Жапон түркологы Наката Око: Сіздер адасқан, жолынан жаңылған халықсыздар!

Жапон түркологы Наката Око:   Сіздер адасқан,   жолынан жаңылған   халықсыздар!

 Әрине, мен де сіздерге баға бере алмаймын. Бір тілде сөйлейсіздер ме, әлде екі тілді бірдей таңдайсыздар ма – оны өздеріңіз шешесіздер. Екі тілді бірдей білген де жаман емес.  Тарихшы ретінде айтатын болсам, маған қазақтар өзінің ұлттық ерекшелігін, тілін жоғалтып алған халық секілді болып көрінеді. Сіздер адасқан, жолынан жаңылып қалған халықсыздар, меніңше. Халықты әдейі не қасақана тарихи жадынан айырып тастаған сияқты. Әйтпесе, есі дұрыс адам ана тіліңнен гөрі орысша білген дұрыс па деп сұрай ма? Бұл – абсурд!  Тамырынан ажырап қалған, не істерін білмей аласұрып жүрген халықтар ғана осындай сұрақ қояды, негізі. Тіл мәселесін біржола шешу үшін халыққа тарихын оқытып, халықты, ұлтты соған ынталандыру керек. 

 – Сіз сонда бізді тарихы жоқ халық деп есептейсіз бе? 

 – Бір мысал. Мен Алматының дүкендерін аралап жүріп тарих тақырыбын қозғаған бір дені дұрыс кітап таба алмадым. Дұрыс қарамаған шығармын, мүмкін. «Меломанда» да болдым. Бүкіл әлемде ғылыми басылымдардың, соңғы шыққан кітаптың бәрін осындай үлкен-үлкен кітап дүкенінен табасың. Сұраныс бар оған. Сіздерде сатылмайды, өйткені халық өз тарихына қызықпайды. Осы жақында ұлттық аспаптар музейінде болып, сол жерден баяғы өткен заманның тарихын, нағыз ұлттық құндылық – балбалды көрдім. Бірақ ол неге ұлттық музейде емес, бір елеусіз зат сияқты болып сонда тұр? Осыны көргенде, қазақтың тарихын зерттеп жүрген менің жүрегім ауырды. Тарихқа қалай қарасаңыздар, тілге де сөйтіп қарап жүрсіздер. 

 – Жапонияда тарихи мифке қалай қарайды? 

 – Біздегі ең үлкен миф – жапон императоры құдайдан туған деген миф. Бірақ біз, тарихшылар, бұл мифке тиіспейміз. Неге десеңіз, ол – біздің рухани матрицамыз. Оның түбінде аңыз жатқанын, шындыққа жанаспайтын нәрсе екенін жақсы біліп отырмыз. Бірақ ол біз үшін қозғамайтын, мызғымайтын тақырып. Киелі, қастерлі тақырып. Жапонияның мемлекет ретіндегі тарихы да осындай аңыз-әпсанадан басталған. Сондықтан сіздер тарихқа бей-берекет қарамаңыздар. Тарихи шындық қалпына келсе, мемлекеттік тіл де өз жолын тауып, ол бара-бара ұлтты ұйыстыратын факторға айналып шыға келеді. 

(Аударған – Жолымбет Мәкіш)

 

Редакциядан:

«Сырт көз – сыншы» дейміз әдетте. Өзіміз Наката Оконың айтқанынан да өткір ұлттық мәселелерді жеткізсек те, әзірге нәтиже жоқ. «Баяғы жартас – сол жартас». Билік үнсіз, халқымыз енжар. Әлемдегі ең дамып кеткен халықтың өкілінің айтқаны сүйектен өтіп кетті. Ащы шындық осы! «Дос жылатып айтады...» Енді не керек? Жаңа Қазақстанға ең қажетті өткір мәселені жүзеге асырайық. «Меломанда» шынында да қазақ кітаптары жоқтың қасы. Басқа кітап дүкендерінде де осындай жағдай. Негізі, біз бәрінің бастауында тұрған тілден бастауымыз тиіс. Әрі қарай бәрі де өзінен-өзі шешіледі.

11.08.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 36
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 58
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 31
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 59
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 23
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 56
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 168
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 172
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 388
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 353
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 970

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9048
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8444
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11671
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9435
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10652