Желтоқсан қаһарманы Светлананың жанайқайы

Желтоқсан қаһарманы Светлананың жанайқайы

Атақты Гарвард университетінің маңдайшасында:

 «Алла бермегенді Гарвард бере алмайды» деген жазу бар екен.

Бірде газет беттерінен осы жолдарды оқып, ойға қалдым. Иә, шындығы сол. Әу баста-ақ, Жаратушы Иеміз пендесіне ерекше қасиеттерді аманаттап беретін көрінеді. Ол адам жақсы қасиеттерімен қоғамға, жүрген ортасына пайдасын келтіріп жатса, яғни Алла берген аманатты қарызым және парызым деп түсініп, өз дәргейінде орындап жатса, қанекей! 

Әңгімені әріден бастайын. Қазағымның жерінің қай мекенін алсақ та, сөз етсек те әңгіме таусылмайды, өзінше құнды, қадір-қасиеті де жоғары. Айтпағым, сондай киелі жердің бірінен саналатын Тараз топырағында дүниеге келген жаны жайсаң жақсы адам жайында сөз өрбітпекпін. 

«Бір қозы туса, бір түп жусан артық шығады» деп ырымдайтын қазақ атам баланың көп болғанын қалайтын халық қой! Осылайша, қарапайым отбасында он баланың ортаншысы болып Светлана Кеңесқызы желкілдеп, жеті қыздың бірі болып бойжетеді. 

Әкесі марқұм Кеңес атамыз белсенді, білімді де білікті басшы, партия қызметіне берілген, тік сөйлейтін турашыл, шындықты қалайтын, мінезді де қатал, талап қойғыш адам болады. Алайда жан-жағына жүрегі нәзік, мейірімді әке, бауырмашыл туыс болып ғұмыр кешеді. 

Светлана Кеңесқызы: «Әкемнен ауыл адамдары қатты қаймығатын, алдын кесіп өтпейтін. Анамыз әкемізді ерекше құрметтейтін-ді. Бізге тұлға ретінде, құрметпен үлгі етіп көрсететін», – деп еске алады сағынышпен сол жылдарды. Иә, айта берсек, ардақты әкесі туралы естелік жетерлік. Оқушы Света қыз мектепте оқу озаты болады. Ал әкесі үздік оқушының ата-анасы ретінде тек Президиумда ғана отыратын-ды.

Сөйтіп, 1983 жылы қаршадай қағылез қыз Светлана өзі алғаш рет студент болсам деген арман жетегімен сол кездегі бас қаламыз делінетін Мәскеу топырағына топ ете түседі. Бұл бастама бұнымен шектелмейді. Бұйрық деген қандай, жатақханада әртүрлі ұлт өкілдерінің (орыс, украин, гагауз, молдован) қыздарымен бірге тұра бастайды. Арада аз уақыт өте сала аяқ астынан Ереван Политехникалық институтына бөлініп, армян жастарының арасына келіп қосылады. Ереван жері – басқа болмыс, бөтен жер. 

«Бесіктегі баланың би боларын кім білген?» – деген осы-ау! Сонау студенттік шағында-ақ, өзге тілді жат жерде жүріп, группада (студенттер арасында) профком, яғни кәсіподақ ұйымын басқарады. Кейін Қазақстан төрінде республика деңгейіндегі кәсіподақ төрайымы сатысына дейін көтерілетіні ол кезде өрімдей жас қыздың қаперінде де болмаған-ды.

Туған жердей жер қайда, туған елдей ел қайда?! Туған топыраққа деген сағынышты айтсаңызшы! 1985 жылы Алматы технологиялық институтына ауысады. Тарихта ойып орны қалған 1986 жыл келеді. Жанып тұрған жас кездері. Отаным, жерім, елім, қазағым үшін отқа да, суға да түсуге дайынбыз дейтін шақтары еді. Бір топ құрбыларымен еліміздің егемендігі, болашағы үшін үн қосып алаңға шығады. Сол күні бес қызды (бірін-бірі танымайтын) тәртіп сақшылары бас салып ұстап алады да, жазықсыздан-жазықсыз КГБ бөліміне әкеліп, қамап тастайды. 

«Әлі есімде, түнде түсімнен шошып оянамын. Күндіз сол күнгі қанды оқиға көлбеңдеп көз алдымнан кетпейді. Көрер қызығым бар екен. Жақын жездем жанталасып жүріп абақтыдан босатып алды», – деп, әлі де еңсесі түсіп еске алады жаужүрек қыз.

Көп нәрсе ұмытылды, соққы тиген баста не сақталсын?! Ең сорақысы – жазықсыз жандар жұмыстан қуылды, студенттер оқудан шығарылды. Солардың қатарында Светлана Иманқұлова да бар еді. Осылайша, әзер жеткен еліндегі оқудан шығарылып кете барды. «Қол сынса, жең ішінде» демекші, өз туған топырағында жүргенін қанағат етті. 

