Жедел жәрдем келе алмаған: Қостанай облысында науқас құтқарушылардың жол талғамайтын көлігімен ауруханаға жеткізілді

Жедел жәрдем келе алмаған: Қостанай облысында науқас құтқарушылардың жол талғамайтын көлігімен ауруханаға жеткізілді

"Ауа-райының нашарлап, қатты боран салдарынан жол болмай, Қостанай облысы Қарасу ауданы Новоселовка ауылына 1966 жылы туған әйелге көмек көрсету үшін жедел жәрдем автокөлігі шақыртуға шыға алмай қалған болатын. Ақ халаттылар ТЖМ құтқарушыларының көмегіне жүгініп, олар өз орнына жол талғамайтын арнайы көлікпен жолға аттанды. Осылайша жолдың күрделі учаскесін аман-есен еңсере отырып, құтқарушылар ауыр науқасты ауруханаға жеткізді”, – делінген хабарламада.

Дәл осындай тағы бір жағдай Ақмола облысында да тіркелген. ТЖМ жол талғамайтын көлігі зардап шеккен адамды тасымалдауға көмектесті.

Түнде ТЖМ қызметкерлеріне Ақмола облысының Шортанды ауданында 1973 жылы туған жеке әуеайлақтың қызметкері өзін нашар сезінгені және оны медициналық мекемеге тасымалдау қажет екендігі туралы хабарлама түскен.

"Жолды қар басқандықтан, аэродром иелері өз көліктерімен жүре алмай қалған.  Жолдың қиын бөлігін жоғары өтімді жүретін көлікпен еңсере отырып, құтқарушылар науқасты тас жолға дейін эвакуациялап, оны әрі қарай ауруханаға тасымалдау үшін ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының бригадасына табыстады”, – делінген хабарламада.

Stan.kz
02.01.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 4955
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5120
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20076
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18721
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22180