Жемқорлықпен күрестегі АҚШ үлгісі

Жемқорлықпен күрестегі АҚШ үлгісі

Соңғы уақытта еліміздегі құрығы ұзын мекемелердің бірі – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі таратып жатқан ақпараттар халықты таңғалдырумен келе жатыр. Оған себеп «шапса қылыш, атса оқ өтпейтін» небір дөкейлердің аталмыш мекеменің тұтқынына айналып, абақтының тар есік, тас босағасын аттауы еді. Оған дәлел – бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтің туысы Қайрат Сатыбалдыұлының тұтқындалуы әрі оған қатысты ірі көлемдегі мемлекет қаржысының қолды болу фактілері, «13 млрд теңгеден астам қаржыны жымқырды деген күдікпен «ӨКМ Операторы» ЖШС бұрынғы Басқарушы директорының ұсталуы» сынды күн сайын жұртты елеңдетіп жатқан хабарлар дер едік.

Өзара ынтымақтастық орнайды

Аталмыш мекеменің көңіл аударған тағы бір жаңалығы 5 сәуір күні жарық көрді. «Қазақстан мен АҚШ сыбайлас жемқорлыққа қарсы ынтымақтастықты нығайтуда» атты материалды жақсылап қарап шықтық. Өйткені жемқорлықпен атағымыз аспандап тұрған біздің ел үшін, бұл жағында толағай табыстарға жетіп отырған өркениетті елдің тәжірибелерін қабылдау ауадай қажет екені түсінікті болса керек. Таратылған ақпаратта былай делінген: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектенов пен АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігінің Уақытша Сенімді өкілі Джуди Куон арасында кездесу өтті. Тараптар елімізде жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформаларды және АҚШ-тың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне көмек көрсету бағдарламаларын талқылады. Агенттік басшысы 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Тұжырымдамасында белгіленген басымдықтарға егжей-тегжейлі тоқталды. Өз кезегінде АҚШ дипломаты Агенттіктің ашықтығын атап өтіп, ынтымақтастықты күшейтуге дайын екендігін білдірді. Тараптар мемлекеттік сатып алулардағы сыбайлас жемқорлықты анықтау үшін жасанды интеллект жүйелерін әзірлеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа тетіктерді әзірлеу мәселелерін талқылады. Өткен жылы қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздігі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясының негізгі мүдделерінің бірі деп тану туралы Меморандумды ескере отырып, америкалық тарап Қазақстандағы осы бағыттағы реформаларға жәрдемдесуге дайын екенін білдірді. Кездесу соңында тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға келісті. Бұл жұмыстың маңызды құрамдас бөлігі ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап Агенттік қызметкерлерін оқытуды қамтитын екі жылдық жобаны іске асыру болады», – делінген ресми ақпаратта. Бұдан түсінгеніміз біздің ел жемқорлықпен күрес мәселесінде өзара ынтымақтастықты тереңдетуге ниетті әрі қаз а қ с т а н д ы қ қызметкерлерді АҚШ-қа барып арнайы білім алу, тәжірибе жинақтау мәселелерін қарастыратын болмақ.

АҚШ бұл жетістікке қалай жетті?

