ЗАҢДЫЛЫҚ ПЕН ӘДІЛЕТТІЛІК – ҚОҒАМНЫҢ КӨРСЕТКІШІ

ЗАҢДЫЛЫҚ ПЕН ӘДІЛЕТТІЛІК – ҚОҒАМНЫҢ КӨРСЕТКІШІ

Заңдылық пен әділеттілік – дамудың шыңына шыққан елдердің бәрі тән жақсы қасиет. Заңдылық пен әділеттілігі бар мемлекеттердің демократиясы да жарқын. Соты да әділ. Заңы да үстем. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылы сәуірде адам құқықтары саласындағы шараларды кеңейту туралы Жарлыққа қол қойды. Атап айтқанда, Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының адам құқықтары саласындағы одан арғы шаралары туралы» 2021 жылғы 9 маусымдағы Жарлыққа қосымша тармақ енгізді. Онда адам құқықтары мен заңның үстемдігі саласындағы одан әрі шаралар жоспарын бекіту туралы айтылған.

Өз заманының ұлы ойшылы Әбу Әли ибн Сина (980‑1037 жж.) Орталық Азияның көне қаласы Бұқарадан шыққан тұлға. Ол тек медицинада ғана емес, философияда да айшықты із қалдырған данышпан. Аты әлемдік философияның дамуына үлкен үлес қосқан ғұламалар қатарында тарихқа енген. Ибн Сина Әділеттіліктің үш бастауы туралы еңбегінде: «Әділет үш күштен тұрады: тазалық – сезім күші, батылдық – ашу күші, даналық – айыра білу күші. Қазіргі тілмен айтсақ: «Тазалық» – қоғам мінезі, өмір сүру дағдысы, «Батылдық» − қоғамның өзін-өзі қорғау дағдысы, «Даналық» – ақыл-ой мен дүниетанымы. Осы үшеуі дамыған қоғамды «тұрақты дамушы қоғам» деуге болады екен. Егер осының біреуі ақсап жатса – толық тұрақтылық туралы айту ерте», – дейді ғұлама. Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарының басшыларымен кеңесте «Заң және Тәртіп» қағидатын ұстану қоғамның идеологиялық және саяси нұсқаулығына айналуы қажет екенін атап өтті. Президент: «Әділетті Қазақстан – Заң мен Тәртіп үстемдік құратын ел», – деді. Бұл – жаңа қоғамдық келісімнің іргетасында тұрған маңызды постулат. Барлық азаматтардың заң алдындағы теңдігінің конституциялық қағидаты сақталмаған жерде әділетті мемлекет құру мүмкін емес. Бұл туралы Президент тағы да еске салды. Әділеттілік, теңдік және заңның үстемдігі туралы мәселенің тарихын қарастыратын болсақ, оның бастауы ежелгі кезеңмен, Антика дәуірімен тұспа-тұс келеді. Бұл мәселенің тарихы бай болғанымен, өзектілігі әлі де жойылған жоқ. Адамзаттың тарихи дамуының әр кезеңінде заң мен әділеттіліктің байланысы туралы сұраққа өз жауабы болды. Бірақ барлық дерлік елдер мен мәдениеттерге тән бір жалпы түсінік бар, оны келесідей тұжырымдауға болады: «Заң, бұл – мемлекет пен қоғам өміріндегі әділеттіліктің көрінісі». Заңды сақтау – әділеттіліктің негізі. Сонымен бірге әділетті қоғамда заң – теңдік пен тәртіптің кепілі. Құқықтық мемлекеттегі әділеттілік заңмен реттелген барлық әлеуметтік қатынастардың ортақ белгісі болады. Бұл ретте заңның сақталуы жауапкершілікті қабылдауды да білдіреді. Бұдан шығатын қорытынды: азаматтар жанжалдарды заңға сүйене отырып, барлық заңды және ресми арналар арқылы құқық қорғау органдарына жүгіну арқылы құқықтық әдістермен шешуді жөн көреді. Мұндай жағдайды азаматтардың құқықтық мәдениетінің өсуі деп түсінуге болады. Бұл – мемлекет пен қоғамның дамуының оң көрсеткіші. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, яғни ол елдің келешегі болмайды. Мұны адамдар ежелден-ақ жақсы түсінген. Сондықтан да қоғамда тәртіп орнатудың жолдарын қарастырған. Заңның үстемдігі тұжырымдамасы ешкімнің заңнан жоғары бола алмайтынын, заң алдында бәрі тең екенін, ешкімді заңмен белгіленген тәртіппен және оны бұзғаны үшін ғана жазалауға болмайды, яғни заңдылық пен әділеттілік – адам құқықтарын тиімді қорғау үшін қажет өзара байланысты екі талап.

НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК
18.07.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 51
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 579
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 693
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 607
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 617

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8753
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8153
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11382
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9136
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10367