«Жасыл белдеу» жайқалып келеді

«Жасыл белдеу» жайқалып келеді

Елдегі эпидемиологиялық дағдарысқа қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласында жасыл желек отырғызу жұмысы биыл қарқынды жүріп жатыр. Жоспар бойынша 2021 жылдың көктем және күз айларында жыл соңына дейін 1 042 468 дана жасыл желек отырғызылу керек.            

Нақты мәліметтерге көз жүгіртер болсақ, биыл көктемгі ағаш отырғызу кезінде 500 мың түпке таяу көшет отырғызылған. Оның ішінде 37 024 түбі қала аумағында, 452 266 түп көшет «Жасыл белдеу» аумағына тиесілі болған. Ал қыркүйектің ортасынан басталған күзгі науқанда жарты миллион түпке жуық көшет отырғызылды. Олардың арасында қызыл тал, татар үйеңкісі, шырша, қарағай, қайың, емен және тағы басқада суыққа төзімді ағаш түрлері бар. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ағаш отырғызуды кез келген нысан салынғаннан кейін міндетті түрде іске асуы тиіс жұмыстың бірі ретінде дәстүрге айналдырып келеді.

Сонымен қатар әкімдік елорда іргесіндегі «Жасыл белдеу» аумағына да ерекше көңіл бөлуде. Әкімдіктің қадағалауымен қаланың қыста суық, жазда салқын болатын климаттық ерекшеліктерін ескере отырып, суыққа төзімді ағаштар таңдалып, отырғызылады. Әсіресе кәдімгі қарағай, Венгр бөртегүлі, жапырақты үйеңкі, қайыңның бірнеше түрі және теректерді көптеп отырғызу жоспарланған. Ал қыс басталысымен қылқан жапырақты жас ағаштарды қорғау жұмыстары басталады. Елорда әкімдігінің ақпаратына сәйкес, «жасыл белдеуде» құстар санын, оның ішінде қырғауылдарды көбейту үшін қырғауыл мекендерін кеңейту және реконструкциялау жүргізілді. Қырғауыл өсіру зиянкес жәндіктермен күресуге және санитарлық-қорғау аймағын табиғи орман жағдайына жақындатуға көмектеседі. Одан бөлек, «жасыл белдеу» аумағын түлкі, қарсақ, ақ және сұр кекілік, елік, қабан мекендейді. Бұл аумақтарда аң аулауға тыйым салынады.

2020 жылы қала аумағында 100 мыңнан астам ағаш отырғызылса, «Жасыл белдеу» аумағында 330 мыңнан астам ағаш отырғызылды. Қала әкімі Алтай Көлгінов: – «Елордамыз жыл сайын көркейіп келеді. Бұрын батпақ, қараусыз қалған жерлер «жасыл аралдарға» айналып жатыр. Биыл 1 миллионнан астам, яғни рекордтық көлемде жасыл желек (ағаштар, бұталар, көшеттер және т. б.) отырғызуды жоспарлап отырмыз. Соның ішінде елорданың жасыл белдеуінде де отырғызамыз. Бұл жасыл «оазис» қаласын құруға мүмкіндік береді», деген болатын. Осы орайда қалада тек саябақ аумақтарды, тұрғын үйлер мен аулаларды абаттандырып қана қоймай, қаланың барлық көрікті жерлерін көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде. Саябақтарда, скверлерде, бульварларда суару жүйесі 5 есе жақсарды. Суару жүйесі автоматты және механикалық режимде жүзеге асырылып жатыр. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауындағы ел мен қалаларды ауқымды көгалдандыру туралы тапсырмасына сәйкес астанада экологиялық аймақтар саны да жыл сайын өсіп келеді. Бұл жұмыстар келесі жылы да жалғасын табады. Халық даналығында «Бір жылдығын ойлаған халық бидай егеді, Жүз жылдығын ойлаған халық ағаш егеді, Мың жылдығын ойлаған халық саналы ұрпақ тәрбиелейді» деген аталы сөз бар. «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» дегенді де қазақ бекер айтпаса керек. Жасыл белдеу аумағының ұлғаюы, табиғат ананы аялаудың, адамзатқа жайлы орта қалыптастырудың нағыз жолы дер едік.

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
18.11.2021

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 37
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 66
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 32
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 67
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 24
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 57
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 176
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 180
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 397
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 360
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 977

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9055
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8451
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11679
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9442
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10659