Бүгін ауданда «Жастарға жұмыс» жобасы аясында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.
«AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Сарысу ауданы бойынша Жол картасында көрсетілгендей ауданымызда жыл сайын азаматтарымызды жұмысқа орналастыру, оның ішінде жастарымызды жұмысқа тарту көзделген. Осыған байланысты «Жастарға жұмыс» жобасы аясында партия филиалы жанындағы «Жастар рухы» Жастар қанаты және «Еңбек мобильдігі орталығының Сарысу ауданы бойынша «Мансаптық орталық» филиалымен бірлесе бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылып өткізілді. Жәрмеңкеге жұмыс берушілер Жаңатас Су-Жылу мекемесі, Орман шаруашылығы және жануарларды қорғау мекемесі, Айгөлек, Балдырған балабақшалары, Орталық аурухана және «Scope Group» ЖШС-гі, ЖК «Абдуллаев» полиграфиялық цехы, ЖК «Сәулет» тазалық мекемесінен басшылары қатысты. Ұйымдастырылған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі нәтижесінде бос жұмыс орындарына 4 жас азаматтар тұрақты жұмысқа жолданды. Сонымен қатар «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жобасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында уақытша жұмыс орындарына 5 азамат жолданды.
Қатысқан барлық жастарға «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жобасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында көрсетілетін барлық қолдау шаралары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Аталған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі алдағы уақытта тұрақты түрде өткізіліп, жалғасын табатын болады.