ЖАНАЙДАР ҚАРИЯ ТОҚСАННЫҢ ТӨРІНДЕ

ЖАНАЙДАР ҚАРИЯ ТОҚСАННЫҢ ТӨРІНДЕ

Маусымның үшінші жексенбісінде Қазақстанда алғаш рет Әкелер күні атап өтіледі,

Қазақ «әке – асқар тау, ана – баурайындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ» деген бірауыз сөзге бүкіл тәрбиенің бастауын сыйғыза білген. Асқар тауының тәрбиесін көріп, асыл қасиеттерін бойына сіңіріп өскен ұрпақ жаман болмайды – деп сенген.

Әкенің орны қашан да бөлек. Қызым қылықты болсын деп "қырық үйден тыятын" да, ұлды ұлы мақсаттарға жетелеп, жол көрсететін де – әке. Жүз мектеп бере алмайтын тәрбиені бойға сіңдіріп, таудан биік талапты болуды үйрететін асқар таудың жөні дара екені даусыз.

Қай кезеңде де өзгелерге үлгі бола білген еңбек адамының ерен еңбегі мен әрбір жетістігі елеусіз қалмайтыны ақиқат. Себебі, әр үздік нәтиже мен күрмеуі қиын жұмыстың астарында сол бір жанның табан ақы, маңдай тері жатыр. Әр адамның өмірде өз жолы бар. Соған қарай тұлғасы қалыптасып, бейнесі бекемделе түседі. Адамды өсіретін де, өшіретін де оның істеген ісі. Адал еңбекпен табысқа жеткен жанның әркез мерейі үстем, еңсесі биік болмақ.

Осындай ӘКЕ деген қасиетті сөздің де істің де қадірін кетірмеген, тіпті тоқсанға аяқ басса да айтар сөзінен, жүрер жолынан жаңылмаған әкелеріміз ортамызда баршылық.

Расында да, біз осы «әдемі қар­таю» деген сөздің түп-төркініне барып, оның мәнісін терең түсіне аламыз ба? Жақсы қартаю барлығымыздың қолымыздан келе ме? Ол үшін не істеуіміз керек? 

Халқымызда «Үлкеннен құрмет, кішіден ізет» деген даналық сөз бар. Кейде әркімнің отбасында, өскен ортасында адами қасиеттер жайлы ұдайы әңгіме қозғалып, жайқалып өсіп келе жатқан жастарға дұрыс тәрбие, саналы ақыл айтып отырсақ артық болмас еді-ау деп ойлайсың.

Өңірімізде өмірдің талай қилы кезеңдерін бастан өткеріп, білімі мен тәжірибесін еліміздің өркендеуі жолына арнаған, бүгінде жұртшылықтың құрметіне бөленіп отырған ардақты ақсақалдарымыз аз емес.

Бар саналы өмірін ауылшаруашылығы саласына  арнап, аймағымызда құрметтілер көшінде жүрген Жанайдар атамыздың есімі мен өнегелі өмір жолы  аға буын өкілдеріне жақын таныс.

Сарысу ауданының Құрметті азаматы, ардагер Сұлтанбеков Жанайдар  15 маусымы күні торқалы тоқсан жасқа толып отыр.

Саналы ғұмырын ауылшаруашылық  саласына арнаған ақсақал қазірде көпке сыйлы, халқына құрметті. Өнегелі өмір жолымен жас ұрпақты еңбек етуге тәрбиелеуге үлкен септік тигізіп жүрген ширақ қимылды қарт «Сарысу ауданының құрметті азаматы». Өмірден көргені мен көңіліне түйгені көп қария туралы мақаланы назарларыңызға ұсынамыз.

Өмірден көргені мен көңілге түйгені көп қазыналы қарт деп осы Жанайдар қария туралы айтса керек көпшілік. Тоқсанға екінің бірі келе бермейді. «Алла Тағала сүйген құлына ұзақ жас береді» дейді хадисте. Осы орайда сүйегі асыл ардагердің өткен өмір жолына тоқталатын болсақ, оның ғибратты өмір кешіп келе жатқанын аңғарамыз.

 Ол 1934 жылы 15-ақпанда Коммунар колхозында (қазіргі Игілік ауылы) дүниеге келді.

Коммунар 7 жылдық мектебін 1948 жылы бітіріп, 1951-1952 жылдары Тараз қаласындағы ауыл шаруашылық мектебінде агроном мамандығы бойынша білімін жетілдірген. Оқуды аяқтаған соң Коммунар колхозында агроном болып жұмыс атқарды. 1956 жылдан бастап Коммунар совхозында шофер болып 1966 жылға дейін жұмыс жасады. 1967 жылдан бастап совхозда гараж меңгерушісі, МТМ меңгерушісі, машина трактор ауыл шаруашылық меңгерушісі болды.

«Еңбек – ерлікке жеткізер, ерлік – елдікке жеткізер» деген. Сандаған жылдар торабында алтынмен көмкерілген алқапта үздіксіз еңбек көрігін қыздырып, қамбаға тонналап астық құйған, ата дәстүрін сә­тімен жалғастырған, темір тұлпар тізгінін берік ұста­ған жасампаз жан, атпал азамат, қайратты қария, бүгінде құрметті еңбек демалысында.

Еткен еңбек елеусіз қалмасы анық. Осы орайда тоқсанның төріне шығып отырған атамыз  Жеңістің әр жылдардағы мерекелік медальдарынан бастап, облыс, аудан әкімдерінің және ардагерлер ұйымының  алғыс, құрмет громаталарымен марапатталған.

