«Жас Барыс» облыстық турниріне аудандық іріктеу жарысы өтті.

«Жас Барыс» облыстық турниріне аудандық іріктеу жарысы өтті.
Жамбыл ауданы Аса ауылында орналасқан дене шынықтыру сауықтыру кешенінде қазақ күресінен «Жас Барыс» облыстық турниріне аудандық іріктеу жарысы өтті.
📍 Ұлттық спортымызды дамыту мақсатындағы «Жас Барыс» аудандық іріктеу жарысының ашылу салтанатында Жамбыл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы М.Джанузаков құттықтау сөз сөйлеп, палуандарға сәттілік тіледі.
📍 Боз кілем бәсекесінде 200-ден астам жас балуандар 30 салмақ дәрежесі бойынша жасөспірімдер белдесті.
📍 Жарыста ауылдық іріктеулерде финалға шыққан балуандар бақ сынады. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған жарыста әрбір балуан аудан деңгейінде «Жас Барыс» атануға барын салды. Дегенмен, аудандағы кілең «сен тұр, мен атайын» дейтін балуандардың арасынан бабы мен бағы келіскендер ғана жеңіске жетті.
📍 Жарыс нәтижесіне сәйкес әрбір жас ерекшеліктері бойынша жеңіске жеткен жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен медальдар салтанатты жағдайда тапсырылды.
📍Жарыс жеңімпаздары «Жас Барыс» республикалық турниріннің Жамбыл облыстық іріктеу жарысында аудан намысын қорғайтын болады.
Жамбыл ауданы әкімдігі
14.09.2023

Ұқсас жаңалықтар

Бұл құрылтайда кәсібилік  болмаса, бәрі бекер...
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 06.08.2026 176
Талғарда   тоғызқұмалақтың   үздіктері анықталды
Ә.ФАЗЫЛОВА, Алматы облысы - 06.08.2026 125
Маңызды жобалар басталды
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 06.08.2026 130

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 26773
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 26201
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 43596
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 39373
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 43992