Қазақстанның темір жол саласында тың серпілістер болып жатыр. Бұл ең алдымен елімізідң сыртқы саясатындағы маңызды стратегиялық бағыттарының қатарына енетін ауқымды әрі ұзақ мерзімді жобаларыынң қатарына енетіні сөзсіз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылы қыркүйектегі Жолдауында 2029 жылға дейін 5000 шақырым темір жол салынатындығын айтқан еді. Бұл жұмыстың кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын ауқымды әрі аса маңызыд жоба екендігін барша жұрт сезді. Сонымен қатар жаңа алдағы уақытта 11 мың шақырым темір жол учаскелерін жөндеу және 184 станцияны қайта жаңғырту туралы жоспарлардың бар екендігін білдік. Бұлардың қатарында жаңа вагондар мен локомотивтер алынатындығы белгілі болды.
Мемлекет басшысы 2025 жылы 24 қыркүйекте БҰҰ-ның Бас ассамблеясының 80- сессиясында сөйлеген сөзінде 5000 шақырым темір жол салу жобасы туралы тағы да айтып өтті. Бұл аймақтағы ұлы өзгерістер мен жаңа бағыттардың қалай дамитындығынан хабар беретін айтулы жаңалық еді. Сол мезетте қазақ Президентінің баяндамасындағы бұл ақпараттардың Қытай басылымдарында күшті аңыс қозғағанын көрдік.
Енді осы жобалардың басталуы мен сыртқы саясаттағы маңызы туралы аздап тоқтала кетейік. Жаңа темір жол құрлысының бағыттары үлкен 4 бөліктен тұрады. Оның алғашқысы Достық – Мойынты бағыты. Ұзындығы 836 шақырым болатын бұл жол Қытай шекарадан ішкі логистикаға дейінгі жаңа дәліз болып табылады. Келесі бір жаңа бағыт Бақты – Аягөз бағыты. Қытай жағы Шыңжаңның солтүстігіндегі аудандар аралығын жалғайтын темір жол желілерін жылдам дамытып үлгірді. Қазір Қазақстан шекарасына жақын жердегі Шәуешек қаласына дейінгі темір жолды пайдаланып отыр. Бұл бағыт Бақты кеден бекеті аумағындағы жаңа темір жол дәлізі болады. Біз осы ленияны тұтастыру үшін Бақтыдан Аягөзге дейінгі аралыққа темір жол желісін тұтастыруымыз тиіс. Үлкен жобаның үшінші бөлігі Дарбаза – Мақтаарал және Жетісай – Түркістан бағыттарыда тартылатын темір жол желісі болып есептеледі. Ол өз кезегінде Орталық Азия елдерімен байланысты онан ары тереңдете түсуге септігін тигізетін болмақ. Жобаның төртінші бағыты Бейнеу – Шалқар және Қандыағаш – Мақат бағытындағы темір жол желісі. Бұл батыс Қазақстан мен Каспий бағытын нығайтуды көздейді.
Қазақстан темір жолы АҚ-ның таратқан мәліметінде 2027 жылға дейін 1700 шақырымнан астам жаңа теміржол желілері салынатындығы айтылған. Олардың қатарында Достық- Мойынты аралығындағы 836 шақырым жол биыл аяқталатын болады. Құрлысы 2024-2025 жылдарға арналған 75 шақырымдық Алматы айналма жолы. 2024–2026жылдары аралығында салынуы тиіс 152 шақырымдық Дарбаз- Мақтаарал бағыты. 2025–2027 жылдары аяқталуы жоспарланған 295 шақырымдық Бақты- Аягөз темір жолы. 2025–2026 жылдары аяқталуы тиіс 329 шақырымды құрайтын Қызылжар – Мойынты темір жолы.
Аталмыш жобалар сәтімен жүзеге асар болса еліміздің логистикалық-транзиттік әлеуетін еселей түсетіні сөзсіз. Бұл Қазақстанның сыртқы саясатындағы маңызды қадам болып табылады. Өйткені бұл жобалар- елдің геосаяси және экономикалық стратегиясының өзегі екені даусыз. Сондай-ақ Қазақстанның транзиттік дәуірінің жаңа кезеңінің басталғандығын көрсетеді. Ол біздің елімізді Қытай–Еуропа транзитінің басты өткеліне айналдыруы мүмкін. Бұл баламалы бағыттардың ашылуы көлік дәліздерінің Ресейге тәуелділігін азайтатын болады. Осылайша Орталық Азия, Каспий теңізі және Кавказ арқылы өтетін Транскаспий халықаралық көлік бағыты дами түседі. Мұндайда жол бойындағы елдерде өзара сауда мен экспорт көлемін жақсаратыны сөзсіз.
Қазіргі таңда Орталық Азия елдерінің барлығы өздерінің ерекше географиялық артықшылықтарын пайдалана отырып, Еур-Азияны жалғайтын маңызды транзиттік өткелдерді дамытуға айрықша талпынып отыр. Соның бір дәлелі Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан темір жол құрлысы. Бұл 1990-жылдардың соңында ортаға қойылған жоба болғаынмен түрлі кедергілерге байланысты тоқтап қалған еді. Үш елдің басшылары 2024 жылы осы жобаны жүзеге асыруға келісімге келді. Шыңжаңның оңтүстігіндегі Қашқар қаласына басталатын темір жол Өзбекстанның Әндыжан қаласына дейін баратын болады. Жалпы қзындығы 523 шақырым. Бұл жол келешекте Түркіменстан мен Иран арқылы Парсы шығанағына дейін жалғасуы жоспарлап отыр. Бұл бағыт Қытай тауарларының Ресей аумағын айналып өтіп, Оңтүстік Азия мен Таяу Шығысқа шығуына мүмкіндік береді.
Біздің ойымызша келешекте Орталық Азия елдері аумағынан өтетін бұл темір жолдар арасында белгілі деңгейде бәсекелестік пайда болуы мүмкін. Дегенмен Қазақстан негізгі дәліз ретінде қалатын болады. Қазақстанаумағынан өтетін темір жол Транскаспий дәлізімен тығыз байланысатын болады. Осылайша Қытай–Қазақстан–Каспий–Әзербайжан–Грузия–Түркия арқылы Еуропаға жетеді. Мамандарыдң пайымдауынша бұл теңіз жолы арқылы жететін тасымалдың уақытын кемінде 20 күнге қысқартады екен.
Қазақстан бастаған бұл жобаның берер нәтижесі, экономикалық мүдделерден бөлек, сыртқы саяси ықпал мен геосаяси салмақты арттыруға септігін тигізері сөзсіз. Еуропа елдері мен Қытай арасында жүк тасымалының өсімі 2030 жылға дейін екі есе артуы мүмкін, мұндайда Қазақстан сол ағынның 20–25%-ын өз аумағы арқылы өткізетін болады.
Қытайдан Еуропаға дейін созылатын Қазақстан аумағын басып өтетін темір жол желісі мен Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан темір жол желісінің маңыздылығы зор болғалы тұр. Екі жоба сәтімен жүзеге асатын болса аймақтық көлік картасын қайта сызылатын болады.
PS: Қазақстан жүзеге асырып жатқан 5000 шақырымдық теміржол жобасы- тек көлік саласының бастамасы емес, сыртқы саясаттың экономикалық өзегі. Ол елді Еуразияның жаңа сауда дәліздерінің торабына айналдыруға бағытталған. Осылайша қазақ елі Еуразияның көлік хабы ретінде өз позициясын нығайтуға түсетін болады.














