Соңғы жылдары ауданымызда жаңа технологияны тиімді пайдаланып, өнім көлемін арттырып жүрген шаруалардың қатары артып келеді. Бұрын шаруалар көктемгі жаңбыр суынан кейін бір рет қана өнім алатын болса, қазіргі таңда жаңбырлатып, тамшылатып суғару әдістерін қолдану арқылы бір жылда екі-үш рет өнім алуға қол жеткізіп отыр. Әсіресе, жаңбырлатып суғару әдісімен бұрын игерілмей бос жатқан жерлер айналымға қосылуда.

Жаңашылдыққа бет бұрған шаруалардың бірі - Қызыларық ауылындағы "Мерсейіт" шаруа қожалығы.



Екі жыл бұрын жоңышқалық алқапты жаңбырлатып суғару мақсатында жаңбырлатып суғару қондырғысын алған болатынбыз. Бұл қондырғыны алуға "Тараз" ҮЕҰ-ның көмегі өте көп болды. Қондырғының 50 пайыздық субсидиясы бар. Үкіметке қарыз соммамды төлеп бітірдім, қазір қондырғы толықтай өзімізге тиесілі болды.
Тамшылатып суғару уақытымызды да, суды да үнемдейді. Ал, жаңбырлатып суғарудың пайдасы шаруаларға мәлім. Әсіресе, қуаңшылық орын алған жылдары өте қажет қондырғы.
Тамшылатып суару - өсімдіктің тамырына суды, тыңайтқыштарды және өсімдіктерді зиянкестерден қорғайтын агрохимиялық заттарды дәл әрі біркелкі жеткізу үшін қолданатын өндірістік әдіс. Сонымен бірге тамшылатып суғаруға арналған құбырлар арқылы суға тыңайтқышты қосып қолдануға, яғни тыңайтқышты да, суды да керек мөлшерде пайдалануға мүмкіндік береді»,- дейді Олжас.