Көп жылғы қызметінің жемісін терген мәуелі бәйтеректей, ауыл-аймақ, бала-шағасының ортасында бақуатты тіршілік кешіп жатыр. Жүрген жерінде сыйлы, құрметті, бедел­ді. Төккен тер, шеккен бейнетінің нәтижесін көргеніне шүкіршілік етіп, іштей тәубе айтып отырады.

Зейнетке шыққаннан кейін қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, біраз жылдар бойы Игілік ауылдық ардаргерлер кеңесін басқарды.

Ел құрметінен ажырамай, сый-абыройға бөленіп, бала-шағаларының алдында, замандастарының ортасында қадірлі, мінезге бай асыл азамат ретінде көпке танылды.

Ел арасындағы өсек-аяңға ілеспей, қашан көрсең де бір сыдырғы мінезімен, нұрлы шуағымен, көпшілдігімен, қарапайымдылығымен, бауырмалдылығымен өзіне тартып тұратын қария туралы тек қана жақсы сөздер естіп келеміз.

Ақиқатында базбіреулер сәлем берген қолыңды саусағының ұшымен, еріндері әрең жыбырлап «қинала» алса, Жанайдар қария артық сөзге келмей, тек қана сабырлы, әділетті сөздерімен еліне тек қана  шын көңілімен жақсылық тілеп оытралы.

«Көңіл көңілден су ішеді» деп халық осындайды айтқан болар! Иә, асыл адам айнымас. Барлық қарттарымыз ел алдында сый-құрметке бөленіп, алғыс арқалап жүрмегені де рас.

Аталы, мәнді сөз айтудың орнына, «бүйректен сирақ шығарып», ел арасына жік, ру мен аталар ортасына іріткі салып, елді бөліп-жарып, қисық-қыңыр сөз таратып, дау-жанжал, айтыс-тартыстың «ұйытқысы» болып, беделін кетіріп, қадірін қашыратын кейбір  қариялар қатарынан табылмайтын Жанайдардай қарияны көргенде шіркін осындай әдемі қартаю бізге де бұйыртса екен деп қаласың.

Жарты жолда атың, жарым жолда қатының өлмесін деген сөз бар қазақта. Жарты жолдан асып, тоқсанға таянған шағында  Жанайдар қарияның жан жары Әсия апамыз осыдан екі жыл бұрын дүниеден өтті.

Адамгершілігі мол, өзі қонақжай жанның жарқын бейнесін «көз көрген» үлкен-кіші ұмытпақ емес. Тату-тәтті өмір сүрген, жұптары әсте жазылмаған бәйтеректей мәуесін джайған қарттарлан өрбіген ұрпақтары бүгінде шаңырақтарын шаттыққа толтырып, ұл-қыз өсіріп, отыздан аса немере шөбере сүйіп отыр.

 Осы ретте абыз қариядан ұзақ жасаудың сыры неде екенін айтып беруін сұрағанымызда ол: «Жас жайына келсек, мен ешқашан алдыма ұзақ жасайын деп мақсат қойған адам емеспін. «Тоқсан көрем деген жасым ба еді, быламық ішем деген асым ба еді»  деп қазақ атам  айтқандай, менің жасыма келген де, келмеген де адам бар. Бұл әрине Алланың маған берген сыйы деп білем.

Адам адал өмір сүрсе, әрине ол әрдайым Алланың қамқорлығында жүреді. Менің оған көзім жетті. Әділдік пен тазалық осы адалдықтан шығады. 

 «Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман» деп ақын Абай айтқандай,  кейде қазақ халқының данышпан қариялары байырғы өмір өрісінде қалып кеткен бе деген де ой келеді. Олай дейтінім, бала кезіміздегі  қырық жастағы ағаларымыз біздер үшін үлкен жастағы кісілер сияқты көрінуші еді.

Әкелеріміздің қатарлары  жастарына жетпей ақсақалдықтың жолына түсті. Қазірде осы мәселе мені ойландырады. Жасы жетпістен асқандар арасында үлкендіктің жолын ұстанудың орнына такси болып, жастармен бірге шарап ішіп жүргендерді кездестіремін. Біле білгенге тоқсан өте үлкен жас. Десе де, мен тоқсанға келсем де ұрпақтарымның алдында жөн сілтеп жүрегеніме Құдайға  шүкіршілік  деймін. Қас қабағыма қарап, жағдайымды жасап отырған ұл-қыздарыма  Алланың нұры жаусын, деп барлық ұрпақтарыма тек қана жақсылық тілеймін», – деді.

Жанайдар қарияның елге сіңірген еңбегі өлшеусіз. Бала жасынан ауылшаруашылық саалсын өміріне серік етіп келе жатқан қарт диқанның өскелең ұрпаққа бергені де,  берері  де әлі көп. Оның өнегелі өмір жолы бәрімізге үлгі. 

 «Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан шығады» ағайын? Міне, елім деп жүрген  абыз ағаны қай жағынан құрметтесек те артықтық етпейді. 

Арайлап атқан әр таңның, бейбітшілік пен тыныштықтың қадір-қасиетін ұғынған еңбек ардагерінің  жүзінен нұр кетпей, жүзге де жетсін дейміз. Ылайым, солай болғай!

Сарысу ауданы
15.06.2024

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 26
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 38
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 20
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 36
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 14
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 52
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 154
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 157
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 341
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 334
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 958

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9034
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8430
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11658
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9413
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10639