінде не істеуге болады, неге тыйым салынады?

 1. Су – жай ғана табиғи ресурс емес, ол ерекше қорғаудағы аймақ. Сондықтан өзендер, көлдер мен су қоймаларының айналасында су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері белгіленеді. Жаңа Су кодексі су объектілерін қорғауды күшейтті.

 2. Су қорғау аймағы мен белдеуі деген не?

Су кодексінің 1-бабы

 Су қорғау аймағы – шаруашылық қызметтің арнайы режимі белгіленетін су объектісіне іргелес аумақ.

 Су қорғау белдеуі – су қорғау аймағының бір бөлігі, онда су қорғау аймағының режиміне қосымша шектеулі шаруашылық қызмет режимі енгізіледі.

 Маңызды: 35 метр – су қорғау белдеуінің ең аз өлшемі. Су қорғау аймақтары мен белдеулерінің нақты шекарасы су айдынының түріне, жер бедеріне және экологиялық жағдайларға байланысты өзгеруі мүмкін.

3. Су қорғау аймақтары мен белдеулері жобалық құжат негізінде белгіленеді. Оған жергілікті атқарушы органдар, ал жекелеген жағдайларда жеке және заңды тұлғалар тапсырыс береді. Жобалар міндетті түрде бассейндік су инспекциялары, экологиялық және санитарлық органдармен келісіліп, содан кейін әкімдіктер бекітеді. Мұндай аймақтардың шекаралары жергілікті жерде тіркеліп, мемлекеттік кадастрлық картада жарияланады.

Егер өзен арнасы немесе жағалауы өзгерген жағдайда шекаралар қайта қаралады.

 4. Су қорғау белдеуінде ең қатаң ережелер қолданылады.

Су қорғау белдеуінде барлық дерлік шаруашылық қызметке тыйым салынады, тек мына жағдайларға рұқсат етіледі:

* су шаруашылығы құрылыстары және олардың коммуникациялары;

* көпірлер мен көпір құрылыстары;

* су көлігімен, балық ресурстарын қорғаумен, балық аулаумен және аквамәдениетпен байланысты айлақтар, порттар, пирстер және инфрақұрылым объектілері;

* балық өсіруге арналған тоғандар, бассейндер және басқа балық шаруашылығы нысандары, сондай-ақ оларға қосылатын коммуникациялар;

* күрделі ғимараттар мен құрылыстар салынбайтын балалар ойын және спорт алаңдары, жағажайлар, аквапарктер мен рекреациялық аймақтар;

* су объектілерінің жай-күйін бақылау бекеттері;

* жағалауды бекіту, орман өсіру және көгалдандыру жұмыстары.

 Басқа барлық қызмет түріне тыйым салынады.

 5. Су қорғау аймағында не істеуге болмайды?

1. Жерүсті суларының ластануын және қоқысқа толуын болдырмайтын құралдармен жабдықталмаған нысандарды пайдалану;

2. Орналастыруға және салуға болмайтын нысандар:

* жанармай құю станциялары;

* мұнай өнімдері қоймалары;

* көлік пен ауыл шаруашылығы техникасын техникалық байқау, жөндеу және жуу пунктері;

* тыңайтқыштар, пестицидтер, улы химикаттар, көң сақтайтын қоймалар және оларды қолдану;

* тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтар полигондары;

* зираттар;

* мал шаруашылығы нысандары, сою алаңдары, мал көмілетін орындар, пестицидтер мен олардың ыдыстарын сақтайтын қоймалар;

* ағынды сулар жиналатын орындар, ағынды сумен суару алқаптары және радиациялық, химиялық, биологиялық немесе паразиттік ластану қаупін тудыратын басқа да нысандар;

3. Малды белгілеген нормадан артық жаю.

 6. Егер су қорғау аймағы ресми белгіленбесе ше?

Жер кодексінің 44-бабы

 Заңға сәйкес, су айдыны жағалауынан 500 метрге дейінгі жер учаскелерін:

* су қорғау аймағы мен белдеуінің шекарасы анықталмайынша;

* олардың шаруашылық пайдалану режимі белгіленбейінше

беруге немесе пайдалануға болмайды.

 Алайда бұл талаптар мына жерлерге қолданылмайды: ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік орман қоры жерлерін, балық шаруашылығы мен аквамәдениетті орналастыруға және оларға қызмет көрсетуге арналған жерлерді қоспағанда.

 7. Су объектілерінде, сондай-ақ су қорғау аймақтары мен белдеулерінде кез келген құрылыс және өзге де жұмыстар Су кодексінің 86-бабының талаптарын сақтай отырып және бассейндік су инспекцияларымен келісілгеннен кейін ғана жүргізіледі. Маңызды: 86-бапта белгіленген тыйымдарды орындамаған жағдайда жауапкершілік қарастырылған.

 ӘҚБтК-нің 360-бабына сәйкес, су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі шаруашылық қызмет ережелерін бұзу айыппұл салуға және заңсыз салынған құрылыстарды мәжбүрлеп бұзуға әкеп соғады.

8. Су қорғау аймақтары мен белдеулері – су ресурстарын, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғауға арналған табиғи қалқан. Қазіргі уақытта өңірлерде бұл аймақтарды белгілеу, олардың шекарасын нақтылау және шаруашылық қызмет режимін айқындау бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр.

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі

08.01.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 21944
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 21720
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 37268
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 35301
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 39358