Жастардың 80%-ы жұмыссыз

Жастардың   80%-ы   жұмыссыз

Кезінде А.Македонский: «Ата-бабасы моласын, аруақты, қоныстанған жерді қасиетті санап, қорғайтын халықты жеңу мүмкін емес» деген қазақтың 1060 ауылы қысқарды. Ата-бабасы  жерленген жерді ешкімге таптатпаймын деген қазақ күнін көре алмай, не баласын оқыту мақсатында қалаға көшуге мәжбүр болды. Ал 3509  ауылдың әр қайсысында адам саны 500-ден аз  (8,9 %). 10 мың адамға  дәрігер саны  – 14,3, қаладан 3 есе төмен.  Ауылдың 73 %  білім беру ошағы бар.  2886  ауылдағы  ШЖМ -де 198,6 мың бала оқиды.  Бұрында көрші елдің  жансыз ауылдарын көргенде жағаңды ұстаушы едік, бүгінде қираған нысандарды, бос қалған үйлерді «ютубта»  көресің.

Елді жайлап кеткен жұмыссыздық пен ауыр экономикалық жағдай  ұлды теріс жолға итермелеп, қызды  шетел келімсектері қолтығында ке уіне бірден-бір себеп болып отыр. Жастардың 80%-ы жұмыссыздық салдарынан ұрлыққа  баратыны белгілі. Халықтың 32.6%  еңбекке жарамды. Мамандар 4 ауылдық округтің 4 ауылы мәліметтеріне талдау жасады. Сайлаушы  тізіміндегілердің 13%-ы  зейнеткер, 5%-ы  бюджет саласында. 31%-ы шаруашылықпен айналысып, өзін-өзі асырап отырғанның  табысы  өнімін өткізген уақытта ғана болады. Өмір қымбаттап, әр отбасының айлық табысы 500 мың теңге емес, 35 мың теңге. Ауыл тұрғынының банкте сақтаған ақшасы жоқ. Жұмыссыздықпен күрес жүргізу бағдарламасында қайта оқыту жоспарланған. Елдегі 300 мың жастардың алтын уақытын ұрлап жүрген  зейнеткерлердің орны жастарға босатылса, 1 млн адамға күнкөріс көзі  ашылады. 

Ел бойынша  NEET  индексі 37% болса, мектеп түлектерінің 13 пайызы ғана жоғарғы оқу орнына түсіп, диплом алып жұмыссыздар қатарын толтыруда. Ел экономикасының көрсеткіші – бюджет. Елде 1 жылда  өндірілген ішкі өнім 190 млрд долларды құрайды, жан басына шаққанда 10 мың көк қағаз. 

Түлектер – жұмыссыз немесе әлжуаз жастар кімге керек? - Ortalyq.kz

Бізде экономиканы әртараптандыру жүзеге аспай жатыр. Сингапур үлгісінде 3 рет индустриалды бағдарлама жасалған еді. Түрлі бағдарлама, ұлттық жобалар тиімсіздігін көрсетті. Сөз бен іс арасында байланыс кетіп қалды. Қосылған құн тізбегі – жер қойнауынан алынған шикізаттан тауар шығарып сату қанша айтылса да іске аспады. Тауар өндірудің сатыларының екіншісінен аса алмадық. Көз өзіне, құлақ басқаға сенеді. Қаншама мемлекеттік қаражат шығарылып, салтанатпен ашылған кәсіпорындар  жабылып қалды.      

Финляндия үлгісі бойынша кластер әдісі-зауыт, фабриканың бір жерге щоғырландыруы  азық-түлік, ағаш өнімдері,  мақта т.б. көп айтылды. Басқару құрылымында жүйелілік жоқ. Теледидар әлемінде гүлденген, нақты тұрмыста тиын санаған күніміз бар.  

Мемлекет дайын өніммен өзін-өзі  60% қамтамасыз етсе, ол мемлекет индустриалды саналады. Біз бүгінгі күні үшінші (соңғы) қатардағы индустриалға дейінгі дамушы ел болып саналамыз. Бүгінде бізге жетіспей тұрған трансформациялау – бұл өз біліктілігін жоғарылату, оқытудан өту, әлемдік деңгейдегі компаниядан бірегей іс-тәжірибе алу және өз әлеуетін іске асыру мүмкіндігі.

Елден 20 жылда 300 млрд доллар шетелге шығып кеткен. Сол  қаржы қайтарылса, ел қарызынан мүлде құтылуға, жаңа  жұмыс орындарын ашу,  жастарды  еңбекпен қамту, әлеуметтік мәселелерді шешуге жол ашылар еді. Жемқорлықты жоюға қатал қадам жасалмай, сыбайлас жемқорлықпен күресті  жылдарға созудың өзі жемқорлықты тамырынан кесу емес, тамырлануына  мүмкіндік бергенмен бірдей.  Қисық қалыптан түзу кірпіш шықпайды. Кезінде О.Бисмарк: «Заң нашар болса да, жақсы шенеуніктермен ел басқаруға болады,  шенеунік нашар болса жақсы заң  да  көмектеспейді», – деген еді. 

Сыбайлас жемқорлықтың салдары дауыл желден де жойқын, ол қазақтың өзіндік сана-сезімін жойды, мемлекеттік және квази мекеме қызметкерлердің  мәдени кодына айналды. Жемқорлық  сыналып та, жемқорлықпен қамалып та  жатыр, бірақ  өзгеріс шамалы. Шенеуніктің жемқорлыққа бару жолын, бейбіт митингке шыққан жағдайы нашар көп балалы аналарды  бірнеше полиция қызметкері (өз әрекетімен жаны таза, мемлекетке шын қызмет етіп жүрген, адал полиция қызметкерлері атына кір келтіретін) қарсыласқанына қарамай  сүйреп, автобусқа  артып, 3 сағат түрмесінде қамап, әкімшілік жазаға хаттама толтырып,  ал сот сыртынан қаулы шығарып айыппұл салғанның төркінін  депутаттар қабылдаған заңнан, ішкі нормативті актіден іздеу керек. 

Халық наразылығына  түрткі болған елдегі қымбатшылық, бағаның тұрақсыздығы, маңызды тауарлар мен өнімдер бағасының тым шарықтап кетуі жастардың  көшеге шығуына себеп болған. Мемлекет басшысы қоғамды, барлық саяси жүйені, халықтың жағдайы жақсаруына, экономиканы трансформациялаудың оң нәтижесіне қол жеткізуге жұмыс жасауда. Экономиканы қалпына келтіру, мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыру, «Самұрық-Қазына» қорының жұмысын оңтайландыру, еліміздің қорғаныс қабілетін арттыру, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін кемелдендіру, пайдалы қазбалардан түскен пайданы оңтайлы пайдалану, экономикада бәсекелестік орта қалыптастыру, аумақтық даму мәселелерін, бюджеттік жоспарлаудың жаңа тетіктерін енгізу секілді бастамалар елдегі жағдайды тұрақтандыруға бағытталған оңтайлы шешімдерді қолдаймыз. (А.Тутышкиннің  киносындағыдай қолдағандар да бар-ау). Біз үлкен өзгеріс үстіндеміз. Бұл өте құптарлық саясат және  қолдауымыз  керек. 

Нұрлан ЕРДӘУЛЕТҰЛЫ
17.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 81
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 603
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 720
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 632
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 642

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8779
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8179
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11408
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9162
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10393