Жаңаөзендегі жұмыссыз адамдарға жаңа мүмкіндіктер ұсынылды

Жаңаөзендегі жұмыссыз адамдарға жаңа мүмкіндіктер ұсынылды

Жаңаөзенде мұнай компанияларының басшылары жергілікті әкімдікпен кездесіп, жұмыссыздық мәселесін талқылады, деп хабарлайды Qazaqstan Dauiri  Жаңаөзен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мұнай өнеркәсібіне жұмысқа орналасу  мәселесі 2019-жылдан бері көтеріліп келеді. Сондықтан «ӨзенМұнайГаз» АҚ және Жаңаөзен қаласы әкімдігі бірлесе құрған алгоритмге сәйкес «ӨЗЕНИНВЕСТ» ЖШС, «Тазасу» ЖШС, «БН» ЖШС, «ӨзенМұнайГаз» АҚ компаниялары бүгінге дейін 4000-ға жуық азаматты жұмыспен қамтыған.  Ал, сирек қолданыстағы мамандық бойынша 146 адам қызмет етіп жүр. Алайда, Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту орталығының басшысы Ұлбазар Орынбаеваның айтуынша, алгоритмге сәйкес әлі де 9996 адам жұмысқа орналасуға кезекте тұр.

- Қазіргі таңда 9996 адам кезекте тұрғанымен оның ішінде 415 адам жеке кәсіпкер, ал 4333 адамның зейнетақы қорына аударымдары үздіксіз түсіп тұр.  2603 жұмыссыз азамат  алгоритмге сәйкес кезекте тұр. Жұмысқа орналасқысы келген адам алдымен Өзенинвест мекемесінде уақытша қызмет етіп, аутсорсинг бойынша «ӨзенМұнайГаз» АҚ-на тұрақты жұмысқа орналаса алады,- деді Ұлбазар Орынбаева.  

Жиында мекеме басшылары өз ойларын айтып, ұсыныстарын ортаға салды. «ӨзенМұнайГаз» АҚ басшысы Нұрдәулет Игілікұлының айтуынша, ӨзенМұнайгаз компаниясы 10 000- ға жуық адамды жұмыспен қамтып отыр.  Бұдан артық адамды жұмыспен қамту компанияның экономикалық жағдайына кері әсерін тигізеді. Сол себепті «Қазмұнайгазр ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Дәулетжан Хасанов алдағы уақытта әлеуметтік жағдайы төмен, жұмыссыз жандарға алгоритм аясында «ӨзенМұнайГаз» АҚ компаниясына қарасты еншілес мекемелерге жұмысқа орналасуға ұсыныс білдірді. 

- Қазіргі таңда жұмыссыздық мәселесі Маңғыстау облысында  өзекті болып отыр. Шиеленіскен жағдайдың шешімін табу мақсатында жиын өткіздік. Бүгінгі күні қоғамда кез-келген азамат Өзенмұнайгазға жұмысқа орналысқысы келеді. Қазір ӨзенМұнайгазға қызмет көрсететін ҚазМұнайгаздың айналасында оннан астам ірі компаниялар бар. Яғни, біз 2019-жылдан бері келе жатқан алгоритмге жақсарту мақсатында толықтырулар енгіземіз. Оның орнына жұмысқа орналасуға болатын компаниялардың санын арттырамыз. Нәтижесінде бос жұмыс орындары көбейіп, жұмыссыз жандардың мәселесі шешілетін болады. Жиында жеке меншік компаниялардың 90% қолдайтынын айтты, - деді Дәулетжан Хасанов.

Айта кетейік, осы мәселені тез арада шешу мақсатында қала әкімінің арнайы тапсырмасымен депутаттар, қоғамдық кеңес мүшелері, компания және кәсіподақ өкілдерінен тұратын жұмыс тобы құрылып, жан-жақты зерделеп шешім қабылдайды.

24.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 35
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 81
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 27
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 35
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 40
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 35
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 75
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 81
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 275
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 271
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 892

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8969
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8363
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11589
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9347
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10573