Facebook желісіндегі «Шындықтан қаша алмайсың» тобында Arman Nurgaliev есімді желі қолданушысы мынадай ақпарат таратқан екен.
Жаңаөзен тұрғындарынан Қазақ халқына үндеу мен ашық хат!
Батыс Қазақстан аймағының келешегіне, біздің ұрпақтарымыздың жарқын болашағына деген сенімсіздік бізді дүйім Қазақ халқына аталмыш үндеу мен ашық хатты жазуға мәжбүрлеп отыр.
Біздің биліктің жүргізіп отырған экономикалық саясаты, елдің ішкі дамуының тепе-теңсіздігі мен Отанымыздағы кейбір аймақтардың әділетсіз түрде дамып отырғандығы бізді түсініксіз жағдайларға душар етіп отыр, сондықтан да ел дамуының кейбір қауіпті тұстарына басымырақ көңіл бөлуді қалаймыз.
Тарихтан белгілі, табиғи байлығы орасан зор Батыс Қазақстан аумағында ежелден бері негізінен ешбір хан-патшаға бас имеген Кіші жүз халқы мекендейді. Біздің осы тарихи мекенімізде мұнай мен газдың, басқа да пайдалы қазба байлықтарының өте мол көлемдегі қоры бар екені баршаға аян. Алайда осынау зор байлықтың үстінде отырған Батыс жұрты елдегі басқа аймақтардың халқымен салыстырғанда өте төмен дәрежеде өмір сүріп жатыр. Неліктен?
Әрине, біздің өлкенің байлығын тойымсыз Астана(САТАНА),ЭКСПО,т,б сияқты Ұрысұлтан бастаған 200 семья ұрлап, есепсіз жұтып жатқанын біз жақсы білеміз және оған көндігіп те қалдық.Сонымен қатар ұры Назарбаев-Тоқаев билігінің 30-жыл бойы жүргізіп отырған сауатсыз экономикасының «арқасында» өлкедегі пайдалы қазбалардың көптеген кен орындары Қытай мен Ресейдің компанияларына сатылып кетті.
Міне, осы жағдай бізді қатты толғандырады. Нұрбиліктің жер мен оның пайдалы кен орындарын қытайлық компанияларға сатып, бізді Қытайға тәуелді ету үшін әдейі осындай саясат ұстанып отырғанына әбден көзіміз жетті.
Сонда біз өз елімізге керексіз болып, қара қытайдың құлы болып қаламыз ба деген ащы шындықты мойындауға тура келіп отыр.
Өз жерімізде өзімізді ығыстырып, нұрбиліктің құзырлы органдары бізге қысым көрсетіп отыр.
Шындығында Қытай коммунистері басқарып отырған компанияларға жұмысқа тұруға да біздің жастарымызда еш мүмкіндік жоқ, оларды тіпті жұмысқа да алмайды,алғанның өзінде ең төменгі жалақы төлейді.
Сондықтан да елді жайлап кеткен жұмыссыздық пен ауыр экономикалық жағдай жас ұлдарымызды экстремистік топтарға қосылуға, ал қыздарымызды өз тәнін сатып, күн көруге итермелеп отыр. Ал Назарбаев-Тоқаевтың туыстары мен рулас-тайпаластары басшылық етіп отырған ҰҚК мен ІІД-і, сот пен прокуратура экстремист деген желеумен жазықсыз бірнеше жүздеген жас азаматтарымыздың көзін құртты, одан қалды – темір торға қамады.
Біздің аталарымыз бен бабаларымыздың маңдай терімен іске қосылған Қазақстанның мұнай өнеркәсібінде қызмет етіп жүрген мұнайшыларымыз өлместің күнін көретін азғана еңбекақы алады. Есесіне биік-биік ғимараттарда отырған «ҚазМұнайГаз» бен «Самұрық-Қазынаның» қызметкерлеріне адам айтқысыз жалақыға қоса, түрлі сыйақы алуға бұл ешқандай да кедергі етпейді. Әрине, оның басшылары – тағы да Назарбаев-Тоқаевтың жағымпаз өкілдері.
