Жамбыл облысындағы Жаңатас қаласының қазандығы газға ауысады. Оған республикалық бюджеттен 4,2 миллиард теңге бөлінеді. Орталық қазандықтағы қондырғыларды ауыстыру үшін биыл 558 миллион теңге қаралған. Жалпы «Жаңатас-Су-Жылу» мекемесін жаңғырту жұмыстары 2 жыл бойы кезең-кезеңімен жүргізіледі. Сорғы станциясы толықтай ауыстырылып, 1 бу, 2 су жылыту қазандықтары жаңадан орнатылады. Жауаптылар жобаны 2025 жылға дейін аяқтауды жоспарлап отыр. Қазір жылу тарату мекемесі мазутты пайдаланады. 2020-2021 жылдары мазут жетіспей, сапасы төмен отын салдарынын қала бірнеше рет жылусыз қалған болатын.

Жамбыл облысы әкімдігі
Сарысу ауданы әкімдігі
Жамбыл Облыстық Энергетика Басқармасы