Жаңаөзен оқиғасы бізге сабақ болуы тиіс

 Жаңаөзен оқиғасы бізге сабақ болуы тиіс

   Жаңаөзен тұрғындарының жергілікті әкімдіктен газ бағасын түсіруді талап етіп, жаппай наразылыққа шыққаны әлеуметтік желіде аз айтылып, аз жазылған жоқ. Маңғыстаудағы газ бағасының қымбаттауын облыстық облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Бердібек Қартбаев: «Біздің өңіріміз жеңілдетілген газды көп тұтынушы өңірлердің бірі. Біздің айлық тұтыну көрсеткішіміз – 18 мың тонна газ.  Газ бағасының қымбаттауының бір себебі – көптеген тауарлардың электронды биржаға шығуы. Өздеріңіз білетіндей, біздің «Қазақ газ өңдеу зауытының» құрылғылары ескірген. Ол да бағаның өсуіне бір себеп. Біз зауытқа инвестиция  тартуымыз керек. Сол секілді, Жаңаөзенде зауыт құрылысын бастау да жоспарымызда бар. Екінші фактор – біз газдың қосымша қорын (запас) Атырау облысынан аламыз. Қазір газдың орташа бағасы 95-100 теңге. Республика бойынша газдың орташа бағасы 110 теңгені құрап отыр. Атырау облысында ол 115 теңге болса, Оралда 120 теңгеден сатылып жатыр. 60 теңге мөлшеріндегі бұрынғы баға енді болмайды. Өйткені қазір биржадағы газ бағасы – тасымалдау мен кәсіпкердің шығындарын есепке алмағанда, литріне 70-85 теңге. Әкімдік газ бағасын реттемейді. Өйткені бұл тауар бәсеклестік нарыққа жатады», – деп түсіндіріпті.  

   Ашық ақпарат көздеріне сенсек, Қазақстан газ қоры бойынша әлемде 15-і орынды иемденеді. Ал газ игеру және өндіру бойынша 19-ы орында. Бұл дегеніміз – қай тұрғыдан алып қарасақ та, Қазақстан газға қатысты көрсеткіштер бойынша үздік жиырмалықта енеді деген сөз. Алайда газ бағасы оған қарамастан еселеп көтеріліп жатыр. Мәселенің ақиқаты – Қазақстанды қымбатшылық қысып тұр. Азық-түлік, дәрі-дәрмек, құрылыс материалдары мен баспана, жанармай мен газ бағасы тоқтаусыз өсуде. Президент жолдауда инфляцияны түсіру туралы тапсырма берсе де, айтарлықтай өзгеріс жоқ. 2020 жылы бағаны тұрақтандыру үшін 30 млрд теңге бөлінсе, 2021 жылы 50 млрд теңге бөлінген. Осының өзі жағдайдың қаншалықты қиындағанын көрсетіп тұр.

   Маңғыстау өңіріндегі наразылық толқыны мемлекеттік комиссияның араласуымен оң шешімін тапса, облыс тұрғындарын қолдаймыз деген желеумен бас көтерген Алматы қаласындағы тәртіпсіздік, шындығын айтсақ, тонаушылық, террористік сипатқа ие акция екендігі дау туғызбаса керек. Бейбіт мақсатта өтсе, мұндай наразылық адам қан төгуге дейін ушфықпауы керек-тін. Билік тарапынан таратылған ақпарат бойынша, қаладағы бассыздыққа байланысты ұсталғандардың басым көпшілігі бұрын сотталған қылмыскерлер екен. Олардың қолтығына су бүркіп, жолындағының бәрін қиратып, қоғамдық тәртіпті қорғаушы полиция қызметкерлеріне оқ атуға итермелеген саяси күштер бар сынды. Мұны Президент Қ.Тоқаев айтты да. Ол: «Өздерін ереуілшілерміз дейтіндердің көпшілігін оларға қаржылық көмек көрсетіп, елдегі тұрақтылықтың шаңырағын шайқалтуға итермелеп отырған ниеті арам саяси күштердің бар екендігін көрсетеді. Сондай-ақ, қоғамдық тәртіпті бұзып, тонаушылық әрекеттерге барғандардың іс-әрекеттерінің алдын ала жоспарланған, жақсы дайындықпен өтуінің өзі соған көз жеткізеді. Мен осыған дейін ел халқына бірнеше рет үндеу жолдадым. Бірақ, соған қарамастан, әлгіндей топтар мақсатты әрекеттерін тоқтатпай отыр. Ел халқының құқығын, өмірін қорғау жауапкершілігі мойныма жүктелген президент ретінде, барша халыққа ескертемін, енді мен де қатаң шараларға баруға мәжбүр боламын. Кез келген шара заң аясында, өзара түсіністік деңгейінде екіжақты диалогта өтуі тиіс. Арандатушылардың жалған айтағына еріп, заңбұзушылыққа бармауларыңызды сұраймын. Қиыншылықты барлығымыз бірлесе отырып еңсеретінімізге толық сенімдімін. Баршамыз әрқашан да бірге болайық!» – деген болатын. Бұл бітімгершілік үндеу әлі де өзінің өзектілігін жойған жоқ.

 

 

Ермек Сахариев
12.01.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 29
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 53
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 19
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 24
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 31
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 27
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 55
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 53
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 258
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 255
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 877

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8952
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8346
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11572
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9330
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10556