Желтоқсандағы сатқындық

Желтоқсандағы сатқындық

 

Әңгіме

     -Кешір! Кешірші, қарындасым! Өлме! Өлмеші, өлмеші...! жалынышты дауыс өзегімді өртеп, құлағымды шыңылдатып жіберді. Жан тебірентерлік осы сөздерді соншалықты нәзік сезіммен айтқаннан соң әлгі кісі өксіп-өксіп жылады. Жігіт пе, қыз ба дауысынан айыра алмайсың. Шырылдаған жағымсыз үн. Бірақ жылаған кезде ара арасында қасқыр сияқты ұлыған үн шығарады. Осы үрейлі үн ғана оның еркек екенін аңғартты. Жақсы егде тартып алған әйел маған өзі кінәлі кісідей ыңғайсыз күйде қарады. Жасы елуге жетпес ол маған жетпістің о жақ бұ жағындағы кәрі кемпірдей көрінді. Ол да егіле жылап тұр. Көлдей орамалы талай мәрте ащы жасқа шыланған-ау шамасы, өте тозыңқы.

    - Қайтейін, бауырым ғой. Сізді мен мұнда алдап әкелдім. Биыл осылай кіресілі, шығасылы болып жүргеніне отыз жылдан асты. Оны жынды деуге болатын шығар. Осы сөздерді айтады да еңіреп жылайды, жылайды келіп! Кейде ұзақ, кейде келте. Алғашқыда жұбататынбыз. Кейін бұған да үйрендік. Осыдан кейін бірнеше күнге жаны тыныштала ма білмеймін, жайбарақат жүреді. Сап-сау. Жұмыстарын әп-әдемі істейді. Көп сөйлемейді. Өмірінде бір көңілденіп күлгенін көрмеппін. Тұнжыраңқы күйде жүреді де қояды.

    - Сонда бұл ұстамасы аяқ астынан ұсмтай ма? Қалай, құлап қала ма?-Келіншектің сөзін орман белінен үзіп осы сауалдарды қойдым.

    - Құламайды, жүріп келе жатса кез келген шерге жүрелей отыра қалады да әлгі сөздерді қыз тура алдында тұрғандай жалынып айта бастайды. Жатса жантиаласа ұшып тұрады да жүрелейді. Ең соңында қос қолымен басын қапсыра ұстап ұлып, жылайды.

    - «Қарындас» дегені кім? Аты-жөні бар ма? Өзіңіз бұл азаматтың кімі боласыз?-Менің бұл сұрақтарыма келіншек сәл ойланды да, жауап берді.

   - Мен туған қарындасымын. Ал бұл «қарындасының» кім екенін алғаш сұрағанда қатты ашуланды. Содан соң іле шала ұстамасы ұстап қалды. Тағы да сұрауға қорықтық. Бірақ «Желтоқсан оқиғасы... Қан! Қан! Жүрек!» деген сөздерді ұйықтағанда сандырақтап жиі айтады. Оның шет жағасын бағана сізге айттым. Соған қарағанда Желтоқсанға қатысқан қыз ба деп ойлаймын. Себебі ағам сол кездепрі Алматыда әскерде қызмет етті. Ауырып әскерден ерте қайтқанын білемін. Неде болса да бар құпиясын сізге айтатын шығар. Талай жыл сақтап келген ағамның құпиясы ашылып, сауығып кете ме деген үмітім бар.

    Рас, мен бар бол,аны журналистпін. Бұл әйел аудандық «Нұр Отандағы» үлкен жиналысқа бізбеен бірге қатысты. Қарапайым еден жуушы. Сірә, жиналысқа адам санын көбейтіп отырсын деген оймен қатыстырған болар. Жиналыста ауыл туралы жақсы әңгімелер негізгі баян сөзді мен айттым. Жиналыс бітіп шертілді, жұрт аяғы сирегенде маған көнетоз қызыл палтолы, басында көк шәлісі бар осы әйел келіп жолықты, жүзінде мұң бар.

    -Сізге бір өтінішім бар еді,-деп бастады ол әңгімесін.-Бір адамның тағдыры сіздің қолыңызда тұр. Ол кісі сізбен тікелей сөйлескісі келеді. «йтпесе ол адам өліп кетуі мүмкін.

