Жеке тұлғаға eGov.kz порталында басқа адамның атына оның келісімімен электрондық анықтама алуға болады

Жеке тұлғаға eGov.kz порталында басқа адамның атына оның келісімімен электрондық анықтама алуға болады

Бұл процесс қалай өтеді?

Мүдделі тұлға (мысалы, жұмыс беруші) порталға кіріп, «Үшінші тұлғамен анықтама алу сервисі» бөлімін таңдап, анықтамасы қажет болатын адамның ЖСН-ын енгізіп, қажетті анықтаманы таңдайды. Егер азамат азаматтардың мобильдік деректер қорында(МДҚ) тіркелген болса, мүдделі тұлға анықтаманың қажетті түрін таңдап, сұрау салуды SMS арқылы растайды.

Бұдан кейін азаматқа порталдың Жеке кабинеті мен SMS хабарлама арқылы 2 сағат ішінде анықтаманы алуға рұқсат беру немесе бермеу жөнінде хабарлама жіберіледі.

Азамат анықтама алуға рұқсат берген жағдайда мүдделі тұлғаның Жеке кабинетіне сұралған анықтама келеді.

Ескерту: егер азаматтың атына анықтаманы алуға заңды тұлға немесе мемлекеттік орган сұраныс жасаса, олар оны өзінің ЭЦҚ-сымен растауы қажет.

Сарысу аудандық ХҚК болім Басшысы Аманкулов К
26.09.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5021
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5185
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20139
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18784
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22242