Жастарды тұрақты жұмыспен қамту – маңызды міндет

Жастарды тұрақты жұмыспен қамту – маңызды міндет

Жастар дегенде ойымызға әуелі еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің болашағы түседі. Мағжан ақынның «Мен жастарға сенемін» деген сөзінде терең мағына бар. Ал жастарымыздың бәсекеге қабілетті, өркениетке бейім болу керектігі күмән тудырмайды. Бүгінгі таңда қоғамда жас болса да талай белестерді бағындырып, өзін-өзі дәлелдеген жастар жетерлік.

Мемлекет басшысының тапсырмасының бірі – жаңа жұмыс орындарын ашу, халықты тұрақты жұмыспен қамту. Сол себепті де тұр­ғындарды жұмыспен қамту күн тәртібіндегі өзекті мәселеге айналған. Яғни халықтың тұрмыс сапасын жақсарту – негізгі міндет. 

Осыған орай 12 тамыз – «Халықаралық жастар күніне орай» Жаңатас қаласындағы Аудандық "Мансаптық орталығы" филиалында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңкеге уақытша жұмыссыз (NEET) жастар және пробация есебінде тұрған жұмыссыз жастар қатысты. Жастардан болек 20-ға жуық қала тұрғындары келіп ақпарат алып қызығушылық танытты.

А. Пазылбеков, Сарысу аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры sarysu_jastary
12.08.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5044
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5208
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20169
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18813
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22267