    Мен мына сөзге елең етіп, тағданып қалдым.

    -Ол кісі мені қайдан біледі?-дедім жұлып алғандай. Әйелдің тұнжыраңқы жүзі селт етпейді. Иығын қиқаң еткізіп:

    - Оны өзінен сұрауыңызға болады. Мен женткізушімін ғана. Бармасаңыз өмірбақи өкінуіңіз әбден мүмкін. Сірә, менімен бірге ол кісіге барғаныңыз жөн,-деді кесімді түрде. Басымды шайқап тұрдым-тұрдым да, оған сауал тастадым.

    - Кім ол? Не үшін өлгісі келеді?-Әйел үнсіз сәл тұрды да:

    - Менімше ол кісі Желтоқсан оқиғасына қатысқан. Содан рухани жарақат алған. Ал сіздің бұл оқиғаға не қатысыңыз барын білмедім.

    Уақытым тым тығыз еді. Бару, бармау жөнінде мына үрейлі сөзден кейін бас қатырудың өзі әбес болатын. Себебі бір адамның тағдыры менің қолымда тұр ғой. Жанымда бұл әңгімені тыңдап тұрған партияның қызметкері келіншек маған сезіктене қарағандай болды. Мен оған қарадым. «Не істейміз?» демекші едім. Ол кісі сезімтал екен.

    - Баруыңыз керек. Ол қайда тұрады?-деді әйелге қарап. Еден жуушы әйел қуанып кеткендей көрінді.

    - Аса алыс емес. Жүріңіздер ертіп барайын.

    - Аға, сізді мен осы жерден күтейін. Менің машинаммен барып келіңіз.

    - Кеттік, бастаңыз!-Шешімді шұғыл қабылдап, әйелге жол сілтедім...

    Енді міне ұлып жылап тұрған кісінің бөлмесінің есігінің алдындамын.

    -Кешіріңіз, аға! Амал жоқ осы әдіске бардым. Талай журналистерге өтініш еттім. Келмеді. Өйткені олардың да сіз сияқты, уақыты жоқ. Ал ағамның өтініш айтқанына бір жылдан асты. Енді не істеймін? Ағам көз алдымда уақыт өткен сайын күзгі жапырақтай солып барады. Қалайда бірдеңе істеу керек болды? Журналист екеніңізді алдын ала біліп, жиналысқа арнайы қатыстым. Ауыл туралы әңгімеңіз ұнады.-Әйелдің жүзі төменшіктеді. Тағы да жылап тұр. Бауырына деген махаббатына ризашылығым оған ұрсуға кедергі жасады. Үндемедім.

    - Әні ағавм үндемей қалды. Яғни өз өзіне келді деген сөз. Мен кіріп шығайын.-Әйел менің сөзімді күтпей бөлмеге кіріп кетті. Мен іштей қорқып, үрейленіп тұрмын. Көп өткен жоқ. Әйел асыға шықты.

    - Бәрі жақсы. Ағам қазір киініп шығады. Жүріңіз залға барайық. Дастархан дайын. «Қуыс үйден құр шықпа! Деген ғой бабаларымыз. Шәй ішіп кетіңіз. Бір жағынан ағамның құпия сырын да тыңдайсыз.-Әйелдің тұнжыр қабағы жазылып, көңілденген сияқты көрінді маған.

    Залда шынында да дастархан жасалынып қойылыпты. Қу әйел бұл кездесуге алдын ала дайындалған тәрізді. Бөлме салқындау. Желтоқсан айының басы. Шығыстың ақтүтек боранды аязы басталып жатыр. Түнде Алматыға баратын ұшаққа билетім бар. Алдымен Қалбатаудан Өскеменге баруым тиіс.

    -Көмір жағамыз. Қаражалдың көмірі өте қымбат. Ағамның мүгедектікке төлейтін ақшасы мен менің азын аулақ айлығым ештеңеге жетпейді. От жақпасақ және болмайды-деп әйел өзінің жеке жағдайын айтып шағынды. Мен басымды изесем де үндемедім.