1987 жыл қуанышын ала келді. Жан жары Болат екеуі қол ұстасып, Қырғызстанға қоныс аударады. Баяғы, ескі жараның аузы қайта тырналып, «Желтоқсан ызғарынан» бас сауғалап, көрші қырғыз жерін паналауға тура келеді. Қырғызстанда тұрған жылдары заңгер мамандығын оқып, білім алады. Астана қаласында осы сала бойынша магистрлікті аяқтайды. Білім еш көптік етпейтінін терең түсінген Светлана Кеңесқызы Санкт-Петербург қаласындағы Гуманитарлық университетті аяқтап, еңбек инспекторы мамандығын игереді.

Олар 2005 жылы елге оралады. Арада жылжып жылдар да өтті. Енді ғана іргетасы қаланып жатқан елорда төрінде Светлана Кеңесқызының басынан біраз қиындықтар өтеді. Ол ұзақ әңгіме. Қыстыгүнгі қақаған - 400С аязда Қарағандыдан қатынап жұмыс істеді. Осы бір аязды күндер де өз шуағын шашты. Астана қаласы бойынша мәдениет саласының кәсіподақ қызметін басқару ісі сеніп тапсырылды. 

«Бәрін нөлден бастауыма тура келді. «Жомарттың қолын жоқтық байлайды» деген, не қаржы жоқ, не баспана жоқ, қаланы жаяу шарлап, қызу жұмысқа кірісіп кеттім», – деп өткенді еске алады қажырлы қоғам қайраткері Светлана Кеңесқызы.  

Кәсіподақ ісін жетік меңгерген басшы ретінде ол ең маңызды жұмыстардың іске асуын, әлеуметтік әріптестікті, еңбек адамының жағдайын жасау, өндірістік кеңестің жұмысын қадағалау, кәсіподақ мүшелеріне барлық мүмкіндіктерді жасау, салалық келісім мен облыстық келісімдердің заң талабына сай болуын қадағалау және т.б. жоспарланған нәрселердің бәрін іс жүзіне асыру үшін тынбай еңбектену керек екеніне баса назар аударады.

«Қоғамдағы келеңсіздікті көріп, жүрегіндегі жанайқайын, көкейіндегі күдігі мен көңілі толмайтын қоғамдағы жағдайларды жасырғым келмейді. Қарапайым адамдарды ойлап жатқан ешкім жоқ. Айнала толы мастанған жемқорлар. Айлығы аз, көше кезіп пәтер іздеп жүрген жандарды көргенде жүрегім сыздайды, өзегім өртеніп, өткен өмірім есіме түседі», – деп қынжылады Светлана Кеңесқызы. 

БАҚ беттерінде жарияланған «Қызым, саған айтам» деген мақаласында былай ой толғапты: «Елдіктің жаңа сатысына көтерілуіміз керек. Ат үстінде тізгін ұстаған    ер-азаматтардың амандығын тілейік! Өзіңді, қазақ, өзің жарылқамасаң, сырттан бөтен жұрт бөліп алмаса – бүтіндемейді, қисайсаң – көтермейді, бүлінсең – түзетпейді, соны түсінейік». 

Иә, Светлана Кеңесқызының жанайқайын әрі қарай өрбітер болсам, әлемді азғындық жайлады. Ал, азғындықты ауыздықтайтын – тек имандылық. Негізінде, жасаған жақсылығымыз тек өзіміз үшін емес, қоғам үшін болса игі! Қашанда қоғам жақсылыққа мұқтаж. Светлана Кеңесқызының халық үшін жасаған жақсылығы сол – табысы аз, жағдайы төмен отбасылар үшін жоғарыдан жәрдемақы сұрап өтініш жасауы. Халық мұқтаж болған нәрселер үшін басқосу, отырыс, жиындарда жағасын жыртып, жалақыны көтеру мәселелерін билік басындағыларға жеткізуі, есігін қағып өтініш жасауы барша әріптестеріне мәлім. Кәсіподақ жұмысын жандандыру мақсатында Қазақстанның төрт бұрышын түгел аралап, шапқылап жүргеніне басшысынан бастап, қосшысына дейін куә. 

Кәсіподақ жұмысын атқаруда үлкен жауапкершілікті арқалаған Светлана Кеңесқызы – аяулы ана, адал жар, әдемі әже, сенімді дос, жанашыр жан, білгір де білікті маман. Ел жанашыры ретіндегі еңбегіне табыс, абырой тілейміз. Елі үшін ерінбей, халқы үшін қалтқысыз қызмет атқара беретініне кәміл сенімдіміз. 

Рыскен ӘБІШЕВА, ардагер ұстаз, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі
04.11.2022

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДА КҮЗГІ КӨШЕТ ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 132
ТҮРКІСТАН: Р.СЕЙТМЕТОВ АТЫНДАҒЫ ТЕАТРДА БИЫЛ 130-ҒА ЖУЫҚ ҚОЙЫЛЫМ ҚОЙЫЛҒАН
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 03.12.2024 16
МӘСКЕУДЕН ТҮРКІСТАНҒА НҰРТАС ОҢДАСЫНОВТЫҢ ШАПАНЫ МЕН КІТАПТАРЫ ӘКЕЛІНДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 68
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУДЕН НЕГІЗСІЗ БАС ТАРТУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 03.12.2024 62
ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯНЫҢ ТҮРКИЯҒА ІССАПАРЫ БАРЫСЫНДА 9 МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 47
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 464
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 432
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 456
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 448
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 446
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 463
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 453
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 646

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9688
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9067
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12301
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 10072
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11281