ЖАҢА ИНДУСТРИЯЛЫҚ САЯСАТ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ ДРАЙВЕРІ

ЖАҢА ИНДУСТРИЯЛЫҚ САЯСАТ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ ДРАЙВЕРІ

Жаңа индустриялық саясат жаңа технологиялармен қаруланып, елімізде жаңа өндіріс орындарының ашылуына септігін тигізбек. Жаңа индустрия – жаңашылыдықтың, тәуелсіз елдің басты қаруы. Дамыған елдердің бәрі жаңашылдыққа құмар. Себебі заман алға жылжуда. Жаңа дәуір келе жатыр. Жаңа индустриямен қаруланған мемлекет кез келген қиындыққа, әлемдік нарықтағы түрлі бәсекелестіктерге дайын болады. Ешкімнің ығына жығылмайды, ешкімге есесін жібермеді. Дамудың жаңа сипатын, өнеркәсіптің қарқынды өсуіне жол ашады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында елімізді жаңа экономикалық модельге көшіру міндеттерінің маңыздылығын ерекше атап өтті. Бұған әділ және бәсекеге қабілетті экономикалық жүйе құру, экономиканы әртараптандыру, инфрақұрылымды жаңарту, бизнесті қолдау және инвестиция тарту кіреді. Бірнеше жыл ішінде Қазақстан біртіндеп өңдеуші өнеркәсібін дамытуға баса назар аударуда. Президент 2019 жылғы алғашқы Жолдауында ұлттық экономиканы дамыту үшін өңдеуші өнеркәсіптің маңыздылығын белгіледі. 2023 жылғы Жолдауда қуатты индустриялық базаны қалыптастыру және еліміздің өңдеуші саласын үдемелі дамыту бойынша басым міндеттер айқындалды. Еліміздің байыпты ресурстық базасы бар, ол дәстүрлі түрде пайдалы қазбаларды өндірумен және экспорттаумен айналысады. Бірақ біз ел экономикасында «ресурсқа тәуелділік» салдарын тудырмай, өзіміздің шикізат қоры көмегімен дамытуымыз керек. Ел ішінде өндірілетін шикізат жаңа өндірістердің құрылуын қамтамасыз етуі керек. Жоғары өңдеу саласын дамытуға баса назар аудару елдің сыртқы тәуекелге осалдығын азайтуға және экономикалық қауіпсіздікті нығайтуға мүмкіндік береді. Тәуелсіздік алғаннан кейін алғашқы кезеңде Қазақстан жаппай индустрияландыруға бағыт алды. Негізгі даму бағыты өңдеу өнеркәсібі болды, кейін ол елімізде өнеркәсіптің өсуінің негізгі драйверіне айналды. Индустрияландыру жылдары мыңдаған жаңа заманауи жоғары технологиялық өндірістер құрылды, олар жаңа өнімдердің жүздеген түрлерінің шығарылуын қамтамасыз етіп, мыңдаған жұмыс орындарының құрылуына ықпалын тигізді. Қасым-Жомарт Тоқаев сұхбатында 2029 жылға қарай ұлттық экономиканың көлемін екі есеге ұлғайту толығымен қол жеткізуге болатын мақсат екенін атап өтті. 2022 жылғы 29 желтоқсанда Мемлекет басшысы Үкіметке машина жасауды дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарын әзірлеуді тапсырған болатын. Ол 2023 жылдың мамыр айында Машина жасаушылардың XI форумында талқыланып, бизнестің пікірін ескере отырып, 2023 жылғы 7 қарашада құжат Үкімет қаулысымен бекітілді. Кешенді жоспардың жүзеге асуы Президент алға қойған мақсатты жүзеге асыруға айтарлықтай ықпал етуде. Жоспарға 7 бағыт бойынша 79 іс-шара енгізілген. Бұл – отандық өндірушілерді қолжетімді бағамен шикізатпен қамтамасыз ету, басымдықты және қолжетімді қаржыландыруды қамтамасыздандыру, отандық өндірушілерді салықтық жеңілдіктермен ынталандыруды жақсарту, білікті кадрлармен қамтамасыз ету және ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды (ҒЗТКЖ) дамыту, машина жасау өнімдерін өткізуді ынталандыру, техникалық реттеу жүйесін жетілдіру, сала секторларына арналған мақсатты қолдау шараларын жүзеге асыру. Кешенді жоспардың нысаналы индикаторлары өндіріс көлемін 4,5 есеге арттыруды қамтамасыз ету және атаулы өнім көлемін 11,3 трлн теңгеге жеткізу болып табылады. 2028 жылға қарай жалпы қосылған құн 1,3- тен 5,9 трлн теңгеге дейін, НКИ (нақты көлем индексі) жылына кемінде 10%-ға, экспорт көлемін 3 есеге, еңбек өнімділігін 1,9 есеге, инвестицияны 1,5 есеге арттыру жоспарлануда. Индустрияландырудың алғашқы бесжылдығы (2010-2014) бағдарламасы аясында мемлекет өнеркәсіптің ауылшаруашылығы мен қызмет көрсету секторын қос алғанда, экономиканың барлық негізгі секторларын таргеттеді. Бұл кезде бағдарламаның мақсаты әлемдегі дағдарысты жағдайларға қарамастан, экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету болды. Бұл жылдары көптеген инфрақұрылымдық мәселелер шешілді: 4 мың шақырымға жуық автомобиль жолдары салынып, реконструкцияланды («Батыс Еуропа – Батыс Қытай», Орталық-Оңтүстік және Орталық-Шығыс 2 транзитттік дәлізі), 1700 шақырымға жуық теміржол салынды (Өзен – Түрікменстанмен мемлекеттік шекара, Жетіген – Қорғас, Бейнеу – Жезқазған, Арқалық – Шұбаркөл), 13 арнайы экономикалық аймақ пен 23 индустриялық аймақ жұмыс істей бастады. 2020-2025 жылдарға арналған индустрияландыру бағдарламасынан не күтіледі? Жаңа мемлекеттік бағдарламаның мақсаты – ішкі және сыртқы нарықтардағы өңдеу өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін келесі міндеттер қойылды: ішкі және сыртқы нарықтарда сұранысқа ие өңделген тауарлар номенклатурасын кеңейту және өндіріс көлемін арттыру; базалық өндірістерді дамытуды ынталандыру және стратегиялық жобаларды іске асыру арқылы өнеркәсіптік қуаттылықтарды ұлғайту; өңдеу өнеркәсібінің салаларының технологиялық дамуын және цифрландырылуын қамтамасыз ету. ИИД МБ екі бесжылдығының тәжірибесін ескере отырып, елімізде индустрияландырудың одан әрі дамуына ықпал ететін жаңа тәсілдер әзірленгенін айта кеткен жөн. Бірінші кезекте, ішкі нарықты сапалы өніммен қанықтыруға және экспортқа шығуға бағдарланған өңдеу секторының тиімді кәсіпорындарына баса назар аударылады. Сонымен қатар мемлекеттік қолдаудың бөлекбөлек құралдарынан бизнестің қарсы міндеттемелері мен жауапкершілігінің есесіне дамуды кешенді ынталандыру жүйесіне көшу де маңызды болады. Бұдан басқа, салалық қағидаттан нақты басымдыққа ие тауарларды анықтауға көшуді, сондай-ақ құнын құруда ғаламдық тізбекті проактивті құрастыруға назар аударуды ескеру қажет

18.07.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 53
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 580
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 694
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 609
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 618

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8754
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8154
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11383
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9137
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10368