Жақында Луганскіде «чебурек» пісіріле бастайды...

Жақында Луганскіде «чебурек» пісіріле бастайды...

Мен Кеңес Армиясы қатарында Украинаның Ворошиловоград қаласында болдым. Жанымда Черненко деген украин жігіті болды. Мен танкіші, ол шопыр. Ол менің әдебиетші екенімді біліп, қызына жазған хаттарын оқып беруден жалықпайды. Мен оған не дейін, жақсы жазыпсың деп мақтап қоямын. Сол себепті алыстан көргеннен-ақ арсалаңдап жаныма жүгіріп жетеді. Иә, бұл енді басқа әңгіме...

Ежелден Луганск деген осы қалаға СССР-дің кезінде Мәскеу тізеден басып отырып екі мәрте Ворошиловоград деген атау беріпті. Бірақ сол екі ретте де Ворошиловоград атауын украиндар ұнатпаған себепті, алынып тасталыпты. Осыдан-ақ бұл қаланың ежелгі Украина жері екенін біле беруге болады. Ресей қайта-қайта атын өзгертсе де, ресми Киев өзінің ежелгі атауын қайтарып алып отырған. Олар Петропавл сияқты атауларды өзгертуден жасқанатын біз сияқты қорқақ емес.

Луганск жері Украинаның шығысында. Ауа райы жайлы, құнарлы қара топырақты, көкөніс, бақша, жеміс-жидектің бәрі өсетін берекелі аймақ. Ташкент сияқты. Базар маңында «чебурек» пісіріп сататын. «Чебурек» дегенді алғаш рет осы қаладан жедім. Солдат болып жарымқұрсақ жүргендіктен ба, сол ыстық «чебуректің» дәмі таңдайымнан әлі күнге кетпейді. Содан бері «чебурек» көрсем Луганск есіме түседі. 

Көшелерінде алма, өрік гүлдеп, жеміс тамылжып тұратын осынау тамаша қалада 2014 жылдан бері маза жоқ. Тұрғылықты орыстар Ресейдің қолпашымен билікті басып алып, облысты Луганск халықтық республика деп жариялаған. Бұның бәрін қот-қоттап, жел беріп отырған Ресей екені анық. Басқа ешкім емес. Қырымды да осылай өзіне қаратып алды. Енді көрші жатқан екі облыс – Луганскі мен Донецкіні де сөйтпек. Бірден емес, әуелі тәуелсіз республика деп тану, сосынғы мақсаты – Ресейге басыбайлы қосып алу. Басқа да ірі жоспарлары болуы мүмкін. Осы әрекетін бастағалы да 8 жыл болды. Әне Ресей деген осындай. Путин мысық сияқты ыңырсып, басқан дыбысын білдірмей жеміне ақырын-ақырын жербауырлап жақындап келеді. Біздің солтүстіктегі 5 облыс туралы да мұртын жалап, тамсанып бір мәрте айтып қойды. Бірақ әзірге Украинадан қолы тимей жатыр. Біздің үкімет есі болса, осыны қатты ескеруі тиіс қой. 

21 ақпан күні Путин өткізген Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында ДХР мен ЛХР-дың тәуелсіздігін танимыз ба қайтеміз деген мәселе көтерілді. Кеңеске қатысқандардың бәрі бірауыздан бас шұлғып тану керегін айтып жатыр. Түрлеріне қарасам, кейбірі екіойлы сияқты. Путиннен жасқанып тұрған сияқты. Путиннің сөзін сөйлеп, қолдағандар да баршылық. Олардың барлығы «НАТО шығысқа қарай ықпалын кеңейтпек. Ондай жағдайда Ресейге төнетін қауіп еселеп кетеді» деген Путиннің сасық ойын қайталаудан аса алмай қалған. Соны сылтауратып, Луганскі мен Донецкінінің 800 мың адамына Ресейдің азаматтығын беріп үлгеріпті. 1 млн 200 мың адам заматтық алуға өтініш тапсырып қойыпты дейді тағы. «Олар Киевті асыраудан шаршаған, ал Киев сол жердегі орыстардың ана тілі – орыс тілін шектеп тастаған. Шектегенде де мектептер мен университеттердегі оқу ғана емес, күнделікті қарым-қатынаста да тыйым салып отыр. Киев халықтың осындай қарапайым талабын орындамайды» деп құйқылжытады Кеңеске қатысқандар. «ДХР мен ЛХР Киев үшін территория, ал біз үшін өз азаматтарымыз» деп жаман көздерін және бажырайтады. Шығып сөйлеушілер оң жағында отырған Путинге емес, сол жағында отырған көпшілікке қарағыштай береді. Соған қарағанда олар бұның алдында Путинмен сөздерін пісіріп алған тәрізді. Ал Путин болса, «мен сіздермен арнайы, тағы айтам арнайы оңаша сөйлескен жоқпын, сіздердің пікірлеріңізді алдын ала сұрамадым, сондықтан ашық айтыңыздар» деп бір қойды. Бұл оның ертеңгі өз жағдайын, қара басының жайын ойлағаны тәрізді. Ертеңгі күні әлдеқандай жағдай бола қалса, кінәлі мен ғана емес, Кеңес мүшелерінің барлығының пікірі осылай деуге жақсы. Кеңес барысын жария түрде эфирге шығарғаны да, тіпті Сыртқы істер министрі мен Қарулы күштер министрін және т.б. бірнеше шенеунікті екі реттен пікір айтқызғаны да соның қамы деуге болады.

«Ресей Украинаға 30 жыл бойы еш жамандық жасаған жоқ» деп жұрттың көзін бақырайтып қойып мәлімдегенін арсыздық демеске шараң жоқ. Біреудің қытығына тиіп кетпей ме деп қымсынбайды-ау, сабаздар! Иә, бұлардың мұндайға бойлары әбден үйренген. Кәдімгі орыстық шовинизм ғой.

«Украинаға сырттан күніне бірнеше рейс қару келеді, – дейді тағы біреуі. – Ол қорғаныс қаруына ұқсамайды. Бұндай жағдайда Минск келісімінің орындалуы мүмкін емес. ДХР мен ЛХР халқы бізден үміт күтеді. Ал біз ол үмітті ақтауымыз керек» деп шімірікпей мәлімдейді.

«Дәл қазір Ресейдің Украинамен шекарасы бір деп айтуға болмайды. Ол Украинның шекарасы емес, ол АҚШ-тың шекарасы. Өйткені қазіргі Украинаның қожасы АҚШ. Сондықтан ол екі халықтық республиканың тәуелсіздігін тануымыз керек, одан әрі өз отанымызды қорғаймыз», – деп Росгвардия деректірі Золотов Виктор Васильевич жылан көзін жан-жағына жұтына тастап қойды. Оның бұл сөзі Путинге қатты ұнап қалған сияқты. 

Иә, иә, Путиннің сасық ойы Украинаның Ресеймен шектесетін жанға жайлы екі облысын өздеріне басыбайлы қосып алу. Басқа ештеңе емес. Оны Ресейдің сыртқы барлау қызметінің бастығы Сергей Евгеньевич Нарышкин кекештеніп тұрып айтып та қойды. 

Жақында Луганскіде жаппай «чебурек» пісіріле бастайтын сияқты. Бірақ ол баяғы мен білетін ыстық майға қуыратын дәмді чебурек емес, басқа... 

 

Нұрлыбек САМАТҰЛЫ, жазушы
03.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 97
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 617
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 735
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 647
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 656

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8791
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8192
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11419
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9173
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10404