Жануарларға тәжірибе жасау қашан тыйылмақ?

Жануарларға тәжірибе жасау қашан тыйылмақ?

Әлеуметтік желіде Ральф атты қоянның бейнеролигі жарияланды. Елді дүр сілкіндіріп, көп қаралым жинап, бұқара арасында қызу талқыға түскен бейнероликте зертханалық тәжірибелердің салдарынан соқыр және саңырау болып қалған қоянның жайы баяндалады.

Бейнежазбаның көпшілікке қатты әсер еткені сонша, әлеуметтік желілерде «Жануарларға сыналмасын» деген белгілер жасалып, наразылық көрсетушілер саны арта түсті.

Бүгінде жеміс шыбындарынан бастап, тышқандарға дейін жануарлардың барлық түрлері ғылыми зерттеулерде кеңінен қолданылады. Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты – ғалымдардың адам денсаулығы мен биологиясы туралы көбірек біліп, нәтижесінде жаңа дәрі-дәрмектер, косметикалар, терапия мен емдеу әдістерін әзірлеу. Жануарларға эксперименттер белгілі бір препараттың тірі ағзаға, теріге әсерін білу үшін жүргізіледі.

Өкініштісі сол, жануарлар тәжірибе жасауға өз келісімдерін бере алмайды, аурулары туралы айта алмайды және қаламаса, зерттеуді тоқтата алмайды. Екінші жағынан, егер жануарларға эксперименттер жүргізілмесе, көптеген ғылымдар, атап айтқанда, хирургия, фармацевтика, косметология және басқалары іс жүзінде дамуын тоқтатады.

Статистикаға сүйенсек, әлемде жыл сайын миллионнан астам омыртқалыларға тәжірибе жасалады.

Зертханалық жануар эксперимент барысында өлмеген болса, ол эвтаназияға ұшырау арқылы жарамсыз халге ұшырайды.

Бүгінде ғалымдар көптеген ауруларға, оның ішінде бұрын өлімге әкелетін және емделмейтін деп есептелетін ауруларға дәрі-дәрмектерді жасауда. Ал, мұның бәрінің эксперименті алдымен жануарларға жүргізіледі. Бірақ, бір жағынан алып қарасақ, дәрілік заттардың тиімділігі мен жанама әсерлерін тексерудің басқа жолы да жоқ. Мұндай эксперименттерсіз ісік, СПИД және басқа да ауыр әрі күрделі, осы уақытқа дейін емделмейтін ауруларға қарсы дәрі-дәрмектер мен емдеу әдістерін іздеу іс жүзінде іске аспайтын еді.

Жақында жануарларға эксперименттер санын азайтуға көмектесетін көптеген инновациялық әзірлемелер пайда болды. Жануарлардың денесін қарау үшін кескіндеу әдістерін жетілдіру мақсатында ғалымдарға әртүрлі эксперименттен қарағанда сапалырақ ақпарат алуға мүмкіндік бермекші. Мәселен, бұрын зерттеушілер ісік дамуының әртүрлі кезеңдерінде көптеген тышқан, қояндарды өлтіруге мәжбүр болса, қазір флуоресцентті бояуды қолдану арқылы бір жануардың хирургиялық араласуынсыз аурудың дамуын байқауға болады. Ми томографиясының әдістері де дамып келеді, сондықтан қазір жануарларға жасалып жатқан тәжірибелердің біраз түрлері жасалмайды. Технологияның дамуы ерте ме, кеш пе мұндай эксперименттерден бас тартуға мүмкіндік береді деген болжам бар. Бірақ ол толығымен жануарларға жасалатын эксперименттердей болмайды деген де пікірлер кездеседі.

Аяжан ОЛЖАБАЙ, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті филология және журналистика факультетінің 3-курс студенті.
25.06.2023

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 29
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 41
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 24
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 40
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 16
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 53
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 155
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 159
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 342
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 338
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 959

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9035
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8431
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11659
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9414
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10640