Жаңа Қазақстанға пәрменді Мәжіліс керек

Жаңа Қазақстанға  пәрменді Мәжіліс керек

Нұрлан Зайруллаұлы Қарағанды облысында әкім, Президент әкімшілігінде басшы, басқа да жауапты қызметтерде болды. Қай қызметте жүрсе де, адалдығымен, халықшылдығымен таныла білді. Темірдей тәртібімен көзге түсті. Осындай рухы мықты азаматқа газет ұжымы атынан алдағы қызметіне табыс тілейміз! Ер еңбегі еленеріне сенгіміз келеді.

Өз айтары бар, мемлекеттік қызметте әбден ысылған Нығматулиннің орнына парламенттің төменгі палатасының төрағасы болып Ерлан Қошанов сайланды.   Орталық сайлау комиссиясы сейсенбі күні оны мәжіліс депутаты ретінде тіркеді. Бізге жеткен ақпаратқа қарағанда, депутаттар мәжіліс төрағасы кандидаттығына құпия түрде дауыс берген. Депутаттар әдеттегідей  Қошанов кандидатурасын бір ауыздан мақұлдап белсенділік танытыпты. Екі бірдей «оппозициялық партия» қалыс қалмаған, қарсылық танытпаған. Қазірден-ақ  «өзгеруді» емес, «өзге түрге енуге» дайын тұрған оппозициядан не үміт, не қайыр!

 1 ақпан күні депутаттық өкілеті тоқтатылған Нұрлан Нығматулин отырыста сөйлеген сөзінде өз еркімен өтініш бергенін айтып, әріптестеріне, бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев пен қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа «лауазымды қызметтерді сеніп тапсырғаны үшін» алғыс айтты. Мәжілістің жаңа спикері Ерлан Қошанов бұған дейін президент әкімшілігіне жетекшілік еткен. Билік баспалдағында өсіп-өркендеген тұлға! Көпшілікке жақсы қырымен, іскерлігімен де танылғанын айта керуіміз керек. Әлеуметтік желіде де көпшілік Мәжіліс төрағасына жылы лебіздерін білдіріп жатыр. 2 ақпан күні Мәжілістің жаңа төрағасы Ерлан Қошанов Палатаның жалпы отырысын өткізді. Ол өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқан «Жаңа Қазақстан» құру жолында Парламентке артылар жүк те, жауапкершілік те өте зор екенін, сондықтан осынау сындарлы кезеңде халық сенімінен шығып, Президент бастамаларын барынша қолдау – депутаттардың басты міндеті болатынын алға қойды.

«Қоғамның үнін естіп, халықтың тілін түсіну және дер кезінде шаралар қабылдау – кез келген келеңсіздіктің алдын алу негізгі алғышарты. Сол себепті алдағы уақытта депутаттар корпусының азаматтық секторымен, БАҚ өкілдерімен, әсіресе өңірлердегі қоғам белсенділерімен тығыз байланысын одан әрі жандандырамыз. Бұл – Президент бекіткен «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасын нәтижелі жүзеге асырудың басты ұстанымы, – деп атап өтті Мәжіліс спикері. Қазақылығы басым Қошанов бұрынғы спикер Нығматулин салған сара жолды жалғастырып – Мәжілістегі қазақ тілінің де мерейін көтереріне сенейік!

 

 

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК
03.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 45
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 157
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 61
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 196
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 190
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 157
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 303
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 302
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 521
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 474

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9178
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8577
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11805
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9574
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10784