ЖАЗ ҚЫЗЫҒЫ – КӨҢІЛДІ ӘРІ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕМАЛЫС

ЖАЗ ҚЫЗЫҒЫ – КӨҢІЛДІ ӘРІ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕМАЛЫС
Жаз мезгілі жастар мен жасөспірімдердің ерекше ықыласпен күтетін уақыты. Жазғы демалыс жастардың үйреншікті тіршілігінен босап, түрлі шаралармен, өздерінің қызығушылықтарымен айналысуға мүмкіндік береді.
Жаз мезігілінде жастардың бос уақытын және жазғы демалысты тиімді пайдалануы мақсатында аудан әкімдігінің ішікі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен аудан жастары арасында іс-шаралар көптеп ұйымдастырылуда.
Атап айтқанда, Жаңатас қаласында кіші футболдан жастар арасында Жаңатас қаласының ашық біріншілігі өтіп, қала жастарынан құралған командалар өзара бақ сынады.
Сондай-ақ, Тоғызкент ауылында ауыл жастары мен жасөспірімдері арасында «64 шаршы дойбы» жарысы өтсе, Ұ. Сыздықбайұлы ауылында «Көңілді старт» атты эстафеталық жарыс және спорт түрлерінен (арқан тарту, қол күрес, нысана көздеу т.б) ойындар өткізілді.
Жастарға арналған осындай қызықты әрі көңілді шаралар одан әрі жалғасын табады.
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі
14.07.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5074
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5239
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20199
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18843
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22298