    - Әне, келе жатыр. Мен ертіп келейін,-деп ол жылдам шығып кетті. Жүрегім өрекпіп, үрей иектегендей болды. Әрине іштегі толғанысымды басып, сабырлылық сақтауға тырыстым. Оның алдымен таяғы кірді. Сәт өтпей орақ мұрынды, көздері қызарыңқы, жүзін әжім шимайлаған төртпақ денелі, шашы қудай адам талтайып маған қарап тұрды. Біртүрлі сынай қарайтындай. «Осыған сыр айтуға бола ма, болмай ма?» дегендей.

    - Сәлеметсіз бе?-Дауысы шынында да жіңішкелеу екен.

    - Сәлем!-дедім мсен мейлінше еркін де ашық, ақжарқын көрінуге тырысып.

    - Аға, қысылмаңыз. Сізге айтқан журналист аға осы кісі. Әңгімелесу үшін арнайы келіп отыр.

    Жайбарақат түрін көріп жүрегім орныққан мен оған қарсы жүрдім. Ол да маған қарай бір-екі қадам жасады. Аяқтары өзіне бағынбайтындай көрінді. Таяғын сол қолына ауыстырып оң қолын ұсынды. Құрмет көрсетіп оның арық қолын сәл қысыңқырап білінер білінбес етіп сілкіп-сілкіп қойдым. Бұл-көңілі жарымжан адамды демеу ретінде қолданылған әдісім еді. Байқаймын оның тұнжыраңқы әжімді жүзіне сызаттап күлкінің нышандары жүгіргендей болды.

    -Менің атым Тайыр,-дедім осы сәт жөпелдемете сөйлеп. Ол сасып қалды.

    - Мен...мен..Мишамын. Жо-жоқ, Мейрам, Мейрам!-сөздерін ежіктеп әрең айтты. Осы бір тосыңқы жағдайдан құтқарғысы келді ме, әйел:

    - Қанеки, мырзалар, дастарқан басына жайғасайық. Қанеки, қанеки қысылмаңыздар!-деп дабыстай сөйлеп, ағасының қолтығынан демеді. Мейрамс екеуміз қатар жайғастық. Қолдары болар-болмас дірілдеп тұрды. Толқып  отыр білем...

    Дәл осы мезетте бейтарап әңгіме қажеттігін сезініп келген сапарымның мән-жайын қысқаша тәптіштей баяндадым. Мейрам көп сөйлемеді. Көпке дейін мен сұрақтарыма қысқа-қысқа жауап бергені болмаса шешіліп кетпеді. Әрине, «шақырған сен, жауап берсең бер, бермесең қой» дегендей кейіп танытуға болар еді. Бірақ мен жазушымын ғой. Арнайы келген соң кейіпкерімнің құпиясын тыңдауға құштар екенімді несінек жасырайын. Ақыры ол сәттің де мүмкіндігі туды. Ол түйінді шешпей Мейрамның өзі. Көп ойланып, толғанғаны, ішіндегі жылдар бойына жиналған барлық құсасын біржола төгіп жеңілдегісі келетінін байқадым. Ол алдымен өзінің соншама жылдар бойына сақтап келген сыр-қоймасын жайлап ашқандай болды. Әрине, ол іштей өзін қанша қайраса да әбден басылып, жаншылып қалған көңіл еркіне бағынбай тұрғанын сездім. Сездім де дәл осы сәтте батыл қадам жасап оның көңіл пернесін дәл басуға тырысып, жігеріне жігер қосқым келді.

     -Менің сізді шақырғанымның мәнісін қарындасым шет жағасын айтты ма, айтпады ма білмеймін. Бірақ бүгін және дәл қазір бар жиған-терген ойымды жеткізгім келеді,-деді Мейрам біздің сөз арнамызды негізгі мәселеге аударғысы келіп. Мен оның ниетіне қатты қуанып кетіп, сөйлеймін дегенше қарындасы киіп кетті.

    - Ағатай, қысылмаңыз айтыңыз. Бұл кісі іссапарда жүр. Сонау Алматыдан келіп отыр. Арнайы сізге келді.-Қарындасының осы жерде ағасының сөзін іліп кеткені маған үлкен демеу болды.

