Жаназада мал союға тыйым салатын Жарлыққа қол қойылды

Жаназада мал союға тыйым салатын Жарлыққа қол қойылды

Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров ел азаматтарына жаназада мал союға тыйым салатын Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы ел басшысы Facebook-тегі парақшасында жазды деп хабарлады turkystan.kz.

«Бүгін жаңа Жарлық шығаруды ұйғардым. Оған сәйкес, еліміздің барлық азаматына мүмкіндігі бар-жоғына қарамастан жаназада мал союға тыйым салынады. Бұрыннан белгілі, өлім шыққан үйде той болып жатқандай сезіледі. Қолында жоқтар 1 сиыр, қолында барлар 5 бас мал соятын жағдайлар әлі бар. Соның салдарынан құр намысқа тырысып, жалғыз сиырын сойып, жақындарын ақтық сапарға шығарып салуы жиі кездеседі» деп жазды Қырғызстан Президенті.

Мемлекет басшысы жұрттың барлығын осы ережені сақтауға шақырды. Себебі, адам өлген үйде жоқтау айтудың орнына қазан-қазан ет қайнатып, табақ-табақ ет тартылып, тойдағыдай көріністер болып жатады. Қырғыз Президенті үлкен ұлы Дастан қайтыс болғанда туыстарына жаназада мал союға рұқсат бермегенін, бірақ жиналған 10 мыңға жуық халықтың бұған қатысты теріс пікір айтпағанын мысалға келтірді. Осылайша, ол барша қырғызстандықтардан осы Жарлықты қолдауды сұрады.

«Бай-кедей деп бөлмей, бәріміз бір ережені ұстанайық. Осы Жарлықтың орындалуын бақылауды барлық жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, соның ішінде Министрлер кабинетіне тапсырамын. Жергілікті билік мектеп директорларынан бастап, барлық учаскелік полицейлер, ауыл әкімдері, аудандық мекеме басшылары, аудан әкімдері, Президент өкілдеріне дейін ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, бұл мәселені қатаң бақылауға алуын талап етемін. Осы Жарлықтың орындалуына әркім жауапты болатынын ескертемін», – деді Садыр Жапаров.

Қанат Жаңбырбай
25.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАРМЕН G2В ФОРМАТЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 23.12.2024 45
ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЛАР ЖАЛҒАСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 174
ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 218
 ОТЫРАРЛЫҚ ҮЗДІК ҰСТАЗДАРҒА ДУБАЙҒА ЖОЛДАМА ТАБЫСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 51
ТҮРКІСТАНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 168
ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 218
Тоғыз жолдың торабындағы  Шу елінің ықыласы
НұрболатАМАНБЕК, Жамбыл облысы - 20.12.2024 277
«Ауыл аманаты – ел аманаты»
Марат ҚҰЛИБАЕВ, Тараз қаласы - 20.12.2024 279
Жарқын жобаның жемісті жалғасы
НұрболатАМАНБЕК, Жамбыл облысы - 20.12.2024 272
Талас ауданы:  Ілкімді жобаның  игілігін көргендер
Нұрболат АМАНБЕК, Жамбыл облысы Талас ауданы - 20.12.2024 278
Жамбыл ауданы:  Жерге – тыныс, елге – ырыс
Дариха ҮМБЕТИЯРОВА, журналист Жамбыл облысы Жамбыл ауданы - 20.12.2024 277
Жуалы ауданы:   Бағдарлама  аясында  5,1 млрд  теңге  игерілді
Нұржан МАНАСҰЛЫ, Журналист, Жамбыл облысы Жуалы ауданы - 20.12.2024 287

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 11378
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 10311
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 13555
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 12512
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 17520