Жаңа құрлық ашылып, еуропалықтар жаппай қоныс аудара бастаған бірнеше ғасыр ішінде, жер шарының арғы бетінде не түрлі зұлымдық пен қылмыстың алуан түрі туылып, жаңа топыраққа орын тепкен адамдар бұл арадан өз ұжымағын орнатуға бел шеше кіріскен еді. Тарих көші алға жылжып, ақыры Америка Құрама Штаттары атты мемлекет бой көтерді. Ол біртіндеп дами келе әлемнің алпауытына айналды. Қазір әлемнің сақшысы да, керек десеңіз күллі адам баласына «өнеге мен өнер шашушы» да бір өзі болып отырған жайы бар. Көзімен көргендер ол елде жемқорлық деген атымен жоқ десе, жағасын ұстайды екен. Ендеше осындай «тазалыққа» АҚШ қоғамы қалай қол жеткізді деген сұрақтың туындайтыны белгілі. Біз ғаламтор беттеріндегі қолжетімді материалдар негізінде, ақ тәнділердің жүріп өткен жолына көз жүгіртіп көрдік. Қарап отырсақ Америка құрлығының отарлану дәуірі (1492-1763) мен 1776 жылдан бастап ХХ ғасырдың бас кезіне дейінгі аралықтағы индустрияландыру кезеңінде АҚШ- жемқорлық пен шіріктесудің тұтас дәуірін бастан кешкен екен. Дегенмен сондай былықтың бетін жуып, біртіндеп қоғамды бұл дерттен арашалап қалған АҚШ тәжірибесі кімді болса да қызықтырмай қоймайтыны белгілі. Қазіргі таңда АҚШ-да заңның үстемдігі жоғары деңгейде дамыған ел ретінде әлемге танылып отыр. Оның саяси, экономикалық, мәдени және әскери күштері әлемді жетекші орындарға көтерілгендігін барлығы мойындап отыр. АҚШ қоғамындағы заңның үстемдігі мен жемқорлықтың алдын алу, болдырмау секілді маңызды түйіндерін зерттеген әлеуметтанушылар, АҚШ-да бұл мәселенің екі негізгі қағиданың көлемінде шешім тапқанын жазады. Оның бірі – Адамгершілік қағидасы болса, екіншісі-заңның үстемдігі деп қараған. Адамгершіліктің өзегі адам болмысының көрінеді. Християндық сенімдегі «Моральдық бастапқы күнә теориясы» АҚШ-т ы ң сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресінде өте маңызды орын алады. Америка Құрама Штаттарының қоғамдық мәдениеті еуропалық негізде қалыптасқандығы белгілі. Ал християндық діни сенім Құрама Штаттар қоғамында ықпалы аса зор рухни тірек есептеледі. Сондықтан да американдықтар танымында діни сенім адамгершіліктің инкубаторы болса, шіркеу азаматтық тәрбиені жетілдіретін орталық, ал дін жалпы адамгершіліктің негізін құрайды деп санайды. Яғни күнәһар пенде болу мен тазару мәселесі айрықша диологиялық рөл атқарады. Осыған сәйкес, АҚШ-тың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйесі моральдық нормаларды сыбайлас жемқорлықпен күресудің негізгі шараларының бірі ретінде қарастырады. Фактіден кейін жазалауды емес, алдын ала ескертуді көздейді. Қазіргі американдық сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктер негізінен «мүдделер қақтығысы» төңірегінде құрылған. Мүдделер қақтығысының бастауы адамдардың өзімшілдік қасиетінде немесе зұлым адам табиғатында болады. Мүдделер қақтығысының концепциясында егер жеке тұлғаның қандай да бір саясатқа байланысты мүддесі болса, онда ол осы саясатқа қатысты шешім қабылдау мүмкіндігі туған кезде саналы немесе бейсаналық түрде қоғам мүддесі үшін емес, өз мүддесі үшін әрекет етуі мүмкін деп болжайды. Яғни қоғам үшін емес, қара басына бұра тартатын қадамдарға баруға бейім болады дейді. Америкалықтар мүдделер қақтығысын сыбайлас жемқорлықтың негізгі көзі ретінде қарастырады. Ендеше сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін алдымен мүдделер қақтығысын болдырмау керек. Осы себепті мемлекеттік этика бойынша заңдар мен нормативтік актілердің көптеген маңызды ережелері мүдделер қақтығысын болдырмауға арналған. Президент жарлығымен жарияланған Үкіметтік этика кодексі федералды шенеуніктер мен қызметкерлерге арналған этикалық кодекс болып табылады және кодексті бұзу сөгіс жариялауға немесе қызметінен шеттетуге әкелуі мүмкін. АҚШ-тың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресінің тағы бір өзегі – заң үстемдігі. Сыбайлас жемқорлықпен күресуге келгенде америкалықтар заңның үстемдігіне ерекше мән береді. Салауатты құқықтық және сот жүйесі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен жазалаудың маңызды жүйесінің өзегі болып табылады. Америка Құрама Штаттары батыс елдеріндегі мемлекеттік шенеуніктердің қылмыстарының алдын алу және жазалау үшін арнайы заңдар мен ережелерді құрастырған алғашқы елдердің бірі. Қазіргі таңда Құрама Штаттар елінде, сыбайлас жемқорлықпен істі болған адамдар қатаң жазаланады. АҚШ Қылмыстық кодексінің 201-209-ға дейінгі бөлімдері сыбайлас жемқорлыққа және мемлекеттік қызметкерлердің парақорлығына байланысты әртүрлі қылмыстар мен жазаларды қарастырады. Соның ішінде мемлекеттік қызметкерлерге пара беру, куәгерлерге пара беру, конгрессмендерге пара беру және заңсыз қылмыстардан басқа, мемлекеттік қызметкерлердің сыйақы алуы, конгрессмендердің және басқа да мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік істерге зиян келтіретін қылмысы, мемлекеттік қызметкерлердің жеке мақсатта қоғамдық қайырымдылық жасауы және үкіметтік емес көздерден сыйақы алатын мемлекеттік қызметкерлердің қылмысы және т.б. мәселелері өте қатаң жазаланатын қылмыстар қатарына енгізілген екен. Соның нәтижесінде АҚШ-тықтар жеке шаруасын бітіру үшін мемлекеттік қызметкерлерге пара беру дейтін келеңсіз жағдайды мүлде ұмытқан. Бұл олар үшін ең әуелі арға, адамгершілікке тірелетін қиянат болып есептелетін түсінік қалыптасқан.

Ынтымақтастықтан күтеріміз көп

Олжас Бектенов возглавил «антикор»Жемқорлыққа белшесінен батқан біздің елдің қанша қаражаты шетел банктерінде жасырынып жатқанын ешкім дөп басып айта алмайды. Сондықтан да біздің құзырлы мекемелерге шетелдік әріптестерімен өзара ынтымақтастық ауадай қажет екені анық. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Олжас Бектенов пен АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігінің Уақытша Сенімді өкілі Джуди Куон арасында кездесудің ары қарай дами беруі біздер үшін тиімді деген ойдамыз. «Елдестірмек елшіден» деген сөз бар. Елшілердің дәнекер болуымен әлем алпауытының бұл жақтағы мол тәжірибесінен үлгі алсақ, мемлекет қазынасының әрбір тиынын қадағалай алатын күнге де жетерміз деген үміттеміз.

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
07.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 196
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 190
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 699
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 822
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 735

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8891
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8286
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11514
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9270
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10498