    - Мәке, қарындасыңыз дұрыс айтады. Бар зейінім сізде,-деп мен сәл бөгеліс жасап іле сөзімді тез жалғастырдым.-қолымнан келгенін аянбаймын. «Айтылмаса сөз жетім» дегендей іштегі запыранды төкпесе ол жазылмас ауруға ұшыратады. Сіздің ішіңізде не барын, қандай сыр жатқанын білмеймін, бірақ қысылғанда айтқан бірнеше сөзіңіздің батпандвай ауырлығын сезгендеймін. Кім, кім ол қарындасыңыз? Ол неден өліп барады? Менімше сіз төгетін запыран осыдан басталатын сияқты.

    Басын төмен салып отырған Мкйрам селт ете қалып, маған бағжия қарап қалды. Бір сөзден жаза басып кеттім бе деп қабыжықтап қалдым. Ауырып қалама деп қорыққан болуы керек қарындасы қолындағы шай толы кесесін жерге түсіріп алды.

    -Ойбай, не істедім? Кешріңіңздер, кешіріңіздер мен қазір тез жинаймын,-дей беріп, сынған кесенің сынықтарыне тез-тез жинай бастады.

    - Оқасы жоқ, шынының сынғаны бәле жаланың кете бастағаны,-деп мен де бұл оқиғаны жақсылыққа бет бұрғансыдым.

    Маған бағжиып қараған кейіпкерімнің назары да осы сынған кесеге ауғанын байқап отырмын. Шынында да мұны жақсылыққа баладым.

    -Тайыр бауырым! Бұл кесе босқа жерге түсіп сынған жоқ. Менің бар абыройым кезінде осылай төгіліп, болашақ өмірім сынған кеседен қайта шамалмастай быт-шыт болды.

    Енді мен мына теңеуге селт ете қалып, Мейрамға таң қала қарадым. Недеген ғажайып теңеу! Дәл де нақпа нақ үйлесім. Ештеңені алып қоса алмайсың. «Қой, өйтіп айтпа! Бәрі дұрыс болады» деп оны жұбата да алмадым. Әйел өз ісімен әуре. Шылдырлатып кесенің сынықтарын жинап күйбеңдеп жүр.. М ейрам үлкен арналы әңгіме шертуге дайындалғандай ауаны кеудесін кере жұтып, маған бұрылмастай әңгімесін бастады.

    -Желтоқсан көтерілісін сен білетін боларсың?-Әңгімесін үзді.

    - Білем, білем.-Осы сәтте қарындасының «Желтоқсанға қатысты болуы керек» деген сөзі есіме сарт ете түсті.

    - Білсең бұл көтеріліс кімнің кім екенін, өз ұлтын, елін сүйе ме, сүймей ме, ол үшін күресе ала ма, алмай ма деген сауалдардың жауаптарын беріп, ара жігін ашты. Көтерілісті сырттан бақылап, үйлерінде тығылып жатқандар қаншама! Тағы да біреулер болды. Олар көтеріліске шыққан батырларды жазалауға шімірікпей қатысып, сатқындық жасады. Сатқындық! Иә, оларды мен осылай атаймын. Олар сатқындар! Өзінің ұлтына, қаракөз бауырларына қарсы шыққан зұлымдарды не деп айтамыз?

    Бәріне кінәлі мендей Мейрам маған қаһарлана қарады. Мен сасқалақтап оның қарындасына жалтақтадым.

    -Міне, нағыз сатқындар солар! Мен де сол сатқындардың бірімін. Мен зұлым болдым! Өз бауырыма, оның ішінде өте әлсіз қызға, қарындасыма қол көтердім. Тек қол көтергенім жоқ, оны өлтірдім. Білесің бе, оны мына оңбаған қолдарыммен күрек ұстап басын шаптым. Миын ақтардым. Мен зұлыммын! Мен жауызбын! Отыз жылдан бері мен сол бейкүнә қарындасымнан кешірім өтініп келемін. Бірақ ол кешірмейді. Себебі менің істеген жауыздығым ешқашан кешірілмейді. Ол менің миымнан содан бері ешқашан шыққан емес. Ұйықтасам да миы ақтарылған күйі маған қарап тұрады. Оны мен күн сайын түсімде көремін. Маған ол маза бермейді. Мені жынды етті ол. Менің жазам осы! Мендей зұлымға, жауызға сол керек! Со-ол, сол керек! Шіркін-ай, менің басымды жаратын адам табылып, миымды шашса рахаттанар едім. Мен бүйтіп өмірбақи қиналмас едім. Жаным тыныш табар еді. Жо-жоқ, маған осы жаза лайық. Кісі өлтіргенім үшін мені соттап, түрмеге қамау керек еді. Бірақ ол әділ жаза емес! Білесің бе, ән, журналист ол әділ жаза емес, жаза емес. Менің жазамды Алланың өзі берді. Ар соты мені соттап, жазасын берді. Маған сол керек! Сол, со-ол!-деп Мейрам пулемет тәрізді төккен сөздерін үзіп, басын жұдырықтармен аяусыз соққылай бастады.

