Жастар арасындағы суицидпен күресу жолдары

 Жастар  арасындағы суицидпен  күресу жолдары

 

   Адамның өзін саналы түрде өмірден айыруы ғылыми тілде суицид деп аталады. Бұл жағдай  әдетте өз бетінше және ерікті түрде болады. Сондай-ақ суицидтің тағы басқа себептеріне соматикалық және психикалық аурулар, өткір және созылмалы психо-травматикалық жағдайлар, өзін-өзі айыптау, ар-намысты сақтау қажеттілігі, т.б. болуы мүмкін. Жасөспірімдердің суициді, суицидтік мінез-құлықтың себептері мен алдын алу сияқты мәселелер күллі жер-жаһанда  өткір проблемаға айналуда.

  Жасөспірім шақ- адамның өзі үшін де, оның айналасындағылар үшін де шешуші кезең. Өйткені жасөспірім кезеңде балалар әлсіз, көңілшек келеді. Олар басқа жандардың сөздері мен әрекеттерін тез көңілге алып, өзінің іс-әрекетіне мән бермей, осының салдарынан асығыс шешім қабылдауы мүмкін. Қасақана өз-өзіне қол жұмсап, өмірін қию аутоагрессияның ең соңғы белгісі болып саналады. Аутоагрессия  дегеніміз – мінез-құлықтың бір түрі.  Басынан өтіп жатқан оқиғаларға бала өзін кінәлі санап, агрессивті түрде қабылдайды. Содан өзін-өзі айыптау, өзін-өзі зақымдау (парасицидтік мінез-құлық), өзін-өзі қорлау, депрессиялық және суицидтік ойларға барады.

 Егерде жасөспірім өз-өзіне қол жұмсау жайлы ойлай бастаса, бұны  өте маңызды сигнал деп есептеуге болады. Адамның негізгі инстинкті өмір сүруге деген ұмтылыс емес пе? Суицид туралы ойлар әртүрлі  себептерден  болуы мүмкін. Мамандардың айтуы бойынша  бірнеше негізгі топтар бар.  Биполярлық бұзылыс, шизофрения, депрессия, психосоматикалық бұзылулар, жарақаттан кейінгі стрестің , жеке бас шекара сызығының бұзылуы, мазасыздық және т.б. себеп болады. 

 Өзіне қол жұмсауға әрекет еткен жасөспірім балалармен жиі психологиялық тұрғыда, эмоционалды көңіл-күйіне мән беріп, сұхбат жасап отыру керек. Мәселе неден туындағанын біліп, мінез-құлқының  ауырлығын, эмоционалды дағдарыстың тереңдігін дер кезінде түсініп, ертерек  жұмыстар жасау, үлкен мәселенің алдын алады. Сондай-ақ жасөспірімнің болмашы нәрсеге ренжуі, шағымданғыш болуы, кез келген мәселеде өзін-өзі кінәлауын білген кезде жағдайды ескерусіз қалдырмау қажет.

Ендеше суицидтің қалай алдын алуға болады деген сұрақ туындайды. 

— Ешқашанда баламен суицид туралы сөйлесуден жүрексінбеңіз. Біз  жасөспіріммен суицид туралы сөйлескенде, оны  өлімге  итермелемейміз. Негізінде бала өзінің қалай азап шеккені жайлы ойын  ашық айтуға мүмкіндік алады. Жүрегінде  тыныштық бермей жүрген жағдайларын ашып айтады. Сөйтіп әңгімелес барысында суицидтік қауіпті ойлардан сейіледі. 

— Сіз жасөспірімнің мінез-құлқындағы қандай да бір елеулі өзгерістерді байқасаңыз, оған дереу  психологқа, психотерапевтке немесе психиатрға баруға кеңес беріңіз. Себебі жасөспірім күйзеліске ұшыраған жағдайда депрессия, психосоматикалық бұзылулар немесе басқа психикалық бұзылулар болады.

— Баламен үнемі оның күні қалай қызықты өтетінін жоспарлаңыз, егер ол қиыншылыққа тап болса, оны онымен бірге талқылауға уақыт бөліңіз.

   Суицидтік мәселелер дамыған елдерде мемлекеттік деңгейде қарастырылады.  Жапонияда суицидтің алдын алу үшін арнайы сайт ашылып, Жапонияда суицидтің алдын алып отырады. Осындай  сайтта олар психологиялық қиындықтарға тап болған адамдарға, олардың отбасыларына, достары мен әріптестеріне арнап  психологиялық денсаулығын жақсарту үшін курстар ашқан, брошюралар мен парақшалар таратты.  

    Мектептегі білім балаларда суицидке қарсы кедергілерді жою үшін бағытталған. Ол жақын адамдарға деген эмоционалды сүйіспеншілік, отбасылық міндеттер, қоғамдық міндет сезімі, ар-намыс ұғымы, достық қарым-қатынас, қоғамдық пікірге, әсіресе жолдастардың пікіріне тәуелділік, қорқақтық, өзін-өзі өлтірудің масқарасы туралы түсінік, өмірдегі мақсатты анықтайтын жоспарлардың дамуына ықпал етуі болып саналады. Міне осындай  факторлардың барлығын жылдар бойы қалыптастырып, есте ұстау керек.  Соған орай  суицидке қарсы кедергілерді құру жұмыстары баланың саналы өмірінде жүйелі түрде жүргізілгені жөн. Бұл бағыттағы жетекші рөлді  ата-аналар атқармақ. Сондай-ақ оларға білім беру мекемелерінің әлеуметтік-психологиялық қолдау қызметтерінің мамандары да жәрдемдесіп, қыруар  жұмыстар атқарылуы қажет.

Шаргүл Қасымханқызы

 

 

28.10.2025

Ұқсас жаңалықтар

АҚТӨБЕДЕ – АУЫЛДЫҢ ЖҮГІ, «AQTOBE»-ДЕ  – ДӘУІРДІҢ ҮНІ
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 22.10.2025 590
Қамбасы дәнге толған Ақмола
Д. ШӨКШІР, Ақмола облысы - 16.10.2025 759

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 19519
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 19337
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 34463
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 33019
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 36841