Осы жағдайдың бәрін көре отырып, мұндай езгіге шыдай алмаған мұнайшылар «ҚазМұнайГаздың» басшысы, елдегі ең бай, ең дәулетті адамдардың бірі Тимур Құлыбаевпен кездесіп, қандай да бір мәмілеге келмекші болуға тырысып еді, алайда олар кездеспек түгілі, бастарын өлімге тігіп, өздеріне жаудыртқан оқтан 2011-жылы Жаңаөзен көшелерінде 70-тей жазықсыз жан жер жастанды. Тимур Құлыбаев пен оның айналасындағы жандайшаптары біздің мұнайшыларға еңбекақыларын көтерудің, оларға ел қатарлы саналы өмір сүрудің қажеті жоқ деп санайды, ал өздерінің осы іс-әрекетімен мұнайшылар ондай өмір сүруге тіпті ешқандай да еңбек сіңірген жоқ, олар жақсы өмірге лайық емес дегенді дәлелдегісі келеді.Алайда барлық бұрғылау жұмыстары мен мұнай құбырлары осы мұнайшылардың қажырлы еңбегімен, солардың маңдай терімен іске асып жатқаны ойларына да кіріп-шықпайды.
Біз мұндай әділетсіздікке одан әрі шыдай алатын емеспіз, сондықтан да барлық Қазақстан халқына,тойымсыз Назарбаев билігі қадағалайтын жанар- жағармай,яғни газ монополистерінің шектен шыққан іс-әрекеттеріне байланысты жаппай шеруге шығуға және магистральды жолдарды жабу туралы бастамамызды қолдап, қолдарыңыздан келгенше көмек көрсетсеңіздер деп сіздерге осы ашық хат пен үндеу жасап отырмыз!
Жақын арада Қазақстан президенті тағына талас басталады, қазірдің өзінде диктатор Назарбаев қызы Дариғаны немесе өзінің Қазақ ұлтынан 30-жыл бойы ұрлаған 200 млрд$ қаржыға толықтай кепілдік(гарант) беретін лайықты мұрагер іздеумен әлек болып жүргені де белгілі.
Егер де қазірден бастап, елдегі жағдайды қадағалап, мәселені тезірек қолға алмайтын болсақ, Қазақстан халқы жақын арада қытай мен ресей басқыншыларынан бас көтере алмай қалады, өйткені қытайлықтар онсыз да Маңғыстау мен Ақтөбе-Атырау-Орал-Қызылорда өңірін жайлап болды. Міне, осы тығырықтан шығудың бір ғана жолы – жағдайды ушықтырып алмай, тезірек бір амалын шешіп, мәселені қатаң түрде қадағалап, қолға алу қажет.
Біздің ата-бабаларымыздың ерліктерін, олардың тәуелсіздік жолына ұмтылғанын ескеретін болсақ, біз Ресей мен Қытайға қарайламай, жеке өз жөнімізбен саналы өмір сүріп, кеңестік- коммунистік жүйеден арылып,шынайы тәуелсіздікке қол жеткізіп дамыған, Балтық (БАТЫС) мемлекеттері сияқты өркениетті елдердің қатарына қосылуын ойлауымыз керек. Өсіп келе жатқан ұрпақтарымыздың жарқын болашағы үшін және өлкеміздің гүлденіп құлпыруы үшін біздің Құдай берген ен байлығымыз,яғни Қазақ елінің қазба-кен байлығы бәрімізге молынан жетеді.
Сол үшін НҰРҒАУЫН-ҰРЫСҰЛТАННЫҢ халықтан қаншама жыл ұрлаған отбасылық байлығы мен билігіне қарсы бір жағадан бас,бір жеңнен қол шығарып,жұмыла күресуге шақырамыз!
Құрметпен, Жаңаөзен және Маңғыстау тұрғындары.
Маған Мұратбек Төлегенге өтініш айтқан, телеграм каналынан келген, сізді көп оқиды ғой деп, мен қойдым үндеуді және қолдаймын Жаңаөзендіктерді, қолдайық қымбатты Фейзбук халқы, достар.
Үндеумен толық келісемін, қолдаймын,біргеміз,халық жан - айқайы деп түсінемін.
Өтініш таратсаңыздар, репост жасап Жаңаөзен халқының үндеуін барлық халық оқысын, түсінеді, нақты іс керек- ау бауырлар, аға - інілер, апа - қарындастарым.