    - Оның не? Қой, қой! Тоқтатшы, есіңді жишы, Мейрам аға!-деп қарындасымен екеуміз екі жақтан оның өзін өзі соққылаған қолдарын ұстап, тоқтатуға тырыстық. Ол біршама уақыт өзі өзіне келе алмады. Сабасына түскен соң қарындасы тарақ әкеліп дода-дода болған Мейрамның шашын тарады.

    - Кешіріңіз, аға! Осындай ұстамсыздығым бар. Сізді шақырып алып, анайы мінез көрсеткенім дұрыс болмады. Кешіріңізші,-деп Мейрам маған қос қолын ұсынып, қалт-құлт етіп орнынан тұруға тырысты.

    - Тұрмай-ақ қой. Кешірім де сұрама! Тек сенен өтінерім болған уақиғаны байыппен айт. Өткен іс өтті. Өкініп отырсың. Ішіңде жылдар бойына айта алмай келген ащы сырыңды айтқың келеді. Мен оны түсіндім. Желтоқсан көтерілісі кезінде жасаған оқыс әрекетің өмір бойы ар-ұжданыңды қозғап, маза бермей келеді. Өткенді қайта оралта алмайсың, бауырым! Әбемтік жасадың ба, жауап бересің. Оны ар соты дейміз бе, әлде заңдық тұрғыдан жаза қолданыла ма оған неде болса да уақыт төреші. Ең бастысы Алланың алдында жасаған күнәлерымыз үшін бәріміз жауап береміз. Алла кешірімді. Сен өзің жасаған күнәң үшін қатты өкінесің. Кешірім сұрағың келеді. Кешірім сұра! Жүрегіңмен сұра! Ал сөз тізгіні өзіңде. Сөйле, Мейрам! Қысылма!-деп мен ағалығымды білдіріп оған жігер бере сөйледім. Мейрам әрбір сөзіме басын изеп, құптап отырды. Жүзіне сенімділік ұялағандай болды.

    - Ағатай, рахмет сізге. Менің көзімді аштыңыз. Жаным жай тапты. Сіз сөйлеп жатқанда мен не айтатынымды жұптап қойдым. Ал онда маған рұхсат етіңіз, әңгімемді бастайын.

    - Рұхсат, рұхсат! Баста, Мейрамжан!

    - Жаңа қызуқанды әңгімемнен аңғарған боларсыз. Біз баринаданың аржағында болып, алаңға келген қазақ жастарына қарсы тұрдық. Конев атындағы училищеде оқып жүрдік. Алматыда екі апталық полигонда едік. Бір күні дабыл үні құлақ тұндыра гуілдеп бізді сапқа тұруға шақырды. «Не боп қалды? аяқ астынан» деп жанталаса сапқа тұруға асықтық. Кезекші айқайлап тұр: «Дауыл көтерілді! Тез сапқа тұрыңыздар!» Жүгіріп келе жатып кезекшіден не болғанын сұрадық. «Сендердікі көтеріліп жатыр!» деді ол маған жақтырмай қарап. БМВ-інің бірнеше топтары бар.  Оларды «Көкшетай қасқырлары» деп атайтын. «Солар емес пе екен» деп ойладым. Сап алдында тұрған офицерлердің жүздері әдеттегіден қаһарлы көрінді.

 

 

11.01.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 104
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 104
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 623
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 741
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 653
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 662

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8796
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8197
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11424
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9178
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10410